Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Бізбен байланысу


Слоган: Сіз бизнеспен айналысыңыз, ал қалғанын біз реттейміз!

«Даму» Қоры шағын және орта бизнес өкілдеріне көмек ретінде үшдеңгейлі кешенді қызмет көрсету жүйесін:

1.     Облыс орталықтарында – Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО),

2.     Шағын қалаларда – Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (КҚО),

3.     Аудан орталықтарында - Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары (КҚМО) енгізеді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (КҚКО) барлық облыс орталықтарында және бизнес орталықтары көп шоғырланған ірі қалаларда ашылуда және кәсіпкерлерге «бір терезе» тәртібінде мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша бизнес-консалтинг және консалтинг бойынша толық қызметтер кешенін ұсынады. КҚКО-да консультацияны тек «Даму» Қорының қызметкерлері ғана беріп қоймай, сонымен қатар даму институттарының, қаржы институттарының, мамандандырылған консалтингтік компаниялар мен банктердің өкілдері де береді.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары (КҚО) ашылды және еліміздің шағынқалаларында жұмыс істеп жатыр.

Шағын қала дегеніміз бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке қабілетті халықтың негізгі бөлігі (20 және одан көбірегі), қағида бойынша, бір профильді және шикізат шығаратын бағыттағы бір немесе бірнеше қала құратын кәсіпорындарда шоғырланған, дегенмен қалада болып жатқан барлық экономикалық және әлеуметтік үдерістерді анық алатын қала.

Қазіргі кезде Қазақстанның 12 облысында 27 шағын қала бар.

КҚО консультанттары тұрғындардың келіп-кетуіне қолайлы жерде орналасқан. Әдетте, бұл - Халыққа қызмет көрсету орталықтарының немесе жергілікті атқарушы органның әкімшілік ғимаратының (әкімдік) жайы.

КҚМО – шалғай жатқан аймақтардағы кәсіпкерлерге барып, оларға ақпараттық және консультациялық қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін КҚО қажетті арнайы құралдармен жабдықталған КҚО автобустары.

КҚМО тобына КҚО консультанттарымен қатар, даму институттарының өкілдері (ҚазАгроФинанс, Аграрлық Кредиттік корпорация, Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры және т.б.), банктер мен жергілікті атқарушы органның (облыс әкімдіктерінің Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармалары және Жұмысбастылық пен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының) өкілдері де кіреді.

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында келесі қызмет түрлері көрсетіледі:

  • «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы және «Даму» Қорының өзге бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдауға ие болу үшін жеке консультация.
  • Кәсіпкерлер жобаларын, қажетті құжаттар тізбесімен, қаржыландыру үдерісі бойынша қадамдық нұсқау беру.
  • субсидияға, кепілдік және гранттарға қолжеткізу үшін егжей-тегжейлі консультация және қадамдық нұсқау беру.
  • КҚКО консультанттарының «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болу үдерісінде толық қатысуы.
  • банк өкілдерінен кредит ресурстарын тарту бойынша консультация алу
  • өзге қаржы институттарынан мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен құралдары бойынша консультация алу.
  • құжаттар мен анықтамаларды «E.GOV.KZ» порталынан ұсыну
  • микрокредиттік ұйымдардан «Жұмысбастылық -2020» бағдарламасы бойынша консультация.
  • бизнесті жүргізудегі проблемалы мәселелер бойынша консультация, рұқсат беретін құжаттамаларды рәсімдеуге көмек беру.
  • бухгалтерлік және салық есебі бойынша және статистикалық есептілік құру бойынша консультация
  • кеден процедуралары бойынша консультация.
  • менеджмент жүйесін енгізу бойынша консультация.
  • заң қызметтері мен бизнесті жүргізу мәселелері бойынша консультация;
  • маркетинг және бизнес – жоспарлау саласындағы консультация;
  • IT технологиялар саласы бойынша консультация;
  • Мемлекеттік сатып алулар бойынша консультация;
  • «Бизнес- Кеңесші» экспресс-курстарына жазу және КҚКО базасында облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Семей қалаларының тұрғындары үшін дәріс ұйымдастыру.
  • «Бизнес- Кеңесші 2» және «Жас кәсіпкепр мектебі» жобасы бойынша оқыту
  • «Топ – менеджментті «Назарбаев Университетінде оқыту»» және «Іскерлік байланыстар» бағдарламасына жазу.
  • семинарларда және тренингтерде профильді бағыттар бойынша оқыту.
  • Дәріс алғаны туралы сертификат алу.

 

КҚКО мекен-жайлары

Телефон нөмірлері

1

Алматы қ., Гоголь көш. 111

8 (7272) 44 55 66 (ішкі 405)

2

Қызылорда қ., Иван Журба көш., 12

8 (7242) 55-11-18, 55-11-19, 55-11-20, 55-11-21

3

Ақтау қ., 16 шағын ауданы

8 (7292) 70-10-51, 70-10-52, 70-10-53, 70-10-54, 70-10-55

4

Ақтөбе қ., Әбілқайыр хан даңғылы, 51/1

8 (7132) 70-38-10, 70-38-11

5

Астана қ., Қажымұқан көш. 8А

8(7172) 55-94-34, 55-91-99

6

Атырау қ., Азаттық даңғылы, 17

8 (7122) 55-80-91

7

Қарағанды қ., Құрылысшылар даңғылы, 4

8(7212) 55-90-22 (вн. 3571)

8

Көкшетау қ., Ақан Сері көш., 46А/1

8 (7162) 55-11-18, 55-11-19

9

Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 65

8 (7142) 99-03-00, 99-03-01

10

Павлодар қ., Короленко көш., 109

8 (7182) 70-38-10, 70-38-09

11

Петропавл қ., Абай көш. 80А

8(7152) 36-60-14, 46-79-86, 46-06-54, 46-07-73, 46-45-48

12

Семей қ., Абай алаңы 5

8 (7222) 60-00-50

13

Талдықорған қ., Төлебаев көш., 86

8 (7282) 30-84-37, 30-84-38, 30-84-39

14

Тараз қ., Желтоқсан көш., 94

8 (7262) 54-11-50, 54-11-51, 43-66-13, 99-94-70, 99-94-75

15

Орал қ., Чагано-Набережная көш. 84

8 (7112) 55-48-06

16

Өскемен қ., Жеңіс даңғылы, 6

8 (7232) 56-05-90

17

Шымкент қ., Рысқұлов көш., 8 А

8 (7252) 29-48-11, 28-32-90

18

Түркістан қ., Қожанов көш.,

7 +7 (7252) 99-70-49 ішкі 3956

Шағын қалалардағы Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары

КҚО шағын қалаларда көрсететін қызметтерінің түрлері:

  • Бизнесті ашу, жабу және жүргізу мәселелері бойынша кеңес беру
  • Қордың кәсіпкерлікті қолдау құралдары және бағдарламалары бойынша, сонымен қатар өзге де мемлекеттік қолдау бағдарламалары бойынша кеңестер.
  • қаржы институттарымен жұмыс жүргізу талаптарын түсіндіру және қолдау алу үшін құжат жинау бойынша кеңес беру.
  • бизнесті жүргізу мәселелері бойынша кеңес алу үшін өтінім жинау.
  • «Бизнес-Кеңесші», «Топ-менеджментті оқыту», «Іскерлік байланыстар», «Даму-Көмек» жобаларына, BAS Бағдарламасына және өзге бағдарламаларға қатысу үшін өтінім жинау.
  • даму институттарының, мемлекеттік және ұлттық компаниялардың, сервистік компаниялардың, екінші деңгейдегі банктер мен өзге ұйымдардың сарапшылары мен консультанттарын тарта отырып, топталып консультация және тренингтер ұйымдастыру

Шағын қала атауы

Байланыс телефоны

Консультанттар орналасқан жер

Абай

87213179028

ХҚКО ғимараты, Абай көш., 54

Ақсай

87113322010

Нұр Отан ғимараты, Железнодорожная көш.152/2 1 қабат

Ақсу

87183768050

ХҚКО ғимараты, Ленин көш., 10

Арқалық

87143075159

ХҚКО ғимараты, Абай даңғ., 62

Балқаш

87103675850

ХҚКО ғимараты, Бөкейхан көш., 20а

Жаңаөзен

87293493100

ХҚКО ғимараты, Шұғыла ш.а., №29А ғимараты, 2 –ші қабат

Жаңатас

87263461152

ХҚКО ғимараты, Жібек жолы көш., 1- үй

Жезқазған

87102778118

ХҚКО ғимараты, Момышұлы көш., 9а

Әкімдік ғимараты, Алаш хан даңғ., 1

Жетіқара

87143527868

ХҚКО ғимараты, Ленин көш., 108

Зыряновск

87233579119

ХҚКО ғимараты, Стахановская көш., 39

Қаражал

87103279021

ХҚКО ғимараты, Ленин көш., 18

Қаратау

87264461120

ХҚКО ғимараты, Молдағулов көш., 51

Кентау

87253630910

ХҚКО ғимараты, Яссауи даңғ., 85

Құлсары

87781143499

ХҚКО ғимараты, Бейбітшілік даңғ., 8

Курчатов

87225179101

ХҚКО ғимараты, Тәуелсіздік көш., 4

Лисаковск

87143338384

ХҚКО ғимараты, 4 ш.а., 25 үй

Риддер

87778562656

ХҚКО ғимараты, Семипалатинская көш., 12

Рудный

87143142073

ХҚКО ғимараты, Космонавтов көш. 12, 2 қабат, 209 каб.

Саран

87213779104

ХҚКО ғимараты, Жамбыл көш., 85/3

Сәтпаев

87106377343

ХҚКО ғимараты, Сәтпаев даңғылы, 111

Серебрянск

88733721366

ХҚКО ғимараты, Веденеев көш., 14

Степногорск

87164536077

ХҚКО ғимараты, 9 ш.а., №83 ғимараты

Әкімдік ғимараты, 4 ш.а., №1 ғимарат, Б блогы

Текелі

87283542122

ХҚКО ғимараты, Тәуелсіздік көш., 9

Теміртау

87213448049

ХҚКО ғимараты, Блюхер көш., 23

Хромтау

87713101000

ХҚКО ғимараты, Абай даңғ., 12

Шахтинск

87215649073

ХҚКО ғимараты, Абай көш., 65б

Екібастұз

87187771477

ХҚКО ғимараты, М. Жүсіп көш., 92/2

Кәсіпкерлікті қолдаудың мобильді орталықтары

Шағын қалалардағы КҚО қызметі сияқты қызмет көрсетеді




ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 326.88
  • EUR Евро 364.9
  • CNY Қытай юані 47.85
  • RUB Ресей рублі 5.47
  • GBP Ағыл. фунты 413.96
Хабарландыру тақтасы