Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері Қауымдастығы


«ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлері Қауымдастығы 2006 жылы құрылған.

ҚАЗКА – кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу үшін құрылған және Қазақстанның шағын және орта бизнесіне тұғырнама болып табылатын коммерциялық емес ұйым.

КАЗКА өзінің мақсатын іскер ортаны жақсартуға бағытталған КШБ шоғырландыру, елде және әлемде қазақстандық бизнестің мәртебесін көтеру және де қоғам, билік, бизнес арасындағы теңгерімді сақтауда деп санайды.

Іскерлік қауымдастықтың қызмет аясы екі бағытпен сипатталады:

1. Үкіметке іскер қауымның мүдделері мен көзқарастарын жеткізу:

1. Саясаттың бизнесті дамытуға тигізетін әсері туралы үкіметпен үздіксіз диалогты жүргізуді қолдау

2. Қауымдастық мүшелерінің көзқарастары мен наразылықтарын жеткізу

3. Кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін соттарда, Қазақстанның заң шығару, атқарушы органдары мен басқа да құрылымдарында қорғау

4. Сарапшы кеңестерде жұмыс істеу, заңнамаларға талдау жасау, кәсіпкерлерге салалық министрліктерде және әкімдіктерде өкіл болу, кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға бағытталған аймақтық, мемлекеттік салалық бағдарламаларды жасау және іске асыру

5. Кәсіпкерлік мәселелері жайында форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру

6. Әр түрлі іскерлік және саяси мәселелер бойынша статистикалық мәліметтер жинау және зерттеулер жүргізу

2. ҚАЗКА 4 түрлі қызмет көрсетеді :

Сыртқы сауда , оқыту , кеңес беру және зерттеулер :

Сыртқы экономикалық қызмет :

1. сыртқы сауданы ұйымдастыру туралы нұсқаулық ( құрамында сыртқы сауданы реттеу, шетел валюталарының бағамдары, сауда жәрмеңкелері мен көрмелері, бірлескен кәсіпорын құру туралы ақпарат бар)

2. форумдар, бизнес-делегациялар, халықаралық сауда жәрмеңкелері мен көрмелеріне қатысуды ұйымдастыру, ақпарат тарату, семинарлар өткізу ( мысалы, шетелдік инвестициялар , елдерге шолу және сыртқы экономикалық қызмет туралы)

3. кәсіпкерлерге Қазақстан ішінде немесе шет елдерде тікелей іскерлік байланыс орнатуға, серіктестер, керекті тауарлар, қызметтер табуға жәрдемдесу .

Оқыту :

1. «Business School KAZKA» оқыту орталығы аясында кәсіпкерлерге арналған оқу бағдарламаларын ұйымдастыру ( менеджмент, бухгалтерлік іс, ақпаратты өңдеу , маркетинг, заң аспектілері , бизнес жобаларды басқару және іскерлік қауымдастықтың қызметкерлерін оқыту)

Кеңес беру :

1. Кәсіпкерлерге қаржы, салық, заң, жұмыспен қамту, бухгалтерлік есеп және мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы кеңес беру

Ақпарат және зерттеулер :

1. Бизнес туралы анықтамалық мәліметтер мен деректер (нарықтар, елдерге шолу, ел және өнім туралы ақпарат, статистикалық деректер, бизнес пен заңнама туралы есептеме) басылымдар мен бюллетеньдер арқылы таратылады .

2. Пресс-конференциялар ұйымдастыру, журналдар шығару, теледидар және радиомен таратылатын бағдарламаларға қатысу арқылы жүргізілетін PR қызмет

3. Шет елдерден келіп түсетін сауда бойынша сұрауларды таратуға және қауымдастық мүшелеріне шетелдік серіктестер іздеуге көмектесетін сауда бойынша анықтамалық-ақпараттық жүйе

4. Қауымдастық мүшелерін мемлекеттік сатып алулар туралы хабарландыру

Ресми сайт ы www.kazka.kz



Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 345.55
  • EUR Евро 401.01
  • CNY Қытай юані 50.98
  • RUB Ресей рублі 5.45
  • GBP Ағыл. фунты 449.18
Хабарландыру тақтасы