Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Экспорттаушылардың шығынын өтеу» бағдарламасы


«Экспорттаушылардың шығынын өтеу» бағдарламасы  

1.  Бағдарламаның мәнін баяндау  (  атауы, кім іске асырады,  жоба қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізе алады)  

Егер Сіз және Сіздің компания экспорттаушы немесе экспортпен айналысуды жоспарласа «Экспорттаушылардың шығынын өтеу» бағдарламасына қатысу Сіздің сырқы нарыққа шығуға байланысты шығыныңыздың 50% мемлекет есебінен өтеуге мүмкіндік береді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Шығындар қайтарымсыз өтеледі. Өтемақы алу үшін претендент экспорт фактісін және онымен байланысты шығындарды растайтын құжаттарды дайындауы, сонымен қатар, өз кәсіпорынының жарғылық құжаттарын ұсынуы қажет. Шығындарды KAZNEX INVEST агенттігі АКЦИЗ және ҚҚС ЕСЕПКЕ АЛМАЙ жыл соңында өтейді.

Аталған бағдарлама шеңберінде Сіз келесі шараларға жүмсалған шығындарыңыздың 50% өтемін мемлекет есебінен ала аласыз:

• шетелде қазақстандық өнімді жарнамалау, сыртқы нарықта тауарлар мен қызмет көрсетулерді атап айтқанда:

- телеарналардағы, радиодағы және интернеттегі, газеттер мен журналдардағы жарнамаларды және жарнамалық іс шаралар;

- сыртқы жарнамалар, баннерлер және аудио-бейнероликтер дайындау және оларды тарату.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Шығындар журналдар, фото есептер, бейне және аудио өнімдер жазбаларының тұпнұсқасын ұсынған кезде өтеледі.

• шетелдік көрмелерге қатысу  :

- көрмеге қатысу үшін тіркеу жарнасын төлеу ;

- көрме алаңдарын жалдау ;

- көрме қабырғаларын дайындау ( жалға алу ), е гер олар Қазақстанда дайындалса және экспозиция үшін шетелге апарылса ;

- жарнамалық-үлестіру материалдарын дайындау , е гер олар Қазақстанда дайындалса және экспозиция үшін шетелге апарылса ;

- компанияның көрмеге қатысатын екі қызметкерінің экономикалық класспен ұшуы ;

- компанияның екі қызметкерінің көрме болатын жерде қонақ үйде тұруы .

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Қонақ үй шығындарының көлемі көрме өткізіп жатқан ел үшін есептелген және бекітілген тарифтан аспауы тиіс. Тарифтармен Сіз осы жерден таныса аласыз: (қараңыз. №1 ҚОСЫМША «2012 жылдың 2 тамызындағы N 1017 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы»  ). Бес тәуліктен аспайтын мерзімге қонақүйде тұрғаны үшін өтемақы төленеді.

• шетелде тарату үшін каталогтарды дайындау және басып шығару:  

- каталогтың дизайн ы және оны шығару ;

- шетел тілдеріне аудару .

•  шетелде сауда нүктелерін, шоу-бөлмелерін, қоймаларын, кеңселерін, өкілдіктерін ашу, ұстау  :

- тіркеу, ғимаратты жалға алу және шетел өкілдігі, кеңсе, қойма, шоу- бөлме (show-room), сауда нүктелері қызметтеріне үш жыл бойы коммуналды шығындар төлемі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Қазақстандық экспорттаушы компания Аталған ғимартты ұстау шығындарын кеңсенің тұрған елінде тікелей жүргізуі тиіс. Төлемді растайтын, қабылданатын құжат - жалға берушінің шоты көрсетілген компанияның төлем тапсырысы.

Мысалы  :

Егер қазақстандық экспорттаушы «ҚазЭкспорт» ЖШС аттас өкілдігін Мәскеуде тіркеген жағдайда, кеңсені жалға алу шығындарының және коммуналдық төлемдерінің жартысын өтетіп алу мүмкіндігі бар. Кеңсені ұстау шығындарын қазақстандық экспорттаушы компания Қазақстаннан Россияға тікелей төлеуі керек (Мәскеу қ. жалға беруші шотына «ҚазЭкспорт» ЖШС атынан жіберілген төлем тапсырмасы).

• экспортқа арналған өнімнің тауарлық белгісін тіркеу және сертификаттау, атап айтқанда:

- шетелде тауар белгісін және өнімін тіркеу;

- өнімді шетелде сертификаттау;

- егер импорттаушы елдің немесе Қазақстан заңнамасы, шарттары талаптарында қарастырылмаса, экспортқа арналған өнімдерді фитосанитарлық сертификаттау және сәйкестілікті сертификаттау;

- барлық қазақстандық экспорт таушылар тауардың шыққан жерін рәсімдеуге кеткен шығындарының 50 % өтетіп алу мүмкіндіктері бар (СТ-1, СТ-А, СТ- Түпнұсқа ).

Мысалы  :

- Қ аза қ стан дық экспорт таушы тауар белгісін Ресейде тіркеткен. Оның тауар белгісін тіркеу шығындарының жартысын өтетіп алу мүмкіндігі бар;

- Кәсіпкер астықты Өзбекстанға апарады, оған фитосанитарлық сертификаттау және сәйкестілікті сертификаттау рәсімі шығындарының 50 % өтеледі.

- Қазақстандық экспорттаушы Украинада сәйкестілік сертификатын алса, онда сертификат алу рәсімімен байланысты шығындарының жартысын зертхана сынағымен қосып өтейді.

- экспорттаушы компания өнімін REACH стандарты немесе ASTM стандарты арқылы сәйкестілікті сертификаттаса, онда сертификаттау рәсімімен байланысты шығындардың 50 % өтеледі.

- компания отандық фармацевтикалық өнімін Украинада тіркеді. Оның дәріні тіркеу шығындарының 50% өндіртіп алуға мүмкіндігі бар.

• әрекет етуші өндірісті кеңейту/жаңғырту, сонымен қатар өнімді экспорттау мақсатында өндірістік және/немесе экспорттық кәсіпорындардың қызметкерлерін оқыту, оның ішінде кәсіпорынға шақырылған шетелдік сарапшыларды/кеңесшілерді шақыру:

- шетелдегі тағылымдамалар , семинар лар , курс тар ;

- шақырылған сарапшылардың/кеңесшілердің отандық кәсіпорындарда оқытуы ;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Шетелдік оқуға және өндірісіне шетелдік сарапшыны шақыру шығындарын өтеуге үміткер кәсіпорын отандық өнімді өндірушілер және/немесе экспорттаушылар, сонымен қатар, 2012 ж. 2 тамызындағы №1017 Үкімет қаулысында белгіленген өзге де талаптарға сәйкес болуы керек. Оқуға жіберілген кәсіпорын қызметкерлері өндірісті немесе экспорттауды басқару үшін жауапты болуы керек. Оқу шығындарының 50% өтемақы алу үшін сарапшылармен жасаған шартын ұсынуы қажет.

•  франшизаларды тарту  :

- Қазақстанда экспортқа бейімделетін өндіріс ашу үшін франшиз алар ( кәсіпкерлік лицензи ясы ) сатып алу .

• кәсіпорын сайтын құру және жіберу :

- шет тілінде интернет ресурстарды дайындау, тіркеу, жіберу ;

- үш жыл бойы веб-сайт ты қолдау .

• маркетинг  тік зерттеу  :

- экспорттау еліне байланысты нақты өнім бойынша нақты елдің нарығын зерттеу жөніндегі шығындар ;

- сыртқы нарыққа шығу бойынша алғашқы үш жылға іс-шаралар жоспары қосымшаланған кәсіпорынның экспорттау тұжырымдамасын дайындауға байланысты шығындар.

Бағдарлама операторы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1.  Бағдарламаға қатыса алады:  

• Қазақстандық экспорттаушы компаниялар - өңделген тауарларды өндірушілер шығындарының қайтарылатынын есепке ала алады ;

• Жобаға қатысуға шикізаттық емес сектордағы отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер жіберіледі;

• Агенттік өз өнімдерін экспорттауға әлеуетті мүмкіндігі бар және оған ниетті, сонымен қатар қазіргі кезде экспорттаушы кәсіпорындармен жұмыс жасайды;

• Заңды тұлғалар ҚР резиденттері болуы тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Өтінім берушіге қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар 2012 жылдың 2 тамызындағы №1017 Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күшін жоюды тану және отандық өңделген тауарды, қызметтердің сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу ережесін бекіту туралы» қаулысымен анықталған.

2.2. Бағдарламаға қатыса алмайды:

Жоғарыда айтылған, 2012 ж. 2 тамызындағы №1017 қаулысындағы тізімге шикізат, акцизделген, әскери өнімдер кіргізілмеген. Мұндай өнім түрлерін шығаратын компания бағдарламаға қатыса алмайды.

3. Бағдарламаға қалай қатысуға болады – байланыстар, толтыру үлгілері бар қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Жобаға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі :

1) Өтінім ;

2) ЗТ мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі ;

3) Э кспорт факт ісін растайтын құжаттар көшірмесі ;

4) Шығындарды растайтын құжаттар көшірмесі .

3.1.  «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі бағдарламаның басталған және аяқталған күні туралы республикалық БАҚ, сонымен қатар, мекеменің ресми сайтында хабарлама жариялайды :

http://www.kaznexinvest.kz/napr/export/files/zayavka_exporter_bez_NDS_ot_040511.doc

 3.2.  Үміткерлер шығындарын өтеу бойынша бағдарламаға қатысу талаптары, қатысу өтінімінің нысандары бойынша кеңес алу үшін Агенттіктің экспорттық гранттар департаменті менеджерлеріне мына тел. бойынша хабарласуына болады : +7 (7172) 79 93 93 ( ішкі .1010, 1043, 1044);

 3.3.  Үміткер бағдарламаға қатысу өтінімін толтырады және оны Агенттіктің экспорттық гранттар департаменті менеджерлеріне жібереді;

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ ! Өтінім берілген сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде Агенттік менеджерлары экспорттаушыға қандай да бір құжаттардың жетіспейтіндігі немесе жоқ екендігі туралы хабарлауы тиіс. Егер өтінімді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін ескертулер жойылмаса, өтінімді кері қайтару туралы хабарлама жіберіледі. Өтінімді қабылдау мерзімі аяқталған күнінен кейін келіп түскен өтінім қарастырылмайды. Экспорттаушы компания өз бастамасыменен қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін өтінімді өзгеруге және толықтыруға мүмкіндігі бар.

3.4.  Барлық құжаттардың толық екендігін тексеріп болғаннан кейін, жұмыс тобы Өтінімге (Өтінім түйіндемесі) сипаттама дайындайды. Оның негізінде құжаттарға сараптама жасалады және қорытынды шығарылады.

3.5.  Өтінімді қабылдау аяқталғаннан кейін ай ішінде жинақталған құжат Комиссия қарауына шығарылады ( Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі , аймақтық әкімдік және KAZNEX INVEST өкілдерінің қатысуымен ).

3.6.  К омиссия экспорттаушының - өндірушінің өтінімін, өтінім түйіндемесін және сараптық жұмысшы тобының қортындысын негізге ала отырып, өтемақы төлеу туралы өз ұсынысын береді. Шығындарды өтеу туралы шешім комиссияның оң шешімін алған сәттен бастап он жұмыс күн ішінде қабылданады.

3.7.  Өтінім жөніндегі оң шешім негізінде 3 қосымшаға сәйкес үлгілік шартқа сай KAZNEX INVEST агенттігі мен экспорттаушы арасында шығындарды өтеу туралы шарт жасалады ;

3.8.  Шарт бойынша міндеттемелерді орындау көрсетілген қызметті алыс-беріс туралы актіге қол қою арқылы тараптармен рәсімделеді.

4.  Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары  .  Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі  .

5. Бағдарламадан табысты өткеннен кейін кәсіпкердің алдағы мүмкіндіктері:  

Шетел тұтынушылары есебінен өткізу нарығын кеңейтеді; шетелден жаңа серіктестер табады.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парағы)

7.  Бағдарлама бойынша с  татистика  (  басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны  ,  аяқталған бағдарламалардың саны  ,  игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі  ,  жиынтық  экономи  калық тиімділік  ,  аймақ бойынша қатысушылар  статистика  сы және компаниялардың шамасы  (  шағын  /  орта  /  ірі  бизнес).  

Экспорттаушыларды қолдаудың қаржылық құралы Қазақстанда алғаш 2010 ж. енгізілді.

2010 ж. пилоттық жоба қортындысы бойынша Ведомоствоаралық комиссия шешімімен жалпы соммасы 141 млн.тенге тұратын экспорттық гранттарды 43 отандық кәсіпорындар алса, ал 2011 жылы – 100,7 млн.тенге сомманы 80 экспорттаушы алды. «Экспорт-2020» бағдарламасының операторы ретінде KAZNEX INVEST 2012 жылдың тамызынан қарашасына дейінгі кезеңде шығынды өтеу өтінімдерін қабылдауды жүзеге асырды. 2012 жылдың қортындысы бойынша 93 экспорттаушыға 291,2 млн.тенге сомма шығынын өтелді.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 340.11
  • EUR Евро 407.93
  • CNY Қытай юані 51.61
  • RUB Ресей рублі 5.91
  • GBP Ағыл. фунты 461.22
Хабарландыру тақтасы