Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Егiнжай» бағдарламасы


1. Бағдарлама мәнін баяндау ( атауы, кім жүзеге асырады, бағдарлама қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді )

Аталған бағдарлама шеңберінде Сіз көктемгі егін және жинау жұмыстарын жүргізу үшін несие желісін ашуға немесе несие алуға мүмкіндігіңіз бар. (КЕжЖЖ). Несие тенгемен үш жылға 1 000 000 дан 6 000 000 тг. Дейін сомада беріледі. Несие/транш мерзімі 1,5 дейінгі жылды құрайды, несие мөлшерлемесі – жылдық 9,5%, несие бойынша тиімді мөлшерлеме (FAQ қара) жылдық 10,2% дейін.

Коммерциялық банктің кепілдемесі, астық қолхаты бойынша өсімдік өнімдері және т.б. кепіл бола алады. ( БҰЛ ЖЕРДЕ Сіз кепілдік бойынша талаптарды жүктеп ала аласыз ).

Бағдарлама операторы:

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады?

Егер Сіз агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс жасасаңыз және азғана жер үлесі бар жеке кәсіпкер, шаруа және фермер шаруашылығының өкілі болсаңыз аталған бағдарламамен несие ала аласыз.

2.1. Сіз несие ала аласыз , егер :

· Өтінім берген күніне салық және бюджетке төленетін басқа де міндетті төлемдер бойынша қарызыңыз жоқ болса ;

· Өтінім берген күніне банктер және өзге де қаржылық ұйымдар алдында мерзімі өтіп кеткен берешегініз жоқ болса ;

· жағымды несие тарихыныз бар болса ( FAQ қара );

· 3 жылдан ұзақ емес мерзімдегі дақылдарды көрсетіп, нақты егін егілген жерлердің әрі қызметті атқарудың нақты уақытындағы өнімділік туралы мәлеметті бере алсаңыз ;

· Егін егетін жерлердің бар екенін растайтын құжаттыңыз, оның ішінде бірлесе жұмыс істеу туралы келісім шарт бар болса ;

· аталған бағдарлама бойынша берілген несие бойынша ақша қаражаттарды пайдалануын бақылау үшін тенгелік қосымша арнайы банк шотыныз бар болса ;

· несиені мақсатты пайдалануын растайтын барлық қажетті құжаттарды Қорға әкелсеңіз ( шығындар тізімі ).

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – байланыстар ақпараты, толтыру үлгілері бар қажетті құжаттардың тізімі бар сатылы нұсқаулық .

3.1. « Егiнжай » бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушы тұрғылықты жері /қызмет орны бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалына жүгініңіз және келесі құжаттарды әкеліңіз :

· жеке тұлғалар үшін, заңды тұлғалар үшін қаржы алуға өтініш ;

· жеке тұлғалар үшін, заңды тұлғалар үшін қарыз алушының сауалнамасы ;

· несие алуға қажетті құжаттар тізімі.

3.2. Өтінімді қарау және ол бойынша Қордың несие комитетінің шешімін қабылдау рәсімі 5 жұмыс күнін алады.

3.3. Оң шешім қабылданған жағдайда қарыз бен кепіл шарттары жасалады, өкілетті органдарда кепілді тіркейді және қарыз алушы есебіне ақша қаражатын аударады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі .

Шарт талаптары бұзылған жағдайда Қордың несие комитеті Сізбен жасалған шарт талаптарына сәйкес айыппұлдар мен комиссияны өндіріп алу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

5. Бағдарламадан табысты өткеннен кейін кәсіпкердің алдағы мүмкіндіктері.

· Егер қажет болса - заем шы агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына өтінім бере алады және несиені өтеу барысында үкіметтен қаржылық қолдау алады ;

· ҚР ауыл шаруашылғын қолдау ретінде несие бойынша сыйақы төлемдерін өтеу жөніндегі субсидиялау ережесі (Ереже, Ережеге түсіндірме) бойынша төленген несие сыйақысының 80% дейінгі мөлшерін қарыз алушыға мемлекеттік бюджеттен төлеу мүмкін.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ- парағы )

Сұрақ : « Несиенің несие желісінен айырмашылығы

Жауап : « Несие бір рет беріледі, бұл жағдайда Сіз көрсетілген мерзім аяғына дейін бірден барлық соманы аласыз. Несие желісі қарызды транштармен беруді айтады – бұл қайта жаңғыртылмалы және жаңғыртылмайтын желі болуы мүмкін. Бұл нені білдіреді?

Жаңғыртылмалы желі – бұл қаржыландырудың белгіленген мерзімінде Сіз белгіленген шектен аспайтын қажетті соманы ала аласыз, одан кейін бұл ақшаны қайтарасыз және қажет болғанда қайта ала аласыз. Сіз транштың жалпы мөлшері несие шегінен аспайтын талапта бірнеше рет қатарынан ала аласыз.

Жаңғыртылмайтын желі – қаржыландырудың белгіленген мерзімі шегінде Сіз алдын ала белгіленген сомада транш аласыз және бүкіл несиені мерзім соңында төлеуіңізге болады».

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме дегеніміз не? Оның әдеттегі пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы?»

Жауап: «Бұл қарызды пайдаланудың барлық мерзімінде бар қосымша комиссияны есепке ала отырып заемшының несие қызмет көрсетуінің жиынтық шығындарын бейнелейтін пайыздық мөлшерлеме. Комиссия белгілі бір қосымша қызметтер үшін алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақша түрінде алу үшін, ссудалық шот жүргізгені және т.б. уші.н
Осылайша, несие бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығындар қосылып отырады.

Сұрақ: «Жағымды несие тарихы нені білдіреді?»

Жауап: « Егер Сіз бұрын қандай да бір қаржылық мекемеден несие алып, оны дұрыс өтесеңіз, төлем төлеудің белгіленген мерзімін қатаң ұстансаңыз, уақытында несиені өтесеңіз, яғни, сізде жағымды несие тарихы бар. Егер несие алып, оның өтелуіне жауапсыз қарасаңыз, яғни берешек болсаңыз, қасақана борышкер болып табылсаңыз, Сізде жағымсыз несие тарихы бар. Сіздің құжаттамаңыз несие бюросында сақталады және Біздің несие комиссиясына қолжетімді болып табылады».

Сұрақ: «Бөлінген ақшаны пайдалануда шектеу бар ма?»

Жауап: « Міндетті талап – бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

2010- 2012 жж. « Егiнжай » бағдарламасы шеңберінде несие бөлінді (млн. тг):

Обл ыстар

2010-2011

2012

Ақмола

241,6

73,6

А қтөбе

68,5

23,8

Алмат ы

17,3

63,2

ШҚО

25,5

25,3

Жамбыл

22,5

35,3

БҚО

147,9

30,6

Қарағанды

99,4

34,8

Қ ызылорд а

17,4

17,2

Қ остана й

241,5

95,3

Ма ңғыстау

8,0

Павлодар

116,2

49,5

СҚО

189,6

66,8

ОҚО

8

14


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы