Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

ШНҰ бағдарламасы (шағын несие ұйымдары)


ШНҰ бағдарламасы ( шағын несие ұйымдары )

1. Бағдарлама мәнін баяндау ( атауы, кім жүзеге асырады, бағдарлама қатысушылары қандай жетістікке ие болады )

Егер Сіз ауылда жұмыс жасайтын шағын несие ұйымының өкілі болсаңыз, онда ШНҰ бағдарламасы Сізге ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін қосымша қаржы алуға мүмкіндік береді.

Несиелендіру шарты :

Несие 5 000 000 дан 350 000 000 дейінгі сомада тенгемен алты жылға дейін беріледі .

Несие бойынша мөлшерлеме :

- әдеттегі қарыз алушыға – жылдық 7,5% дейін ,

– «1» ( FAQ қара ) көрсеткіші бар қарыз алушы үшін – жылдық 6,5% ;

– банкілік депозит немесе банкілік кепілдеме түріндегі кепілі бар қарыз алушы үшін – жылдық 4,5% .

Несие бойынша кепіл : талапты жүктеп алу .

Несие бойынша тиімді мөлшерлеме ( FAQ қара ) – жылдық 7,9% дейін .

Несиені игеру мерзімі : қарызды/траншты алған күннен бастап 45 күнге дейін .

Бағдарлама о ператоры:

« Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры » АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/қатыса алмайды?

Ауылдардағы, кенттердегі және алыс аудандардағы шағын несие (шағын қаржылық) ұйымдары.

Сіз несие ала аласыз, егер :

· Сіз төлем төлеуге қабілеттісіз және орнықтысыз ;

· Өтінім берген сәтте салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарызыңыз жоқ ;

· Өтінім берген сәтте банкілер және кез-келген қаржылық ұйымдар алдында мерзімі өткен берешегіңіз жоқ ;

· Сізде жағымды несие тарихы бар ( FAQ қара );

· Несие қоржыны есебінің қолданудағы автоматтандырылған жүйесі бар.

· Мониторинг жасау үшін соңғы қарыз алушылардың қажетті құжаттарын Қорға ұсынасыз . Соңғы заемшылар туралы ақпаратты қорға беру туралы олардың келісімдері қосымшада тіркелуі тиіс.

3. Бағдарламаға қалай қатысуға болады – байланыс ақпараты, толтыру үлгілері бар қажетті құжаттардың тізімі бар сатылы нұсқаулық.

«ШНҰ» бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушы тұрғылықты жері/қызмет орны бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалына келіп, келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

· Қарыз алу өтініші ;

· Қарыз алушы сауалнамасы ;

· Несие алу үшін құжаттар тізімі .

3.1 Өтінімді қарау және ол бойынша несие комитетінің шешімін қабылдау процесі бес жұмыс күнін алады.

3.2 Оң шешім қабылданған жағдайда қарыз және кепіл шарттары жасалады, кепіл өкілетті органда тіркеледі және қарыз алушы есебіне ақша аударылады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары . Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі .

Шарттың талаптарын қарыз алушы бұзған жағдайда Қордың несие комитеті несие туралы шартта қарастырылған айыппұл мен комиссияны өндіріп алу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

5. Бағдарламадан табысты өткеннен кейін кәсіпкердің алдағы мүмкіндіктері.

· Ауыл шаруашылығы аймағында жұмыс жасайтын қарыз алушы агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына өтінім бере алады және несиені өтеу барысында үкіметтен қаржылық қолдау алады ;

· ҚР ауыл шаруашылығын қолдау ретінде несие бойынша сыйақы төлемдерін өтеу жөніндегі субсидиялау ережесі бойынша қарыз алушыға төлеген несие сыйақысының 80% дейінгі мөлшерін мемлекеттік бюджеттен өтеуі мүмкін.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ- парағы )

Сұрақ: «Несиенің несие желісінен айырмашылығы?»

Жауап: « Несие бір рет беріледі, бұл жағдайда Сіз көрсетілген мерзім аяғына дейін бірден барлық соманы аласыз. Несие желісі қарызды транштармен беруді айтады – бұл қайта жаңғыртылмалы және жаңғыртылмайтын желі болуы мүмкін. Бұл нені білдіреді?

Жаңғыртылмалы желі – бұл қаржыландырудың белгіленген мерзімінде Сіз белгіленген шектен аспайтын қажетті соманы ала аласыз, одан кейін бұл ақшаны қайтарасыз және қажет болғанда қайта ала аласыз. Сіз транштың жалпы мөлшері несие шегінен аспайтын талапта бірнеше рет қатарынан ала аласыз.

Жаңғыртылмайтын желі – қаржыландырудың белгіленген мерзімі шегінде Сіз алдын ала белгіленген сомада транш аласыз және бүкіл несиені мерзім соңында төлеуіңізге болады».

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме дегеніміз не? Оның әдеттегі пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы?»

Жауап: «Бұл қарызды пайдаланудың барлық мерзімінде бар қосымша комиссияны есепке ала отырып заемшының несие қызмет көрсетуінің жиынтық шығындарын бейнелейтін пайыздық мөлшерлеме. Комиссия белгілі бір қосымша қызметтер үшін алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақша түрінде алу үшін, ссудалық шот жүргізгені және т.б. уші.н
Осылайша, несие бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығындар қосылып отырады.

Сұрақ: «Жағымды несие тарихы нені білдіреді?»

Жауап: « Егер Сіз бұрын қандай да бір қаржылық мекемеден несие алып, оны дұрыс өтесеңіз, төлем төлеудің белгіленген мерзімін қатаң ұстансаңыз, уақытында несиені өтесеңіз, яғни, сізде жағымды несие тарихы бар. Егер несие алып, оның өтелуіне жауапсыз қарасаңыз, яғни берешек болсаңыз, қасақана борышкер болып табылсаңыз, Сізде жағымсыз несие тарихы бар. Сіздің құжаттамаңыз несие бюросында сақталады және Біздің несие комиссиясына қолжетімді болып табылады».

Сұрақ: «Бөлінген ақшаны пайдалануда шектеу бар ма?»

Жауап: « Міндетті талап – бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

Аталған бағдарлама бойынша 2007–2012 жылдары шағын несие ұйымдарын несиелендіруге Қордан 4 641,7 млн. тенге бөлінді. Оның ішінде, 2012 жылы шағын несие ұйымдарына 394,8 млн. тенге соммаға 20 несие берілді. Бағдарлама есебінен ШНҰ шамамен 12,7 мың теңге шағын несиені соңғы заемшылар алды.


Назад
Жақындағы оқиғалар

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 310.4
  • EUR Евро 347.06
  • CNY Қытай юані 45.3
  • RUB Ресей рублі 5.5
  • GBP Ағыл. фунты 398.62
Хабарландыру тақтасы