Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Мурабаха» бағдарламасы


Бағдарламаның мақсаты: ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерді мал шаруашылық (шошқадан басқа), өсімдік шаруашылықты дамытуға, ауылды жерлерде бизнестің басқа түрлерін шағын несиелеу.

Мақсатты топ: ауыл тұрғындары, шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.

Мақсатты бағытталуы: Қарыз алушының өтініші бойынша оған бөліп төлеу жолымен берілетін негізгі құрал-жабдықтар, биологиялық активтерді сатып алу.

Бір Қарыз алушыға берілетін қарыз сомасы: Жобаны қаржыландыру туралы оң шешім қабылданған күнгі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің бағамы бойынша 33 000 АҚШ долларынан артық емес.

Несие мерзімі: 48 айдан ұзақ емес.

Табыстылық ставкасы: жылдық 11%.

Тиімді табыстылық ставкасы: жылдық 11,3% аспайды.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу мерзімділігі: несиелендіру мерзімі ішінде ішінара/толықтай мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен ай сайын/тоқсан сайын/ жарты жылда 1 (бір) рет және жылына 1 (бір) рет .

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдетілген мерзім: 12 айдан ұзақ емес.

Кепіл нысаны: Қоғамның Кепілдік саясатына сәйкес.

Ерекше талаптар: Қоғамның Кепілдік саясатының кепілдік қамтамасыз ету құрылымы бойынша талабы бұл бағдарламаға қарастырылмайды (биологиялық активтен басқа).

Алғашқы жарнаның мөлшері:
- негізгі құрал-жабдықтардың/биологиялық активтердің құнының 10%-нан кем емес мөлшерде Сатып алу-сату шартын жасасқанға дейін;
- немесе негізгі құрал-жабдықтардың/биологиялық активтердің құнының 10%-нан кем емес мөлшерде ЕДБ кепілдігі;
- немесе кепілдік құны сатып алынатын негізгі құрал-жабдықтардың/биологиялық активтердің құнының 15%-нан кем емес мөлшерде жабатын өтімді мүлік ұсынылуы тиіс.

Әлеуетті қарыз алушыға қойылатын талаптар:

- өтініш берген күніне салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
- соңғы есепті күнге (өтініш беретін айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы;
- жағымды несие тарихы (несие тарихы бар болса);
- Қоғамға қарызды мақсатты түрде пайдалануды тексеру үшін қажетті және жеткілікті құжаттарды тапсыру.

Жобаға қойылатын негізгі талап:

- тек жаңа негізгі құрал-жабдықтар сатып алынуы тиіс;
- негізгі құрал-жабдықтар/биологиялық активтер тек Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынуы тиіс.

Тауарды жеткізушіге қойылатын талаптар:

- Қоғамның уәкілетті органы өтінішті қарастыратын күнге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы;
- ҚР Салық комитетінің интернет-ресурсында жарияланған келесі тізімдерде болмау: жалған кәсіпорындар, жұмыс істемейтін деп танылған, орналасқан орындарда табылмаған, салық органдары ізтестіру жарияланған, бөлек қызметтерді жүзеге асыратын төлеушілер ретінде тіркеуден алынып тасталған кәсіпорындар.

Исламдық қаржы туралы қосымша ақпарат: http://fingramota.kz/islamicfinance.page.php

Ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін шағын несиелендіру бағдарламасы («Мурабаха»)
Ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін шағын несиелендіру бағдарламасы («Мурабаха»)
ҚосымшаКөлемі
biznes-plan_avtomobil.doc1.21 MB
biznes-plan_gusi.doc1.17 MB
biznes-plan_chulochno-nos.doc1.95 MB
biznes-plan_kroliki.doc2.08 MB
biznes-plan_parikmaherskaya.doc1.96 MB
biznes-plan_remont_mebeli.doc1.61 MB
biznes-plan_separator.doc1.08 MB
biznes-plan_sto.doc1.65 MB


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 335.24
  • EUR Евро 395.82
  • CNY Қытай юані 50.65
  • RUB Ресей рублі 5.82
  • GBP Ағыл. фунты 441.34
Хабарландыру тақтасы