Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Бұрын пайдаланылған техникалар лизингі


1. Жоба мәнін баяндау (атауы, кім жүзеге асырады, жоба қатысушылары қандай жетістікке қол жеткізеді )

Жоба кәсіпкерлерге бұрын 5 жылдан жоғары пайдаланылмаған ауылшаруашылық және арнайы техникаларды лизингке алуға мүмкіндік береді. Әсіресе, тракторлар, комбайндар, егу кешендері, өзі жүретін дестелегіштер, су сепкіштер мен басқа да шетелдік өзіжүргіш техникалар.

Қаржылық лизинг шарты:

· сыйақы төлемі жылына - 12,8% құрайды;

· жылдық төлем – 13,4%.

· қаржылық лизинг мерзімі :

- бір сатушыдан алынатын техниканың жалпы құны 25 000 000,00 ( жиырма бес миллион) теңгеге дейін – 7 жылға дейін ;

- бір сатушыдан алынатын техниканың жалпы құны 25 000 000,00 ( жиырма бес миллион) теңге ден бастап және одан жоғары – 10 жылға дейін және жоғары ;

- алғытөлем – 15% ( қамтамасыздандырумен ), 25% ( қамтамасыздандырусыз );

· қамтамасыз ету шарттары Сіздің қаржылық лизинг келісім-шартыңызда жазылатын болады .

Жоба операторлары:

««КазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі АҚ және оның еншілес компаниясы – «ҚазАгроФинанс»» АҚ.

2. Жобаға кім қатыса алады/қатыса алмайды

2.1 Сіз келесі жағдайларда жобаға қатыса аласыз:

· Төлемқабілеттілігіңіз бен тұрақты қаржылық жағдайыңыз болса: қажет болған жағдайда, жобаны іске асыру үшін қаражат бөлсеңіз;

· Сіздің өндірісіңізде біліктілігі жоғары басшылар жұмыс атқарса, компанияның беделі жақсы және тұрақты болса;

· Сіздің несие тарихыңыз жағымды болса - мерзімі кешіктіріліп төленген несие болмаса;

· Сіздің кәсіпорныңызға қатысты қайта құру, жою, борышкер рәсімдері жүргізілмеген болса;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатын болсаңыз;

· Сізде кепілдік қамсыздандыру жеткілікті болса немесе жобадан алынған қаражатты қайтаруға кепіл берсеңіз;

· Сізде жобаны іс жүзіне асыратын аймақта шикізат қорының, немесе жергілікті өндірушілерден шикізат сатып алуға кепілді келісім-шарттарыңыздың болуы;

· Сіз бәсекеге қабілетті өнімді шығарасыз және/немесе талап етілетін қызмет көрсетесіз және мұнымен қоса Сіздің жобаңыз пайдалы/өтелімді болып табылса.

3. Жобаға қалай қатысу қажет – толтыру үлгілері, байланыс мәліметтерін қоса, қажетті құжаттардың тізімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Лизингке жабдықтар алу шартын немесе несие шартын жасауға қажетті әрекеттер:

· Кәсіпкер «КазАгроФинанс» мамандарымен сұхбаттан өтеді ;

· Сұхбаттан соң кәсіпкер үлгі бойынша жасалған өтініш пен толық құжаттарды «КазАгроФинанс» АҚ-на тапсырады (құжаттар тізімі келесі сілтемеде: http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/agricultural_machinery_equipment/list_of_documents/ );

· Кәсіпкердің құжаттары мен оның жобасы «КазАргоФинанс» мамандарының сараптамасы мен талдауынан өтеді;

· «КазАгроФинанс» АҚ құзыретті департаменті кәсіпкер жобасы бойынша қаржылық лизинг беру туралы шешім қабылдайды;

· Кәсіпкермен қаржылық лизинг шарты жасалады;

· Лизинг нысаны алынады ;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алар алдындағы шарттарды орындайды;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алады;

· «КазАгроФинанс» Сізбен қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттердің орындалуын тұрақты негізде тексеріп отырады және олар толық орындалған жағдайда, Сізге алынған техникаға барлық меншік құқығы беріледі;

4. Жобаға қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылу шарты. Жоба қатысушыларының жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарты, жауапкершілік қарызгер мен «КазАгроФинанс» АҚ арасында жасалған қаржылық несие туралы шарттарда қарастырылады.

5. Жобаны сәтті аяқтағаннан кейін жаңа қатысушылар алдында ашылатын алдағы мүмкіншіліктер.

ОПЕРАТОРЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА – АҚПАРАТ БЕРУДІ СҰРАЙМЫЗ

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ : « Мен қандай техникаларды ала аламын ?»

Жауап : техникалар тізімін келесі сілтемеден таба аласыз : http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/technika_v_nalichii/

Сұрақ : « Мен кез-келген жеткізушіні таңдай аламын ба ?»

Жауап : Сіз жеткізушіні өздігіңізбен таңдай аласыз, немесе келесі сілтемеде көрсетілген арнайы техника жеткізушілері тізімінен таңдай аласыз: http://kaf.kz/products_company/major_suppliers/

Сұрақ: ««КазАгро» және «КазАгроФинанстың» аймақтық бөлімшелері мен өкілдіктері тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап: Оларды Сіз келесі сілтемелерден таба аласыз: http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii және http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ: « «КазАгроның» кеңесшілері бизнес-жоспар құруға көмек бере алады ма?»

Жауап:

Сұрақ: « Бұрынғы қарыз төлеуге немесе сұрау салынан лизинг нысанын беру несие келісімінің шарты» дегенді қалай түсінуге болады»? Бұл қандай шарттар?»

Жауап:

Сұрақ: Шикізат қорын қалай түсінесіз?

Жауап:

Сұрақ: «Сіз менің шикізат қорымды қалай анықтайсыз?»

Жауап:

Сұрақ: «Менің алғытөлемім үшін кепілгер болып табылатын банктер мен заңды тұлғаларға «КазАгроФинанс» қандай талаптар қоюда?»

Жауап:

7. Жоба бойынша статистика:.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 339.68
  • EUR Евро 401.13
  • CNY Қытай юані 51.26
  • RUB Ресей рублі 5.9
  • GBP Ағыл. фунты 457.14
Хабарландыру тақтасы