Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Өңдеуші жабдықтар лизингі жобасы


1. Жоба мәнін баяндау (атауы, кім жүзеге асырады, жоба қатысушылары қандай жетістікке қол жеткізеді)

Жоба кәсіпкерлерге отандық және шетелдік жабдықтарды лизингке алуға мүмкіндік береді. Жабдықтар келесілерді іске асыру үшін ұсынылады:

· Ет және ет өнімдерін шығару;

· Жемістер мен көкөністерді, балық өнімдерін қайта өңдеп шығару;

· Өсімдік және жануар майларын шығару;

· Сүт және ірімшік шығару және қайта өңдеу;

· Ұн- жарма дақылдарын тартатын кәсіпорын өнімдерін шығару;

· Малға арналған дайын жемді шығару;

· Нан шығару;

· Балалар тағамы мен диеталық азық өнімдерін шығару;

· Крахмалды-тасқынды кәсіпорын өнімдерін шығару;

· «КазАгроФинанс» жарғысының мақсатына сәйкес келетін басқа да отандық және шетелдік жабдықтар.

Қаржы лизингісінің талаптары :

· лизинг шартының мерзімі 10 жылдан аспауы қажет;

· өтеудің жеңілдік кезеңі – 2 жылдан аспайды;

· сыйақы төлемі – 8,5 %;

· Жылдық пайыздық мөлшерлеме –8,4% бастап;

· Алғытөлем алу шарты:

- Егер Сіз кепіл ретінде ғимаратта (үй) орналасқан, жаңа құрал құрастыру жүргізілетін жер телімі бар ғимарат (үй) ұсына алсаңыз, онда қаржы лизингі шартының толық әрекет ету мерзіміне лизинг нысанының бағасынан кемінде 15% құрайтын алғытөлем ала аласыз;

- Қамтамасыз етпей лизинг нысанының бағасынан кемінде 25% ала аласыз, егер: ғимаратта (үй) орналасқан жер телімін кепіл ретінде бере алмасаңыз; лизингке берілетін құрал және/немесе техника жалпы алаңы кемінде 50% құрайтын ғимараттың (үй) бір бөлігінде орналасқан болса; техника орналастырылатын ғимарат кепілде, жалда, ипотека немесе басқа да мүлік ауыртпалық түрлерінде болса;

2. Жобаға кім қатыса алады/қатыса алмайды

2.1 Сіз келесі жағдайларда жобаға қатыса аласыз:

· Төлемқабілеттілігіңіз бен тұрақты қаржылық жағдайыңыз болса: қажет болған жағдайда, жобаны іске асыру үшін қаражат бөлсеңіз;

· Сіздің өндірісіңізде біліктілігі жоғары басшылар жұмыс атқарса, компанияның беделі жақсы және тұрақты болса;

· Сіздің несие тарихыңыз жағымды болса - мерзімі кешіктіріліп төленген несие болмаса;

· Сіздің кәсіпорныңызға қатысты қайта құру, жою, борышқор рәсімдері жүргізілмеген болса;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатын болсаңыз;

· Сізде кепілдік қамсыздандыру жеткілікті немесе жобадан алынған қаражатты қайтаруға кепіл берсеңіз;

· Сізде жобаны іс жүзіне асыратын аймақта шикізат қорының, немесе жергілікті өндірушілерден шикізат сатып алуға кепілді келісім-шарттарыңыз болса;

· Сіз бәсекеге қабілетті өнімді шығарасаңыз және/немесе талап етілетін қызмет көрсетсеңіз және мұнымен қоса Сіздің жобаңыз пайдалы/өтелімді болып табылса.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық .

· Кәсіпкер «КазАгроФинанс» мамандарымен сұхбаттан өтеді ;

· Сұхбаттан соң кәсіпкер үлгі бойынша жасалған өтініші мен толық құжаттарды «КазАгроФинанс» АҚ-на тапсырады (құжаттар тізімі келесі сілтемеде: http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/agricultural_machinery_equipment/list_of_documents/

· Кәсіпкердің құжаттары мен оның жобасы «КазАгроФинанс» мамандарының сараптамасы мен талдауынан өтеді;

· «КазАгроФинанс» АҚ құзыретті департаменті кәсіпкер жобасы бойынша қаржылық лизинг беру туралы шешім қабылдайды;

· Кәсіпкермен қаржылық лизинг шарты жасалады;

· Лизинг мәні алынады ;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алар алдындағы талаптарын орындайды;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алады ;

· «КазаАгроФинанс» Сізбен қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттердің орындалуын тұрақты негізде тексеріп отырады және олар толық орындалған жағдайда, Сізге алынған техникаға барлық меншік құқығы беріледі;

4. Жобаға қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылу шарты. Жоба қатысушыларының жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарты, жауапкершілік қарызгер мен «КазАгроФинанс» АҚ арасында жасалған қаржылық несие туралы шарттарда қарастырылады.

5. Жобаны сәтті аяқтағаннан кейін жаңа қатысушылар алдында ашылатын алдағы мүмкіншіліктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Мен кез-келген жеткізушіні таңдай аламын ба ?»

Жауап: Сіз жеткізушіні өздігіңізбен таңдай аласыз, немесе келесі сілтемеде көрсетілген арнайы техника жеткізушілері тізімінен таңдай аласыз: http://kaf.kz/products_company/major_suppliers/ .

Сұрақ: ««КазАгро» пен «КазАгроФинанстың» аймақтық бөлімшелері мен өкілдіктері тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап: Оларды Сіз келесі сілтемелерден таба аласыз: http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii және http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ: «КазАгроның кеңесшілері бизнес-жоспар құруға көмек бере алады ма?»

Жауап:

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме деген не? Оның жәй пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы қандай?»

Жауап: «Бұл қарызгердің кредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде кредиттің берілгені, қызмет көрсетілгені және өтелгені (қайтарылғаны) үшін комиссиялары мен өзге төлемдерінің пайыздық мөлшерлемесі. Комиссиялар арнайы ілеспелі қызметтер бойынша алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру, қарыз шотын жүргізу және т.б. Сондықтан, негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығындар қосылады».

Сұрақ: « «Бұрынғы қарыз төлеуге немесе сұралынды лизинг мәнін беру несие келісімінің шарты» дегенді қалай түсінуге болады»? Бұл қандай шарттар?»

Жауап:

Сұрақ: Шикізат қорын қалай түсінесіз?

Жауап:

Сұрақ: «Сіз менің шикізат қорымды қалай анықтайсыз?»

Жауап:

7. Жоба бойынша статистика:

"КазАгроФинанс" АҚ жалпы сомасы 11,8 млрд. теңге тұратын 95 ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу жабдықтарына қаржы бөлінді.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 330.22
  • EUR Евро 388.07
  • CNY Қытай юані 49.93
  • RUB Ресей рублі 5.6
  • GBP Ағыл. фунты 437.38
Хабарландыру тақтасы