Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Асыл тұқымды малды лизингке алу жобасы


1. Жоба мәнін баяндау (атауы, кім жүзеге асырады, жоба қатысушылары қандай жетістікке қол жеткізеді )

Жоба кәсіпкерлерге асыл тұқымды ірі-+қара малды лизингке алуға мүмкіндік береді, оның ішінде:

Бюджет қаражаты есебінен :

· ет бағытындағы шетелдік сұрыпталаған асыл тұқымды ірі-қара мал. Лизингке берілетін әр ауылшаруашылық асыл тұқымды малдың табиғи ерекшелігі бюджеттік қаражат есебінен қандай да бір тұқымға тән жалпы белгілеріне сәйкес болуы қажет (генетикалық, ағза құрылысы, морфология және т.б.)

Бюджетсіз қаражат есебінен :

· ет бағытындағы шетелдік сұрыпталаған асыл тұқымды ірі-қара мал (ІҚМ); ІҚМ тұқымы бойынша Республикалық палатада тіркелген және отандық шаруашылықтан бюджетсіз қаражат есебінен алынып отырған ІҚМ асылтұқымды төлінің еті, сүт және ет-сүт бағыттары.

Бюджеттік қаражат есебіндегі қаржылық лизинг шарттары:

· лизинг шартының мерзімі 7 жылдан аспауы қажет;

· өтеудің жеңілдік кезеңі – 3 жылдан аспайды;

· сыйақы төлемі - 4 %;

· жылдық пайыздық мөлшерлеме – 3 ,9%;

· алғытөлем мен қамтамасыз етуді алу шарттары:

Сіз лизинг нысанының құнының кемінде 25% құрайтын кепіл бере отыра, кез-келген ыңғайлы алғытөлем мен қамтамасыз ету әдістерін таңдай аласыз, соның ішінде:

- «КазАгроФинанс» талаптарына жауап беретін банк немесе заңды тұлғалардың кепілі;

- ақшалай кепіл;

- кепілақы;

- кез-келген жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік.

- Қазақстан Республикасы заңдарына және де қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды бақылауды реттеу бойынша құзыретті органдар талаптарына қайшы келмейтін қамтамасыз етудің басқа әдістері.

Бюджетсіз қаражат есебінен берілетін қаржа лизингісінің шарттары:

· лизинг шартының мерзімі 5 жылдан аспауы қажет;

· сыйақы төлемі – 8 ,5 %;

· жылдық пайыздық мөлшерлеме – 8, 7%

· Алғытөлем мен қамтамасыз етуді алу шарттары:

Алғытөлемді қамтамасыз ету үшін, Сіз ІҚМ ұстау үшін жер телімі бар ғимаратты (үй), сонымен қатар, жайылым жерлерге арналған жер телімдерін кепілге бересіз.

Жоба операторлары:

««КазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі АҚ және оның еншілес компаниясы – «ҚазАгроФинанс»» АҚ.

2. Жобаға қатысу кім үшін қолжетімді/қолжетімді емес

2.1 Сіз келесі жағдайларда жобаға қатыса аласыз:

· Төлемқабілеттілігіңіз бен тұрақты қаржылық жағдайыңыз болса: қажет болған жағдайда, жобаны іске асыру үшін қаражат бөлсеңіз;

· Сіздің өндірісіңізде біліктілігі жоғары басшылар жұмыс атқарса, компанияның беделі жақсы және тұрақты болса;

· Сіздің несие тарихыңыз жағымды болса - мерзімі кешіктіріліп төленген несие болмаса;

· Сіздің кәсіпорныңызға қатысты қайта құру, жою, борышкер рәсімдері жүргізілмеген болса;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатын болсаңыз;

· Сізде кепілдік қамсыздандыру жеткілікті немесе жобадан алынған қаражатты қайтаруға кепіл берсеңіз;

· Сізде жобаны іс жүзіне асыратын аймақта шикізат қорының, немесе жергілікті өндірушілерден шикізат сатып алуға кепілді келісім-шарттарыныздың болуы;

· Сіз бәсекеге қабілетті өнімді шығарасаңыз және/немесе талап етілетін қызмет көрсетсеғңіз және мұнымен қоса Сіздің жобаңыз пайдалы/өтелімді болып табылса.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық .

· Лизингке жабдықтар алу шартын немесе несие шартын жасауға қажетті әрекеттер:

· Кәсіпкер «КазАгроФинанс» мамандарымен сұхбаттан өтеді ;

· Сұхбаттан соң кәсіпкер үлгі бойынша жасалған өтініші мен толық құжаттарды «КазАгроФинанс» АҚ-на тапсырады (құжаттар тізімі келесі сілтемеде: http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/agricultural_machinery_equipment/list_of_documents/ );

· Кәсіпкердің құжаттары мен оның жобасы «КазАргоФинанс» мамандарының сараптамасы мен талдауынан өтеді;

· «КазАгроФинанс» АҚ құзыретті департаменті кәсіпкер жобасы бойынша қаржылық лизинг беру туралы шешім қабылдайды;

· Кәсіпкермен қаржылық лизинг шарты жасалады;

· Сіз «КазАгроФинанс»-тан алғы төлем ретінде лизинг шартының құнынан кемінде 15% аласыз;

· Лизинг нысаны алынады ;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алар алдындағы талаптарды орындайды;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алады;

· «КазаАгроФинанс» Сізбен қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттердің орындалуын тұрақты негізде тексеріп отырады және олар толық орындалған жағдайда, Сізге алынған техникаға барлық меншік құқығы беріледі;

4. Жобаға қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылу шарты. Жоба қатысушыларының жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарты, жауапкершілік қарызгер мен «КазАгроФинанс» АҚ арасында жасалған қаржылық несие туралы шарттарда қарастырылады.

5. Жобаны сәтті аяқтағаннан кейін жаңа қатысушылар алдында ашылатын алдағы мүмкіншіліктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар ( FAQ -лист)

Сұрақ: «Мен кез-келген жеткізушіні таңдай аламын ба ?»

Жауап:

Сұрақ: ««КазАгро» мен «КазАгроФинанстың» аймақтық бөлімшелері мен өкілдіктері тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап : Оларды Сіз келесі сілтемелерден таба аласыз : http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii и http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ : «КазАгро ның кеңесшілері бизнес-жоспар құруға көмек бере алады ма ?»

Жауап :

Сұрақ: « «Бұрынғы қарыз төлеуге немесе сұралынды лизинг мәнін беру несие келісімінің шарты» дегенді қалай түсінуге болады»? Бұл қандай шарттаря?»

Жауап:

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме деген не? Оның жәй пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы қандай?»

Жауап: «Бұл қарызгердің кредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде кредиттің берілгені, қызмет көрсетілгені және өтелгені (қайтарылғаны) үшін комиссиялары мен өзге төлемдерінің пайыздық мөлшерлемесі. Комиссиялар арнайы ілеспелі қызметтер бойынша алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру, қарыз шотын жүргізу және т.б. Сондықтан, негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығындар қосылады».

Сұрақ: «Сіз менің шикізат қорымды қалай анықтайсыз?»

Жауап:

Сұрақ: Шикізат қорын қалай түсінесіз?

Жауап:

7. Жоба бойынша статистика:

2011 жылы "КазАгроФинанс" АҚ асылтұқымды мал шаруашылығын жасау бойынша 18 жобаны іске асырды:

· Акмо ла обл ысы бойынша : ЖСШ «Оксановка-1», ЖШС «Шалкар», ЖШС «Торгай», ЖШС "Армавирский", ЖШС «Новорыбинский и К»;

· Алматы облысы бойынша: ШҚ «Нагашбек», ЖШС «Кеген-Агро»;

· ШҚО : ШҚ «Алгабас», ЖШС «Лазарев и К», ЖШС «Сахновское»;

· Қарағанды облысы : ШҚ «Жанболат», ШҚ «Ескене»;

· Қостанай облысы : ЖШС «Север-Агро Н»;

· Павлодар облысы : ЖШС «МТС «Жайма», ШҚ «Болат»;

· СҚО : ЖШС «Азия-Тарангул»;

· ОҚО : ЖШС «Ақсанат Инжиниринг», ЖШС «Алтын-Дан».


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 339.68
  • EUR Евро 401.13
  • CNY Қытай юані 51.26
  • RUB Ресей рублі 5.9
  • GBP Ағыл. фунты 457.14
Хабарландыру тақтасы