Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ауылшаруашылық ұшақтарын лизингке алу жобасы


1. Жоба мәнін баяндау (атауы, кім жүзеге асырады, жоба қатысушылары қандай жетістікке қол жеткізеді)

Жоба кәсіпкерлерге авиациялық химиялық жұмыстар үшін лизингке ауылшаруашылық ұшақтарын лизинг шарты бойынша алуға мүмкіндік береді.

Бюджет қаражаттары есебінен берілетін қаржы лизингінің шарттары:

· лизинг шартының мерзімі 8 жылдан аспау қажет;

· өтеудің жеңілдік кезеңі – 3 жылдан аспайды;

· сыйақы төлемі - 8%;

· жылдық пайыздық мөлшерлеме –7,9% бастап ;

· жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін ;

Сіз лизинг нысанының құнынан алғытөлем ретінде кемінде 25% ала аласыз ;

· Келесі жағдайлардан басқа кезде алғытөлем бойынша қамтамасыздандыру талап етілмейді :

- егер де Сіз бұрын өз жұмысыңызда кұшақтарды пайдаланбасаңыз ;

- егер де ұшақтарды техникалық пайдалану және ұшуды орындауды қамтамасыз етуге қажет жабдықтар, ғимараттар, құрылыстар кепілге салынған болса.

· Сіз өзіңізге ыңғайлы кез-келген қамтамасыз ету әдістерін таңдай аласыз:

- «КазАгроФинанс» талаптарына жауап беретін банк немесе заңды тұлғалардың кепілі;

- ақшалай кепіл;

- кепілақы;

- «КазАгроФинанс» келісімі бойынша Сіз кепілге кез-келген жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті қоя аласыз. Мүліктің бағалау құны лизинг шарты бойынша қарызды жаба отыра Сіздің бір жылдық төлейтін сомаңыздың 120 % кем болмауы қажет. Бұл сома алынған лизинг нысаны бойынша қарыз сомасы ретінде де, сонымен қатар, Сіздің шартта көрсетілген пайыздық сыйақы болып табылады.

- Қазақстан Республикасы заңдарына және де қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды бақылауды реттеу борйынша құзыретті органдар талаптарына қайшы келмейтін қамтамасыз етудің басқа әдістері.

Жоба операторлары:

«КазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі АҚ және оның еншілес компаниясы – «ҚазАгроФинанс»» АҚ.

2. Жобаға қатысу кім үшін қолжетімді/қолжетімді емес

2.1 Сіз келесі жағдайларда жобаға қатыса аласыз:

· Төлемқабілеттілігіңіз бен тұрақты қаржылық жағдайыңыз болса: қажет болған жағдайда, жобаны іске асыру үшін қаражат бөлсеңіз;

· Сіздің өндірісіңізде біліктілігі жоғары басшылар жұмыс атқарса, компанияның беделі жақсы және тұрақты болса;

· Сіздің несие тарихыңыз жағымды болса - мерзімі кешіктіріліп төленген несие болмаса;

· Сіздің кәсіпорныңызға қатысты қайта құру, жою, борышкер рәсімдері жүргізілмеген болса;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатын болсаңыз;

· Сізде кепілдік қамсыздандыру жеткілікті немесе жобадан алынған қаражатты қайтаруға кепіл берсеңіз;

· Сізде жобаны іс жүзіне асыратын аймақта шикізат қорының, немесе жергілікті өндірушілерден шикізат сатып алуға кепілді келісім-шарттарыңыз болса;

· Сіз бәсекеге қабілетті өнімді шығарасаңыз және/немесе талап етілетін қызмет көрсетсеңіз және мұнымен қоса Сіздің жобаңыз пайдалы/өтелімді болып табылса.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық .

· Кәсіпкер «КазАгроФинанс» мамандарымен сұхбаттан өтеді ;

· Сұхбаттан соң кәсіпкер үлгі бойынша жасалған өтініші мен толық құжаттарды «КазАгроФинанс» АҚ-на тапсырады (құжаттар тізімі келесі сілтемеде: http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/agricultural_machinery_equipment/list_of_documents/ );

· Кәсіпкердің құжаттары мен оның жобасы «КазАргоФинанс» мамандарының сараптамасы мен талдауынан өтеді;

· «КазАгроФинанс» АҚ құзыретті департаменті кәсіпкер жобасы бойынша қаржылық лизинг беру туралы шешім қабылдайды;

· Кәсіпкермен қаржылық лизинг шарты жасалады;

· Лизинг нысаны сатып алынады ;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алар алдындағы талаптарын орындайды;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алады;

· «КазаАгроФинанс» Сізбен қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттердің орындалуын тұрақты негізде тексеріп отырады және олар толық орындалған жағдайда, Сізге алынған техникаға барлық меншік құқығы беріледі;

4. Жобаға қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылу шарты. Жоба қатысушыларының жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарты, жауапкершілік қарызгер мен «КазАгроФинанс» АҚ арасында жасалған қаржылық несие туралы шарттарда қарастырылады.

5. Жобаны сәтті аяқтағаннан кейін жаңа қатысушылар алдында ашылатын алдағы мүмкіншіліктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-лист)

Сұрақ : « Тиімді мөлшерлеме деген не ? Оның жәй пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы қандай ?»

Жауап : « Бұл қарызгердің кредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде кредиттің берілгені, қызмет көрсетілгені және өтелгені (қайтарылғаны) үшін комиссиялары мен өзге төлемдерінің пайыздық мөлшерлемесі. Комиссиялар арнайы ілеспелі қызметтер бойынша алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру, қарыз шотын жүргізу және т.б. Сондықтан, негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығындар қосылады».

Сұрақ: «КазАгроның кеңесшілері бизнес-жоспар құруға көмек бере алады ма?»

Жауап:

Сұрақ: ««КазАгро» и «КазАгроФинанстың» аймақтық бөлімшелері мен өкілдіктері тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап : Оларды Сіз келесі сілтемелерден таба аласыз : http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii и http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ: Шикізат қорын қалай түсінесіз?

Жауап:

Сұрақ: «Сіз менің шикізат қорымды қалай анықтайсыз?»

Жауап:

Сұрақ: «Бюджеттік және бюджеттік емес қаражат есебінен берілетін қаржы лизингі деген не?»

Жауап:

7. Жоба бойынша статистика.


Назад
Жақындағы оқиғалар

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 310.4
  • EUR Евро 347.06
  • CNY Қытай юані 45.3
  • RUB Ресей рублі 5.5
  • GBP Ағыл. фунты 398.62
Хабарландыру тақтасы