Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ауыл шаруашылық техникалары және құрастыруды қажет етпейтін арнайы техникаларды лизингке алу жобасы


1. Жоба мәнін баяндау (атауы, кім жүзеге асырады, жоба қатысушылары қандай жетістікке қол жеткізеді).

Жоба кәсіпкерлерге кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру үшін лизингке отандық және шетелдік ауылшаруашылық және арнайы техникаларды алуға мүмкіндік береді.

1.1. Жоба аясында іске асырылатындар:

· ілгіш және тіркелмелі ауылшаруашылық машиналары (тасымалдағыш, тиегіш және астық серпушілер);

· көкөністерді егуге арналған тұқымсепкіштер (минералды тыңайтқыштарды енгізумен қоса) және көкөністерді қарықаралық өңдеу, әмбебап көкөніс тұқымсепкіштер, отаушы агрегаттар, қопсытқыштар;

· жемтаратқыштар, жемді тасымалдау мен таратуға арналған машиналар (жемараластырғыштар-жемтаратқыштар);

· шөп шабатын машина (екі-үшдіңгекті, көптаралымды және т.б);

· тырнауыш, қопсытқыш құрылғы, тығыздағыш-іріктеушілер, іріктегіш-теңтөсеуші және тасымалдаушылар;

· ысырма құралдар, шөмеле тасығыштар, тиегіштер- пішен маялағыштар және трактор тіркемелері;

· ілулі алысағысты жаңбыр жаудырғыштар, жаңбыр жаудырғыш аппараттар;

· агреттар мен қондырғыштар, қозғалмалы сусепкіштер, тіркемелер, онымен қоса арнайы жабдықтармен жөнделген тіркемелер;

· жүгеріні жинауға бейімдеу, дестелегіштер және тұқымсепкіштер, соқалар мен жер өңдеуге арналған машиналар мен саймандар, (тырмалар, топырақ қопсытушы, тегістеуіштер, қопсытқыштар және басқалары);

· бүркуіштер, тозаңдатқыштар, дақылдарды дәрілеуіштер, тыңайтқыш енгізетін машиналар, егуге күтім жасайтын және ауылшаруашылық мәдениетін қорғауға арналған машиналар;

· басқа да техникалар, оның ішінде: қабылдауға арналған жабдықтар мен машиналар, тасымалдаушылар, ауылшаруашылық өнімдерін сақтау және алғаш өңдеу, балық және орманшаруашылық өнімдерін, көкөністерді күтіп-баптау, малшаруашылықты механикаландыру, құсшаруашылық фермаларын, жем дайындау, жаңбырлатқыш және суару машиналарын дайындау;

1.2. Қаржылық лизинг шарты:

1.2.1. Егер де Сіз лизингке ілгіш және тіркелмелі ауылшаруашылық машиналарын алатын болсаңыз л изинг шартының мерзімі 5 жылдан аспауы қажет:

· ілгіш және тіркелмелі ауылшаруашылық машиналары (тасымалдағыш, тиегіш және астық серпушілер);

· көкөністерді егуге арналған тұқымсепкіштер (минералды тыңайтқыштарды енгізумен) және көкөністерді қарықаралық өңдеу, әмбебап көкөніс тұқымсепкіштер, отаушы агрегаттар, қопсытқыштар;

· жемтаратқыштар, жемді тасымалдау мен таратуға арналған машиналар (жемараластырғыштар-жемтаратқыштар);

· шөп шабатын машина (екі-үшдіңгекті, көптаралымды және т.б);

· тырнауыш, қопсытқыш құрылғы, тығыздағыш-іріктеушілер, іріктегіш-теңтөсеуші және тасымалдаушылар;

· ысырма құралдар, шөмеле тасығыштар, тиегіштер- пішен маялағыштар және трактор тіркемелері;

· ілулі алысағысты жаңбыр жаудырғыштар, жаңбыр жаудырғыш аппараттар;

· агреттар мен қондырғыштар, қозғалмалы сусепкіштер, тіркемелер, онымен қоса арнайы жабдықтармен жөнделген тіркемелер;

· жүгеріні жинауға бейімдеу, дестелегіштер және тұқымсепкіштер, соқалар мен жер өңдеуге арналған машиналар мен саймандар, (тырмалар, топырақ қопсытушы, тегістеуіштер, қопсытқыштар және басқалары);

· бүркуіштер, тозаңдатқыштар, дақылдарды дәрілеуіштер, тыңайтқыш енгізетін машиналар, егуге күтім жасайтын және ауылшаруашылық мәдениетін қорғауға арналған машиналар;

1.2.2. Егер сіз басқа да техника алатын болсаңыз, онда лизинг мерзімі 7 жылға дейін ұзартылуы мүмкін (1.2.1 тармақтарында көрсетілмегендер), соның ішінде:

· отандық және шетелдік қабылдауға арналған жабдықтар мен машиналар, тасымалдаушылар, ауылшаруашылық өнімдерін сақтау және алғаш өңдеу, балық және орманшаруашылық өнімдерін, көкөністерді күтіп-баптау, малшаруашылығын механикаландыру, құсшаруашылық фермаларын, жем дайындау, жаңбырлатқыш және суару машиналарын дайындау ) өнімдері. Сонымен қатар, шарттың бүкіл бағасы бір жабдықтаушының бір немесе бірнеше бірлік техника алғанда 25 млн. теңгеден аспау қажет.

· НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Шарттың бүкіл бағасы бір жабдықтаушының 1.2.2. тармағында көрсетілген бір немесе бірнеше бірлік техника алу бағасы 25 млн. теңгеден асса, бірақ 35 млн.теңгеден аспаса, лизинг мерзімі 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

1.2.3. Егер Сізге қаражаттандыру қол жетімді болған жағдайдағы пайыздық мөлшерлемелер:

- н егізгі пайыздық төлем 12,8% құрайды, ал мемлекет тарапынан белгіленген пайыз бөлігін қаражаттандандыруды есептегенде, төлем 5,8% пайызға дейін төмендетілуі мүмкін;

- жылдық төлем нәтижесі – от 13,4%, ал мемлекет тарапынан қаражаттандыру есебімен алғанда төлем 6,4% дейін төмендетілуі мүмкін;

1.2.4. Егер де Сізге қаражаттандыру қолжетімсіз болған жағдайдағы пайыз төлемдері:

- сыйақы төлемі 8 % құрайды;

- жылдық төлем – 8,2% бастап.

1.2.5. Алғытөлем алу шарты :

· егер де, Сіз 1.2.1. тармақтарындағы техникаларды алатын болсаңыз, онда алғытөлем мөлшері 25 %-дан жоғары болмайды және оған қамтамасыз ету талап етілмейді;

· егер, Сіз 1.2.2. тармағында көрсетілген техниканы алатын болсаңыз және шарттың бүкіл бағасы бір жабдықтаушының бір немесе бірнеше бірлік техника алғанда 25 млн. теңгеден аспаса, Сіз шарт құнынан 15% көлемде қамтамасыз етпей-ақ алғытөлемдік қаражаттандыру ала аласыз және төлем бойынша қамтамасыз ету қажет немесе шарт құнының 25% беру қажет болады;

· егер, Сіз 1.2.2. тармағында көрсетілген техниканы алатын болсаңыз және шарттың бүкіл бағасы бір жабдықтаушының бір немесе бірнеше бірлік техника алғанда 25- тен 35 млн. теңгеге дейін болса, Сіз шарт құнынан 15% көлемде төлемді қамтамасыз етпей-ақ алғытөлемдік қаражаттандыру ала аласыз және төлем бойынша 20% қамтамасыз ету беру қажет болады;

· егер, Сіз 1.2.2. тармағында көрсетілген техниканы алатын болсаңыз және шарттың бүкіл бағасы бір жабдықтаушының бір немесе бірнеше бірлік техника алғанда 35 млн. теңгеден асатын болса, Сіз шарт құнынан 15% көлемде төлемді қамтамасыз етпей-ақ алғытөлемдік қаражаттандыру ала аласыз;

1.2.6 . Алғытөлем 15%-ды құрағандағы қамтамасыз ету шарттары: Сіз өзіңізге ыңғайлы кез-келген қамтамасыз ету әдістерін таңдай аласыз:

· «КазАгроФинанс» талаптарына жауап беретін банк немесе заңды тұлғалардың кепілі;

· ақшалай кепіл ;

· кепілақы ;

· «КазАгроФинанс» келісімі бойынша Сіз кепілге кез-келген жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті қоя аласыз. Мүліктің бағалау құны лизинг шарты бойынша қарызды жаба отыра, Сіздің бір жылдық төлейтін сомаңыздың 120 % -нан кем болмауы қажет. Бұл сома алынған лизинг мәні бойынша қарыз сомасы ретінде де, сонымен қатар, Сіздің шартта көрсетілген пайыздық сыйақы болып табылады.

· Қазақстан Республикасы заңдарына және де қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды бақылауды реттеу борйынша құзыретті органдар талаптарына қайшы келмейтін қамтамасыз етудің басқа әдістері.

2. Жобаға қатысу кім үшін қолжетімді/қолжетімді емес

2.1 Сіз келесі жағдайларда жобаға қатыса аласыз:

· Төлемқабілеттілігіңіз бен тұрақты қаржылық жағдайыңыз болса: қажет болған жағдайда, жобаны іске асыру үшін қаражат бөлсеңіз;

· Сіздің өндірісіңізде біліктілігі жоғары басшылар жұмыс атқарса, компанияның беделі жақсы және тұрақты болса;

· Сіздің несие тарихыңыз жағымды болса - мерзімі кешіктіріліп төленген несие болмаса;

· Сіздің кәсіпорныңызға қатысты қайта құру, жою, борышкер рәсімдері жүргізілмеген болса;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатын болсаңыз;

· Сізде кепілдік қамсыздандыру жеткілікті немесе жобадан алынған қаражатты қайтаруға кепіл берсеңіз;

· Сізде жобаны іс жүзіне асыратын аймақта шикізат қорының, немесе жергілікті өндірушілерден шикізат сатып алуға кепілді келісім-шарттарыңыз болса;

· Сіз бәсекеге қабілетті өнімді шығарсаңыз және/немесе талап етілетін қызмет көрсетесеңіз және мұнымен қоса Сіздің жобаңыз пайдалы/өтелімді болып табылса.

· 3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық .

· Кәсіпкер «КазАгроФинанс» мамандарымен сұхбаттан өтеді ;

· Сұхбаттан соң кәсіпкер үлгі бойынша жасалған өтініші мен толық құжаттарды «КазАгроФинанс» АҚ-на тапсырады (құжаттар тізімі келесі сілтемеде: http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/agricultural_machinery_equipment/list_of_documents/ );

· Кәсіпкердің құжаттары мен оның жобасы «КазАргоФинанс» мамандарының сараптамасы мен талдауынан өтеді;

· «КазАгроФинанс» АҚ құзыретті департаменті кәсіпкер жобасы бойынша қаржылық лизинг беру туралы шешім қабылдайды;

· Кәсіпкермен қаржылық лизинг шарты жасалады;

· Лизинг нысаны сатып алынады ;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алар алдындағы талаптарды орындайды;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алады;

· «КазаАгроФинанс» Сізбен қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттердің орындалуын тұрақты негізде тексеріп отырады және олар толық орындалған жағдайда, Сізге алынған техникаға барлық меншік құқығы беріледі;

4. Жобаға қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылу шарты. Жоба қатысушыларының жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарты, жауапкершілік қарызгер мен «КазАгроФинанс» АҚ арасында жасалған қаржылық несие туралы шарттарда қарастырылады.

5. Жобаны сәтті аяқтағаннан кейін жаңа қатысушылар алдында ашылатын алдағы мүмкіншіліктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Мен кез-келген жеткізушіні таңдай аламын ба ?»

Жауап: Сіз жеткізушіні өздігіңізбен таңдай аласыз, немесе келесі сілтемеде көрсетілген арнайы техника жеткізушілері тізімінен таңдай аласыз: http://kaf.kz/products_company/major_suppliers/ .

Сұрақ: ««КазАгро» және «КазАгроФинанстың» аймақтық бөлімшелері мен өкілдіктері тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап: Оларды Сіз келесі сілтемелерден таба аласыз: http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii және http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ: « «КазАгроның» кеңесшілері бизнес-жоспар құруға көмек бере алады ма?»

Жауап:

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме деген не? Оның жәй пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы қандай?»

Жауап: «Бұл қарызгердің кредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде кредиттің берілгені, қызмет көрсетілгені және өтелгені (қайтарылғаны) үшін комиссиялары мен өзге төлемдерінің пайыздық мөлшерлемесі. Комиссиялар арнайы ілеспелі қызметтер бойынша алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру, қарыз шотын жүргізу және т.б. Сондықтан, негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығындар қосылады».

Сұрақ: « «КазаАгроФинанс басқа қандай жобаларды қаржыландыруда»?»

Жауап:

Сұрақ: « «Бұрынғы қарыз төлеуге немесе сұралынды лизинг мәнін беру несие келісімінің шарты» дегенді қалай түсінуге болады»? Бұл қандай шарттар?»

Жауап:

Сұрақ: Шикізат қорын қалай түсінесіз?

Жауап:

Сұрақ: «Сіз менің шикізат қорымды қалай анықтайсыз?»

Жауап:

Сұрақ: «Менің алғы төлемім үшін кепілгер болып табылатын банктер мен заңды тұлғаларға «КазАгроФинанс» қандай талаптар қоюда?»

Жауап:

7. Жоба бойынша статистика:

2013 жылдың 1 қаңтарына өз жұмысы мерзімінде Қоғам 21,6 мың бірліктен тұратын, жалпы құны 176,2 млрд. тенгені құрайтын әртүрлі ауылшаруашылық техникаларын сатып алуды қаражаттандырды, соның ішінде:

- құны 90,1 млрд. тенгені құрайтын 6 975 бірлік комбайндар;

- құны 23,0 млрд. тенгені құрайтын 5 872 бірлік тракторлар;

-құны 34,2 млрд. тенгені құрайтын 816 егін жиынтықтары;

- құны 90,1 млрд. тенгені құрайтын 6 975 бірлік комбайндар;

- құны 2,4 млрд. тенгені құрайтын 1 504 бірлік дәнсепкіш;

- құны 26,5 млрд. тенгені құрайтын 6 466 бірлік басқа да ауылшаруашылық техникалары.

Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 312.44
  • EUR Евро 340.47
  • CNY Қытай юані 45.34
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 400.7
Хабарландыру тақтасы