Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Технологиялық жабдықты және құрастыруды қажет ететін арнайы техника» Жобасы («Агробизнес- 2020» бағдарламасының бір бөлігі)


1. Жоба мәнін баяндау (атауы, кім жүзеге асырады, жоба қатысушылары неге қол жеткізеді)

Жоба кәсіпкерлерге өз көліктрактор парктерін жаңарту мақсатында лизингке отандық және шетелдік ауылшаруашылық және арнайы техникаларды алуға мүмкіндік береді. Жаңа техника Сізге өнімділікті арттырып, жаңа өнімнің көлемін ұлғайтуға көмегін тигізеді. Сіз өндірісті қайта жабдықтап, оны автоматтандыра аласыз. Жоба аясында, Сіз құрастыруды талап ететін отандық және шетелдік өндірістегі жабдықтарды ала аласыз, оның ішінде:

· қабылдау, тасымалдау, сақтау және ауылшаруашылық өнімдерін алғаш өңдеуден өткізу, балық және орман шаруашылығы, көкөністерді күтіп-баптауға арналған жабдықтар мен техникалар;

· мал шаруашылық, құс фермаларына жем, азық дайындау жабдықтары;

· электр қуатын өндіруге арналған желдеткіштерді құру (желдеткіш генераторлар).

Қаржылық лизинг шарты :

· Лизинг шартының мерзімі 7 жылдан артық болмау қажет ;

· Жеңілдетілген өтеу мерзімі – 2 жылдан артық емес ;

· Қаражаттандыру Сізге қолжетімді болған жағдайдағы пайыз төлемі :

- н егіз г і пайыздық төлем 12,8% құрайды , ал мемлекет тарапынан белгіленген пайыз бөлігін қаражаттандандыруды есептегенде, төлем 5,8% пайызға дейін төмендетілуі мүмкін .

- жылдық төлем нәтижесі – от 12,6%.

· Егер де Сізге қаражаттандыру қолжетімсіз болса, белгіленетін пайыз төлемдері :

- сыйақы төлемі 8,5% құрайды ;

- жылдық төлем нәтижесі – от 8,4%.

Алғытөлем алу шарты :

· Егер кепіл ретінде ғимаратта (үй) орналасқан, жаңа құрал құрастыру жүргізілетін жер телімі бар ғимарат (үй) ұсына алсаңыз, Сіз қаржы лизингі шартының толық мерзімінде лизинг нысанының бағасынан кемінде 15% пайыз ала аласыз;

· Қамтамасыз етпей лизинг нысанының бағасынан кемінде 25% пайыз ала аласыз, егер:

- ғимаратта (үй) орналасқан жер телімін кепіл ретінде бере алмасаңыз;

- лизингке берілетін құрал және/немесе техника жалпы алаңы кемінде 50% құрайтын ғимараттың (үй) бір бөлігінде орналасқан болса;

- техника орналастырылатын ғимарат кепілде, жалда, ипотека немесе басқа да мүлік ауыртпалық түрлерінде болса;

Жоба операторлары:

««КазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі АҚ және оның еншілес компаниясы – «ҚазАгроФинанс»» АҚ.

2. Жобаға қатысу кім үшін қолжетімді/қолжетімді емес

2.1 Сіз келесі жағдайларда жобаға қатыса аласыз:

· Төлемқабілеттілігіңіз бен тұрақты қаржылық жағдайыңыз болса: қажет болған жағдайда, жобаны іске асыру үшін қаражат бөлсеңіз;

· Сіздің өндірісіңізде біліктілігі жоғары басшылар жұмыс атқарса, компанияның беделі жақсы және тұрақты болса;

· Сіздің несие тарихыңыз жағымды болса - мерзімі кешіктіріліп төленген несие болмаса;

· Сіздің кәсіпорныңызға қатысты қайта құру, жою, борышқор рәсімдері жүргізілмеген болса;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алатын болсаңыз;

· Сізде кепілдік қамсыздандыру жеткілікті немесе жобадан алынған қаражатты қайтаруға кепіл берсеңіз;

· Сізде жобаны іс жүзіне асыратын аймақта шикізат қорының, немесе жергілікті өндірушілерден шикізат сатып алуға кепілді келісім-шарттыңыздың болуы;

· Сіз бәсекеге қабілетті өнімді шығарасыз және/немесе талап етілетін қызмет көрсетесіз және мұнымен қоса Сіздің жобаңыз пайдалы/өтелімді болып табылады.

3. Жобаға қалай қатысу қажет – толтыру үлгілері, байланыс мәліметтерді қоса, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

· Кәсіпкер «КазАгроФинанс» мамандарымен сұхбаттан өтеді ;

· Сұхбаттан соң кәсіпкер үлгі бойынша жасалған өтініші мен толық құжаттарды «КазАгроФинанс» АҚ-на тапсырады (құжаттар тізімі келесі сілтемеде: http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/agricultural_machinery_equipment/list_of_documents/ );

· Кәсіпкердің құжаттары мен оның жобасы «КазАргоФинанс» мамандарының сараптамасы мен талдауынан өтеді;

· «КазАгроФинанс» АҚ құзыретті департаменті кәсіпкер жобасы бойынша қаржылық лизинг беру туралы шешім қабылдайды;

· Кәсіпкермен қаржылық лизинг шарты жасалады;

· Лизинг мәні алынады ;

· Кәсіпкер лизинг нысаны бойынша алдыңғы сұралынды беру талаптарын орындайды;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алады;

· «КазаАгроФинанс» Сізбен қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттердің орындалуын тұрақты негізде тексеріп отырады және олар толық орындалған жағдайда, Сізге алынған техникаға барлық меншік құқығы беріледі;

4. Жобаға қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылу шарты. Жоба қатысушыларының жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарты, жауапкершілік қарызгер мен «КазАгроФинанс» АҚ арасында жасалған қаржылық несие туралы шарттарда қарастырылады.

5. Жобаны сәтті аяқтағаннан кейін жаңа қатысушылар алдында ашылатын алдағы мүмкіншіліктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Мен кез-келген жеткізушіні таңдай аламын ба ?»

Жауап: Сіз жеткізушіні өздігіңізбен таңдай аласыз, немесе келесі сілтемеде көрсетілген арнайы техника жеткізушілері тізімінен таңдай аласыз: http://kaf.kz/products_company/major_suppliers/ .

Сұрақ: ««КазАгро» және «КазАгроФинанстың» аймақтық бөлімшелері мен өкілдіктері тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап: Оларды Сіз келесі сілтемелерден таба аласыз: http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii және http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ: «КазАгроның кеңесшілері бизнес-жоспар құруға көмек бере алады ма?»

Жауап:

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме деген не? Оның жәй пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы қандай?»

Жауап: «Бұл қарызгердің кредитті пайдаланудың бүкіл мерзімінде кредиттің берілгені, қызмет көрсетілгені және өтелгені (қайтарылғаны) үшін комиссиялары мен өзге төлемдерінің пайыздық мөлшерлемесі. Комиссиялар арнайы ілеспелі қызметтер бойынша алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру, қарыз шотын жүргізу және т.б. Сондықтан, негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығындар қосылады».

Сұрақ: Шикізат қорын қалай түсінесіз?

Жауап:

Сұрақ: «Сіз менің шикізат қорымды қалай анықтайсыз?»

Жауап:

7. Жоба бойынша статистика:

Жасалған қаржылық лизинг шартттары бойынша қаржыландырудың барлық көзі есебінен «КазАгроФинанс» АҚ бастапқы жұмыс кезеңінен 65 бірлік технологиялық жабдықтар мен жалпы сомасы 884,76 млн. теңгеге арнайы техника алынды, оның ішінде республикалық бюджет есебінен – 147 бірлік жабдықтар мен жалпы сомасы 716,69 млн. теңгеге арнайы техника алынды, бюджеттік емес қаржыландыру көзі есебінен – 18 бірлік жабдықтар мен жалпы сомасы 168,43 млн. теңгеге арнайы техника алынды.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.57
  • EUR Евро 391.81
  • CNY Қытай юані 50.37
  • RUB Ресей рублі 5.81
  • GBP Ағыл. фунты 439.14
Хабарландыру тақтасы