Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

«Өнімділік 2020» бағдарламасы


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, кім іске асырады, бағдарламаға қатысушылар қандай жетістіктерге қол жеткізеді)

1.1. Бағдарлама аясында мемлекеттік институттар Сізге келесілерді ұсынуы мүмкін:

· инвистициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптамадан өткізу үшін төлеу бойынша көмек;

· ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды төлеу үшін субсиди ялар;

· инноваци ялық грант тар.

Бағдарламаның Әкімшісі:

· Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

Бағдарламаның Оператор ы:

· "Индустрияны дамыту қазақстандық институты" акционерлік қоғамы;

Қаржылық лизинг құралының Оператор ы:

· «БРК-Лизинг» АҚ.

1.2. Қолдау құралдарының сипаттамасы:

1.2.1.Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптамадан өткізу үшін төлеу бойынша көмек:

Бағдарлама шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін кеткен шығыстардың 50%-ы, бірақ 7,5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерінде төлеу көзделген.

1.2.2.Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды төлеу үшін субсиди ялар:

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды алу кезінде Сіз лизинг нысандарының жалпы құнының 15 % кем болмайтын көлемде жобаның іске асырылуына қатысуды ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуіңіз тиіс.

Лизинг нысанының құны 150 млн. теңгеден кем болмауы тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін – 75 млн. теңгеден кем болмауы тиіс).

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру 10 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады. Қатысушы үшін қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі 7,5 % аспауы тиіс.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру кәсіпкерлерге "БРК - Лизинг" акционерлік қоғамымен ұсынылады ("Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамының еншілес ұйымы).

1.2.3.Инноваци ялық грант:

Инновациялық гранттар жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобаларға келесі бағыттар бойынша беріледі:

·Инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру үшін берілетін инновациялық грант

Грант өндірісті ұйымдастыру тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру үшін шетелдік білім беру, ғылыми, ғылыми-өнеркәсіптік/өнеркәсіптік ұйымдарда жаңа білімдер, дағдылар және тәжірибе алуға бағытталған.

Өтеу сомасы: іс-сапар жеріне бару және тұрақты жұмыс орнына кері қайту жолақысы құнының, білім беру ұйымының қызметтері құнының 40% және біліктілікті арттыру мерзімі ішінде мекенжайда тұру құны, бірақ 2 млн.те ң ге ден аспайды.

Мерзімі: курстарда оқу - 1 айдан аспайды және тағылымдама – 3 айдан аспайды.

Бағдарлама о ператор ы - «Т ехнологи ялық дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ.

·Б іліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту үшін тағайындалған и нноваци ялық грант

Грант инженер лік -техни калық саладағы шетелдік мамандардың ұсынысы бойынша технологиялық үдерістерді жетілдіруге, құрал-жабдықты пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өтеу сомасы: қызметтердің құнын төлеу үшін жұмсалған шығындардың 40% көлемінде ( жолды, мекенжайда тұруды, тәуліктік шығындарды есептемегенде ), бірақ жылына 1 маман үшін 9 млн. те ң ге ден аспайды ( жылына кемінде 3 маман ).

Мерзімі: 12 айдан аспайды.

Бағдарлама операторы - «Технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ.

·Консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту үшін арналған инновациялық грант

Құралдың мақсаты:

- консалтинг ұйымдарының қызметтері кәсіпорынның жалпы қызмет етуін ( энерг иялық аудит, ақпараттық технологиялар саласындағы консалтинг, соның ішінде АСУ, компанияны басқару жүйесінің қалыптасуы, қайта құрылуы, қызмет етуі бойынша өзекті мәселелердің жиынтығы) оңтайландыру бойынша және өнеркәсіптік дизайнды әзірлеу бойынша технологиялық үдерістердің техникалық құжаттамасын әзірлеуге бағытталған;

- жобалау және инжиниринг ұйымдарының қызметтері инженерлік ойды дайындауға, жаңа құрылыстарды, технологияларды іздестіріп, оларды өндірісте қолдану мүмкіндіктерін анықтауға, өндірістің қалыпты үдерісін қамтамасыз ету, алып жүру және басқаруға және өнімді сатуға бағытталған.

К онсалтинг ұйымдарының қызметтерін өтеу сомасы: - құнының 40%, бірақ 5 млн. теңге ден аспауы тиіс, мерзімі: 6 айдан аспайды.

Жобалау және инжинирин ұйымдарының қызметтерін өтеу сомасы: - құнының 30%, бірақ 30 млн.теңге ден аспауы тиіс, мерзімі: 12 айдан аспайды.

Бағдарлама операторы - «Технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ.

·Б асқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу үшін тағайыедалған и нновациялық грант

Грант өндірісті ұйымдастыру тиімділігін және еңбек өнімділігін арттыру үшін отандық кәсіпорындардың басқарушылық және өндірістік деңгейінің жоғарлауын ынталандыруға бағытталған (энерг иялық тиімді және жасыл технологи яларды, жобаларды басқару стандарт тарын қолданысқа енгізу, Lean, Кайдзен, ISO).

Өтеу сомасы: шығындардың 40%, бірақ 15 млн.теңге ден аспауы тиіс.

Мерзімі: шартқа қол қойылған сәттен бастап 12 ай ішінде.

Бағдарлама операторы - «Технологиялық дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады

Келесі талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлер Бағдарламаның қатысушылары бола алады:

· ОсыБағдарламаның1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік бағдарлама аясында экономиканың басымды салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

· машиналар мен құрал-жабдықтарды жөндеу және орнату бойынша қызметтерді көрсету саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерді қоспағанда (ЭҚЖЖ коды 33), осыБағдарламаның1-қосымшасында келтірілген өнімді шығаратын және (немесе) шығаруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

· банктер алдында барлық міндеттеме түрлері бойынша мерзімі өткен берешегі және салықтық берешегі жоқ кәсіпкерлер.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Барлық қатысушылар үшін жалпы ережелер:

Бағдарламаға қатысу үшін инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу қажет (өтінім берушімен дербес немесе Бағдарлама әкімшісімен бекітілген тізімнен алынған консалтингтік компанияны тарту арқылы әзірленуі мүмкін).

Инвестициялық жобаның кешенді жоспары келесі көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеуі тиіс:

- инвестициялық жобаның қаржылық өтелімділігі;

- еңбек өнімділігінің 2 есе артуы ( әрекет етуші кәсіпорындарын жаңғырту жобалары бойынша орташа салалық деңгейдің 1,5 еселенген мөлшерінен кем болмауы тиіс; жаңа инвестициялық жобалар бойынша салалық орташа деңгейдің 3 еселенген мөлшерінен кем болмауы тиіс );

- өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ( ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие болуы ).

3.1. Барлық қатысушылар үшін Бағдарламаға рұқсат берудің жалпы кезеңдері:

3.1.1. I кезең « Қатысу үшін өтінім беру және құжаттар топтамасын жинау »

· Бағдарлама бойынша кеңес алу үшін кәсіпкер Бағдарламаның аймақтық өкіліне және Бағдарламаның операторына жүгінеді. Құжаттар топтамасын ұсыну Бағдарламаның операторымен жүзеге асырылады;

· Бағдарламаға қатысу үшін өтінім беруші Бағдарламаның операторымен бірге ынтымақтастық туралымеморандумғақол қояды және оған құжаттардың келесі топтамасын ұсынады:

1) Бағдарламаны іске асыру Ережелерінің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сауалнама;

2)Ережелердің2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бағдарламаға қатысу мен мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы өтініш;

3)Ережелердің3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жобаның паспорты;

4) еркін нысанда рәсімделген жоба бойынша тұсаукесер слайды;

5) консалтинг компаниясымен әзірленген инвестициялық жобаның кешенді жоспары, немесе өтінім берушімен дербес әзірленген, консалтинг компаниясының сараптама бағасы берілген инвестициялық жобаның кешенді жоспары;

6) өтінім берушіге қызмет көрсететін банктің (-тердің) қол қойылған және мөрімен расталған барлық міндеттемелер бойынша мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы анықтама түпнұсқасы;

7) тиісті салық органымен берілген міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің және салық берешегінің болмауы туралы анықтама түпнұсқасы;

8) акционерлік қоғамдар үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудитордың (лицензияның көшірмесін қосымша ұсыну қажет) соңғы қаржылық жыл бойынша қорытындысының көшірмесі (егер Өтінім беруші құжаттар пакетін ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейін ұсынған жағдайда, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жыл бойынша аудитор қорытындысының көшірмесі ұсынылуы мүмкін);

9) заңды тұлғаның құқыққабілеттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (заңды тұлғаның жарғысы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі, Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің куәлігі, статистикалық карточкасы (болған жағдайда), лицензия және (немесе) патент, өтінім берушінің тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге, және сатуға құқығын растайтын куәлік, сертификат, диплом және басқа да құжаттар (болған жағдайда жаңа жобалар үшін);

10) қоршаған ортаға әсер етуін алдынала бағалау үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы ( «ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру» құралын алу кезде).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!!

Құжаттар топтамасын рәсімдеу бойынша талаптар:

· Құжаттар топтамасы қағаз және электрон дық тасымалдау құралдарында ұсынылады: мәтінді құжаттар Word- үлгісіндегі файл дарда, есептеу кестелері Excel- үлгісіндегі файл дарда.

· Құжаттар топтамасы бір папкаға жинақталуы тиіс, барлық құжаттардың парақтары түгел нөмірленуі тиіс, бір парақтан астам болса олар тігіріп, өтінім берушінің мөрімен және өтінім берушінің өкілетті тұлғасының қолымен расталуы тиіс.

· Инвестициялық жобаның кешенді жоспары нөмірленуі, түптелуі, тігілуі тиіс, және тігілген және нөмірленген парақтардың саны туралы жазба жасалатын қағаз пломбамен бекітілуі тиіс, және де өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылып, мөрмен расталуы тиіс. Қолы мен мөрі ішінара қағаз пломбасына, ішінара құжаттың парағына қойылуы тиіс.

· Инвестициялық жобаның кешенді жоспары консалтингтік компаниямен әзірленген жағдайда, инвестициялық жобаның кешенді жоспарына консалтингтік компания басшысының қолы қойылып, кешенді жоспардың бірінші бетінде мөрі қойылуы тиіс.

· Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарының түпнұсқасымен қатар, оның Өтінім берушінің бірінші басшысының қолы қойылған және мөрмен расталған көшірмесін ұсынуы тиіс.

· Инвестициялық жобаны қарастыру туралы өтінішке өтінім берушінің атынан құжаттарға қол қоюға өкілеттілігі бар тұлғаның қолы қойылуы тиіс. Құжаттарға сенімхат негізінде қол қойылған жағдайда, соңғысы құжаттармен қосымша ұсынылуы тиіс.

· Жобаға өтінім беруші барлық шығыс құжаттардың толықтығы мен шынайылығы үшін, сондай-ақ ұсынылған құжаттарда көзделген барлық есептердің нақтылығы мен негізділігі үшін жауап береді.

· Инвестициялық жобаның кешенді жоспары Бағдарлама әкімшісімен бекітілген и нвестициялық жобаның кешенді жоспары н әзірлеу Әдістемелігіне сәйкес әзірленеді.

· И нвестициялық жобаның кешенді жоспары н консалтинг тік компания әзірлеген жағдайда, өтінім берушіге қойылатын талаптар:

1) Бағдарлама әкімшісімен бекітілген тізілімнен алынған консалтингтік компанияны өз еркімен анықтау;

2) консалтингтік компаниямен инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу туралы шарт жасасу;

3) консалтингтік компаниясының инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу бойынша қызметтерін төлеу;

Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім беруші дербес әзірлеген жағдайда, оған қойылатын талаптар:

1) Бағдарлама әкімшісімен бекітілген тізілімнен алынған консалтингтік компанияны өз еркімен анықтау;

2) консалтингтік компаниямен инвестициялық жобаның кешенді жоспарының сараптамасын жүргізу туралы шарт жасасу

3) консалтингтік компаниясының инвестициялық жобаның кешенді жоспарына сараптама жүргізу бойынша қызметтерін төлеу.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Қатысушының инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу/сараптама жүргізу бойынша шығындарын өтеу шарттары:

Бағдарлама аясында, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу бойынша шығындарының бір бөлігін 50% мөлшерінде төлеу түрінде мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін Бағдарламаға қатысушы Бағдарламаның операторына өзінің шығындарын растайтын келесі құжаттарды ұсынады:

1) бірінші басшының қолы қойылған ұйымның мөрімен расталған, банкілік реквизиттері көзделген, ақша қаражатын аудару туралы өтініш;

2) қатысушы мен консалтингтік компания арасында жасасқан инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шартының түпнұсқасы мен көшірмесі;

3) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтер актісінің түпнұсқасы мен көшірмесі;

4) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу бойынша қызметтердің жалпы сомасына шот-фактурасының түпнұсқасы;

5) инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу бойынша қызметтердің жалпы сомасына төлем тапсырысы шот-фактурасының түпнұсқасы.

3.1.2. II -кезең « Құжаттар пакетін сараптамалық бағалау »

· Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау дайындайды. Сараптамалық бағалау Мемлекеттік бағдарламаның, салалық бағдарламалардың басымдықтарына, Бағдарламаның1және2-қосымшаларынасәйкестігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыдан және еңбек өнімділігі мен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін салыстырудан, сондай-ақ консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарының немесе консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптамалық бағалау негізінде жаңғыртуды өткізу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттан тұруы тиіс.

· Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды Бағдарлама әкімшісіне, өтінім берушіге және құрал операторына жібереді.

· Сараптамалық бағалау оң болған жағдайда Бағдарлама операторы Бағдарламаның осы бөлімінің «Бағдарлама құралдары» деген 4-ші бөліміне сәйкес кешенді инвестициялық жобаның жоспарын әзірлеу немесе сараптау кезінде келтірілген шығындардың бір бөлігін қатысушыға төлейді.

· Одан әрі өзгеде құралдарды алу қажет болса, өтінім беруші құрал операторларына жүгінеді.

· Құрал операторы белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық жобаға сараптаманы жүзеге асырады. Құрал операторы өтінім берушіні және Бағдарлама операторын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

· Құрал операторының оң шешімі болған кезде Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы мониторинг туралы тиісті келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:

- тараптардың құқықтары мен міндеттері;

- құралды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;

- құрал операторының және қатысушының жауапкершілігі және т.б.

3.1.3. III қезең «Қатысушылардың инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингін ұйымдастыру»

Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингін Бағдарлама операторы мен құрал операторлары инвестициялық жобаның барлық іске асырылу мерзімінде жүзеге асырады. Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингінің нәтижелері ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады. Бағдарламаны іске асыру регламентін, өтінім нысандарын, өтінім беруші ұсынатын құжаттар тізбесін, өтінімдерді қарау мерзімдерін, келісімнің үлгілік нысанын, жалпы Бағдарламаның және жеке құралдардың іске асырылу мониторингінің нысандарын және мерзімін, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге қойылатын талаптарды ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.

М ониторинг шеңберінде тоқсан сайын:

· Қатысушы, есептік мерзімнен кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей, Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның іске асырылуы туралы есебін Бағдарламаның операторына ұсынады;

· Бағдарламаның аумақтық өкілдері, есептік мерзімнен кейінгі айдың 5-нен кешіктірмей, Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бағдарламаның ықтимал қатысушылары бойынша ақпаратты Бағдарламаның операторына ұсынады;

· Құралдардың операторлары, есептік мерзімнен кейінгі айдың 15-нен кешіктірмей, Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша инвестициялық жобаның іске асырылуы туралы есебін Бағдарламаның операторына ұсынады;

· Бағдарламаның операторы, есептік мерзімнен кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей, Бағдарламаның әкімшісіне Бағдарлама операторының сараптам бағалауының оң қорытындысын алған инвестициялық жобалар мониторингінің нәтижелерін ұсынады.

3.2. Бағдарламаның аясында кейбір бағыттарға қол жеткізу ерекшеліктері

3.2.1Бағдарлама әкімшісінің қатысушыға консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері:

· Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өз еркімен айқындайды.

· Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.

· Өтінім беруші Бағдарлама операторына құжаттардың толық пакетін ұсынады.

· Оң сараптамалық бағалау және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптамаға қатысушының шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторына бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты аударуды жүзеге асырады.

· Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына қатысушыларға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.

3.2.2 Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну тетігі:

· Құрал операторына ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады;

· Құрал операторы өтінімді белгіленген тәртіппен қарайды және ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады;

· Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизинг шартын жасасады.

3.2.3 Инновациялық гранттар беру.

Инновациялық гранттар беру Қазақстан Республикасы заңнамасымен (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 09 тамыздағы № 1035 қаулысымен) к өзделген инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыруға, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу үшін граннтар беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Бүгінгі күні, аталған шарт әзірлену сатысында.

5. Бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтар және олардың жауаптары

Сұрақ: «Қандай компани ялар шағын бизнес субъект ілеріне жатады ?»

Жауап:Шағын бизнес субъект ілеріне жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамға дейін болатын жеке кәсіпкерлер жатады. Жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамға дейін болатын және активтерінің орташа жылдық құны 60 000 еселенген АЕК аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Сұрақ: «Қандай компани ялар орта бизнес субъект ілеріне жатады ?»

Жауап:Орта бизнес субъектілеріне жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан асатын жеке кәсіпкерлер жатады. Жұмыскерлерінің орташа жылдық саны 50-ден 250-ге дейін болатын және активтерінің орташа жылдық құны 325 000 АЕК аспайтын заңды тұлғалар жатады.

6. Бағдарламаға қатысушылар алдында ашылатын алдағы мүмкіндіктер.Кешенді жоспарды әзірлеу бойынша өтемақысын алған, өндірісті жаңғырту үшін қаржыландыруды алған Бағдарламаның қатысушысы, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында, кешенді жоспарда белгіленген еңбек өнімділігі бойынша көрткіштерге қолжеткізгенге дейін жұмыс істеуін жалғастырады.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).

Өткен мерзім аралығында Бағдарламаға Қазақстанның 16 аймақтарының және 8 өнеркәсіп салаларының 55 инвестициялық жобалары енгізілген, олардың ішінде 2013 жылы – 4 жоба, олардың жалпы құны 158,8 млрд. теңгені құрайды. Қайта қаржыландырудың жалпы сомасы 11,8 млрд. теңгені құрайды. Олардың ішінде, 12 жоба лизингтік қаржыландырылуы үшін мақұлданған және 8 жоба Бағдарламаның аясында іске асырылуда. 2013 жылы Бағдарламаға енгізілген 4 жоба:

1. «FosTech Data» ЖШС «Талшықтық-оптикалық кәбіл жасау зауытын кеңейту», Алматы қ., саласы – машин а құрылысы;

2. «РМЗ-Шапагат» ЖШС «Қызылорда қ. қуаты жылына 35 мың ш.м. тұрғын-үй салатын үй-құрылыс комбинатының құрылысы», Қ ызылорд а облысы, саласы – құрылыс материал дарының индустрия сы.

3. «Стальцинк» ЖШС «Жол қоршауларының өндірісін жаңғырту», Астана қ., саласы – метал л өңдеу.

4. «САГА Аташ» ЖШС «Маңғыстау облысы Баутино к. әрекет етуші кемежөндеу кәсіпорнын дамыту және жаңғырту», Аташ к., саласы – машин а құрылысы.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 322.01
  • EUR Евро 362.42
  • CNY Қытай юані 47.26
  • RUB Ресей рублі 5.46
  • GBP Ағыл. фунты 410.31
Хабарландыру тақтасы