Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Кредиттік серіктестіктерге несие беру


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Кредиттік серіктестіктерге (КС) несие беру бағдарламасы кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін ауыл шаруашылық өндірісі мен өнеркәсібін қаржыландырады. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінен таяу жерде орналасқан шағын және орта ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге бизнесті дамытуға (өндірісті жаңғыртуға, жаңа объектілерді салуға, қолданыстағы құрылысты қайта салуға, айналым қаражатын толтыруға және т.б.) кредитті жеңілдікті шарттарда алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаны «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ іске асырады.

Несие беру шарттары:

· Несие түрі: несиелік желі.

· Несие валютасы: теңге.

· Қаржыландыру сомасы: 1 000 000 теңгеден бастап.

· Несиелік желінің мерзімі (FAQ қараңыз): 9 жыл.

· Транш мерзімі кредиттік серіктестік қарыз алушысының транш мерзіміне тәуелді, бұл ретте:

– егер бұл негізгі құралдарды сатып алуға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған несие болса – 9 жылға дейін;

– егер бұл айналым қаражатын толтыруға, оның ішінде көктемдік егістік жұмыстарына арналған несие болса – 2 жылға дейін.

· Несие бойынша мөлшерлеме: 4%.

· Өтеу

– негізгі борыш (FAQ қараңыз): ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет;

– сыйақы: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, жылына бір рет.

Ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі бар.

· Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең:

– көктемдік егістік жұмыстарын қоспағанда, айналым қаражатын толтыруға – траншты алған сәттен бастап 12 айға дейін;

– көктемдік егістік жұмыстары үшін айналым қарадатын толтыруға арналған – траншты алған сәттен бастап 18 айға дейін;

– негізгі құралдарды сатып алуға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған –24 айға дейін беріледі.

· Кредит бойынша кепіл: талаптарды жүктеу. Қосымша ақпаратты zalog @ agrocredit . kz e-mail-ге сұрау жіберу арқылы, сондай-ақ (7172) 559947, 559948, 559949 телефондарына хабарласу арқылы ала аласыз.

Бағдарламаның Операторы:

«Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Бағдарламаның нысаналы тобына жұмыс істеп тұрған және жаңадан ашылған кредиттік серіктестіктер кіреді.

2.1. Кредиттік серіктестіктерге қойылатын негізгі талаптар:

· Кредитік серіктестікте кемінде 20 қатысушылар – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер болуы тиіс;

· өтінім берілген сәтте кредиттік серіктестікте салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша борыштар болмауы тиіс;

· өтінім берілген сәтте кредиттік серіктестікте банк және өзге де қаржылық ұйымдар алдында мерзімі өтіп кеткен борыштары болмауы тиіс;

· кредиттік серіктестіктің жарғылық капитал мөлшері кемінде 3 000 000 (үш миллион) теңге болуы тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Кредитік серіктестік «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ өзінің негізгі борышы мен сыйақысын кредиттік серіктестіктің қарыз алушысы негізгі борыш пен сыйақы бойынша кезекті төлемді төлегеннен кейін 3 (үш) банктік күннен кешіктірмей өтеуі тиіс. Бұл шарт кредиттік серіктестіке қарыз алушысының несиені ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеуіне де қатысты.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. «КС несие беру» бағдарламасына қатысу үшін қарыз алушыға тұрғылықты жері/қызметі бойынша «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ аймақтық филиалына жүгінуі және мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:

· қаржыландыруға өтінім (1-қосымша);

· КС қатысушыларына арналған құжаттар тізілімі мынадай:

КС құрамына кіру және несиелік желіні ашу үшін;

несиелік желі бойынша траншты алуға.

· КС үшін құжаттар тізілімі мынадай:

жаңа қатысушыларды енгізу және несиелік желіні ашу үшін;

несиелік желі шеңберінде траншты алуға.

3.2. Кредиттік комитет құжаттарды қарап және шешім қабылдағаннан кейін, қарыз алушы тиісті хабарламаны алады. Оң шешім болған жағдайда ақшалай қаражат қарыз алушыға өзі жүгінген филиалда беріледі.

3.3. Мүдделі әлеуетті қарыз алушылары ақпаратты Орталық аппараттың кеңсесінен және Корпорацияның барлық аймақтық филиалдарынан қағаз және электрондық тасығыштарда ала алады (мекенжайлар мен байланыстар 2-қосымшада).

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкерлішілігі.

· Жасалған кепіл шартына қосымша келісімдердің уақтылы тіркелмегені үшін салынатын айыппұл әрбір бұзушылық (орындамау) күніне соңғы қарыз алушының қарыз сомасының 0,05 % дейін құрайды.

· Корпорацияның Кредиттік комитеті ақшалай қаражатты коммерциялық банктегі депозитте немесе кепіл ретінде берілетін Корпорацияның бағалы қағаздарында қалпына келтіру мерзімдерін белгілегеннен кейін, орындалмағаны үшін айыппұл бұзудың (орындамаудың) әрбір күні үшін қалпына келтірілмеген соманың 0,1% дейін құрайды.

· Несие бойынша төлемді уақтылы төлемегені үшін өсімпұл мерзімі өтудің біріші күнтізбелік күнінен бастап әрбір мерзімі өткен күн үшін мерзімі өткен төлем сомасының 0,1% құрайды.

· Несиенің мақсатсыз пайдаланылғаны үшін салынатын айыппұл мақсаты бойынша пайдаланылмаған несие сомасының 25% құрайды.

· Несие шарты бойынша кез келген және әрбір міндеттемені бұзғаны үшін айыппұл бұзудың (орындамаудың) әрбір күні үшін несие шарты сомасының 0,1% дейінгі мөлшерде белгіленеді.

· Әрбір несие бойынша комиссиялар мен айыппұлдарды өндіріп алу туралы шешімді Корпорацияның Кредиттік комиссиясы қабылдайды.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Қарыз алушы Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қаржылық оңалту бағдарламасына өтінім бере және несиені өтеу кезінде өкіметтен қаржылық қолдауды ала алады.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ - парағы)

Сұрақ: «Несиелік желі дегеніміз не? Ол қарапайым несиеден несімен ерекшеленеді?»

Жауап: Несие бір уақытта беріледі, бұл ретте Сіз барлық соманы келісілген мерзім соңына дейін аласыз. Несиелік желі қарызды траншпен беруді тұспалдайды – бұл жаңғыртылатын және жаңғыртылмайтын желі болуы мүмкін. Бұл не деген?

Жаңғыртылатын желі – бұл қаржыландырудың белгіленген мерзімі ішінде Сіздің белгіленген лимиттен аспайтын қажетті соманы алғаннан кейін осы ақшаны қайтаруыңыз және қажет болған жағдайда қайта алуыңызға болады. Сіз транштардың жалпы мөлшері кредит лимитінен аспаған жағдайда, қатарынан бірнеше рет ішінара ала аласыз.

Жаңғыртылмайтын желі – бұл қаржыландырудың белгіленген мерзімі ішінде Сіздің транштарды айқындалған сомаларда алуыңыз және барлық кредитті мерзімнің соңында өтей алуыңыз.

Сұрақ: «Негізгі борыш дегеніміз не?»

Жауап: Бұл қарыз алушының несие бойынша пайыздарды есепке алмағандағы банк алдындағы борышы, яғни несиенің өз сомасы. Несиені өтеу үдерісінде негізгі борыш азаяды. Оның осы немесе басқа күндегі мөлшері негізгі борыштың қалдығы деп аталады.

Сұрақ: «Берілген ақшаларды пайдалану бойынша қандай шектеулер бар?»

Жауап: Міндетті талап – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуы.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар және компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).

2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 2001 жылдан бастап КС несие беру бағдарламасы шеңберінде Корпорациямен жалпы сомасы 112,9 млрд. теңгеге 166 кредиттік серіктестіктерге несие берілген, оның ішінде жалпы сомасы 14,3 млрд. теңгеге 146 кредиттік серіктестіктерге қарыздар берілген.

Берілген несиелер келесіні сатып алуға бағытталған:

· 397,0 мың ІММ басын, оның ішінде 2013 жылы 7,3 мың ІММ басын;

· 1 161,4 мың ІММ басын, оның шініде 2013 жылы 50,8 мың ІММ басын;

· 88,8 мың жылқы басын, оның ішінде 2013 жылы 3,1 мың жылқы басын;

· 22,0 мың шошқа мен түйе басын, оның ішінде 2013 жылы 329 шошқа мен түйе басын;

· ауыл шаруашылығы мен жабдығының шамамен 4,8 мың бірлігін, оның ішінде 2013 жылы 734 бірлігін;

· КС қатысушыларының бар ауыл шаруашылық алқаптарынан – 7,5 млн. гектар, жыл сайын ауыл шаруашылық алқаптарының 4,0 млн. гектары өңделеді.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 322.01
  • EUR Евро 362.42
  • CNY Қытай юані 47.26
  • RUB Ресей рублі 5.46
  • GBP Ағыл. фунты 410.31
Хабарландыру тақтасы