Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Қазақстандық компаниялардың ішкі нарықта тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарлама шеңберінде Сіз сапа менеджмент жүйесі және тауарды, жұмысты және қызмет көрсетуді сертификаттау (жалпыға танылған халықаралық стандарттар – ISO, API, ASTM және басқаларға сәйкес) шығынын өтеу мақсатында мемлекеттік қолдауды ала аласыз .

Оның ішінде шығындарды ішінара:

1) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты консультациялық қызметтерге жұмсалатын;

2) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің және сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау аудитін және сертификаттау сынақтарын жүргізуге жұмсалатын;

3) тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты қызметкерлердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын шығындар бойынша жүргізіледі.

Қазақстандық компанияларға негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеуге тиісті соманың 50% көлемінде, бірақ үш мың айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде өтеледі. Қазақстандық өндірушілерге шығындарын өтеу талаптарының бірі болып тауарлардың, жұмыстың, қызмет көрсетулердің және олардың тасымалдаушылардың мәлеметтер базасына тіркелуі табылады. (www.ks.gov.kz).

Шығындарды өтеу ұлттық валютамен жүргізіледі (егер шығындар шетел валютасымен болса, онда өтеу өтінімін берген күнгі ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша қайта есептеледі).

Бағдарламаның өкілетті органы – Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі.

Операторы - «NADLoC» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады:

Экономиканың басым секторларындағы индустриалды-инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар:

· тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жергілікті өндірушілері болып табылатын;

· өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімде сертификатталған қызмет көрсету бойынша шығын шеккен;

· салықтар, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша алты айдан асып кеткен берешегі жоқ (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда);

· Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарықта өткізуді іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 ж. 9 шілдесіндегі № 922 «Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді ішкі нарықта жылжыту бойынша индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу ережесін бекіту туралы» қаулысына 1 қосымшасында көрсетілген экономикалық қызмет түрлері тізіміне сәйкес жүзеге асады (әрі қарай – Ереже) (СІЛТЕМЕ ЕРЕЖЕ – БАҒДАРЛАМАҒА ЖАЛҒАНДЫ, индустриалды-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу ережесін бекіту туралы ФАЙЛДЫ ОРНАЛАСТЫРУ.doc)

Өтінім беруші келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

· инновациялық – экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді есепке ала отырып жаңа тауарлар шығаруды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді жүзеге асыру, технологиялар, өндірістер құру немесе жетілдіру жолымен экономикалық тиімді қызметті жоғарлатуға бағыттау;

· бәсекелестік – қолжетімді тиімділіктің шығынғы қатынасы ретінде анықталатын қолжетімді экономикалық және әлеуметтік тиімділік деңгейіне әсер ететін ұқсас индустриал ды -инновациялық жобалармен салыстырудағы артықшылықтар;

· ауқымдық – Қазақстан Республикасы индустриалды -инноваци ялық дамуға арналған индустриалды -инновациялық жобаларды іске асырудың маңыздылығы.

2.2. Бағдарламаға кім қатыса алмайды?

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалған бюджетке төленетін салықтар және басқа міндетті төлемдер өтеуге жатпайды.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық

3.1. Ұлттық институт шартта бекітілген талаптарға сәйкес өтінімді қабылдау туралы хабарламаны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде интернет-ресурстарға орналастырады.

Хабарламада өтінім беру тәртібі туралы ақпаратқа қоса, өтінімді қабылдаудың соңғы күні, шығындарды өтеу үшін индустриалды-инновациялық қызмет субъектілеріне қойылатын талаптар, ұсынылатын құжаттардың тізімі, ұлттық институттың атауы және орналасқан жері және өтінім беру тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу орны (ұлттық институттың уәкілетті өкілінің байланыс телефоны, интернет-ресурс және басқалар), сонымен қатар өтінім беру орны және соңғы күні көрсетіледі.

3.2. Сіз өтінімді дайындайсыз. Ол 2 қосымшаға сәйкес үлгі бойынша дайындалады және оған келесі құжаттар мен материалдар жалғанады:

Жеке тұлға:

· кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі; жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;

· заңды тұлға – индустриялық қызмет субъектілерінің құрылтай құжаттарының нотариалдық растаған көшірмелері (жарғы, мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік) не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі ;

· салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша алты айдан ұзаққа созылған берешегінің жоқтығы туралы тиісті салық органының белгіленген үлгідегі анықтамасының түпнұсқасы. Анықтама өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күннен бұрын 45 (қырық бес) күннен ерте берілмеуі тиіс;

· отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа өткізу фактісін растайтын құжаттардың индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері (жеткізу шарттары, шот-фактуралар, көрсетілген қызметтерді қабылдау-тапсыру туралы актілер, көлік жүкқұжаттары, қаражаттың түскені туралы банк анықтамасы);

· ережеде көрсетілген шығын түрлері бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;

· өнімнің, қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері не салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну шартымен оның көшірмесі;

· ішкі нарыққа өткізілген өнімдердің, жұмыстардың, қызметтердің қазақстандық шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері («CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификат);

· құжаттар тізімдемесі.

3.3. Өтінімдерді қабылдау (тіркеу) бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру алғаш жарияланғаннан кейін бір ай өткен соң аяқталады, бұдан ерте аяқталмайды.

Өтінімдерді қабылдау аяқталған күнге дейін өтінімді өзгертіп, толықтыра алады.

Өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін түскен өтінімдер қаралмайды және өтінім алынған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырып, қайтарылуы тиіс.

3.4. Ұлттық институт шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған өтінімнің толықтығын және осы ереже талаптарына сәйкестігін тексеруді қамтамасыз етеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Ұлттық институт өтінім берушіге өтінім түскен сәттен бастап жеті жұмыс күні ішінде бас тарту себебін көрсете отырып, тиісті хабарлама жібереді.

3.5. Егер өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін қажетті құжаттар ұсынылмаса, өтінім берушіге бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді қабылдамау туралы хабарлама жіберіледі.

3.6. Өтінімдерді тексеру нәтижелері бойынша ұлттық институт осы Ереженің 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің түйіндемесін дайындайды.

3.7. Өтінімді және өтінімнің түйіндемесін ұлттық институт өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен кейін бір айдан кешіктірмей комиссияның қарауына енгізеді.

3.8. Комиссия құжаттар ұсынылғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде оларды қарайды және уәкілетті органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ұсынымдарын енгізеді.

Комиссия ұсынылған құжаттарды қарау кезінде индустриялық-инновациялық кызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражат көлемін ескереді.

3.9. Барлық ұсынылған өтінімдер бойынша шығындарды өтеу үшін шығындардың бір бөлігін өтеуге бөлінген қаражат көлемі жеткіліксіз болған жағдайда Комиссия өткен екі қаржы жылы үшін ақшалай мәнде өнімдердің ең көп көлемін жасап шығарған алушыларды ұсынады.

Өндірістік көрсеткіштер тең болған жағдайда өтінімді бірінші берген индустриялық-инновациялық кызмет субъектісіне басымдық беріледі.

3.10 . Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешімді уәкілетті орган комиссия өз ұсынымдарын енгізген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдайды.

3.11. Өкілетті орган шығындардың бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұлттық институтқа өз шешімін жібереді. Сондай-ақ ол екінші деңгейдегі банкте ашылған ұлттық институттың банк шотына шығындардың бір бөлігін өтеу үшін қаражат аударады.

3.12. Өкілетті орган шешімінің негізінде ұлттық институт шартта көрсетілген банк шотына қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінім берушінің банк шотына шығындардың бір бөлігін өтеу сомасын аударады.

3.13 . Ұлттық институт өкілетті органның шешімі келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстарда орналастырады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Құжаттар пакеттерін толық емес ұсынған, немесе белгіленген санаттарға сәйкес болмаған жағдайда бағдарламаға қатысуға тыйым салынады.

5. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТ ҰСЫНУ ӨТІНІШІ

6. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТ ҰСЫНУ ӨТІНІШІ

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТ ҰСЫНУ ӨТІНІШІ.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 324.98
  • EUR Евро 378.34
  • CNY Қытай юані 48.01
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 422.7
Хабарландыру тақтасы