Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) кепілдіктерін алу және астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорының (қорларының) астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеу ережелері


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Егер Сіз астық қабылдау кәсіпорнынан астық қолхатының ұстаушысы болсаңыз, онда Сіздің астық қабылдау кәсіпорнына сақтауға немесе өңдеуге берілген дәнді дақылыңыз жоғалған немесе сапасы нашарлаған жағдайда келтірілген залал үшін қордан ақшалай өтемақы ала аласыз.

Кепілдік берудің шарттары:

· Кепілдік жағдайы туындаған кезде, яғни астық қабылдау кәсіпорнына берілген астықты жоғалту немесе сапасы нашарлату кезінде қор өтемақы қалыптасқан кездегі, жетіспеген немесе сапасы төмендеген астықтың нарықтық бағасының 80 % кем емес кәсіпорынның міндеттемелерін ақшалай өтейді.

· Астық қолхатын ұстаушыға астық қолхатын (кепілдік куәлікті) көрсеткенде астық қабылдаушы кәсіпорын бермеген астықтың құны ғана қайтарылады.

· Қор төлеу туралы шешім қабылданатын ағымдағы айдың бірінші күніндегі жағдайы бойынша астыққа арналған нарықтық құнды есепке ала отырып, кепілдік төлемдер жүргізілетін астыққа арналған баға кестесін бекітеді.

· Кепілдік төлем үш көрсеткіштің:

– астық қабылдау кәсіпорны бермеген астық көлемінің;

– астық қолхатында (кепілдік немесе куәліктерінде) көрсетілген астықтың сапасына ұқсас сапалық көрсеткіштерге сәйкес (баға кестесі бойынша) бір тонна астық құнының;

– 0,8-ден кем емес мөлшерде қор белгілеген төлем коэффициентінің туындысы (көбейту нәтижесі) ретінде анықталады.

· Егер астық қолхатын ұстаушының астық қабылдау кәсіпорны алдында (қоймалық және басқа да қызметтер үшін) қарызы болса, онда борыш сомасы кепілдік төлемнен шегеріледі.

· Қор астық қабылдау кәсіпорнының астық қолхатын ұстаушы алдындағы міндеттемелерін өтегеннен кейін, борышты талап ету құқығы қолхатты ұстаушыдан қорға өтеді. Егер қор міндеттемелерді толық көлемде өтесе, онда астық қолхатын ұстаушы оған өтелген борыш сомасына борышты талап ету құқығын қорға береді.

Бағдарламаның операторы:

«ҚазАгрокепіл» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Нысаналы топқа дәнді дақылдарды сақтау, өндіру бойынша қызметтерді көрсететін астық қабылдау кәсіпорындары берген астық қолхатын ұстаушылар кіреді.

2.1. Сізге мынадай жағдайларда бағдарламаға қатысуға рұқсат етіледі:

· Сіз астық қабылдау кәсіпорнынан берілетін астық қолхатын ұстаушы болсаңыз;

· Сіздің астық қолхатыңыз бойынша кепілдік жағдайы туындаса, яғни астық қабылдау кәсіпорнының тарапынан астықты жоғалтуға немесе сапасын нашарлатуға жол берілсе;

· Сіз ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің аумақтық бөлімшесінен астық қабылдау кәсіпорнының өз міндеттемелерін орындамау фактісін растайтын құжатты алсаңыз.

2.2. Сізге бағдарламаға қатысуға мынадай жағдайларда рұқсат етілмейді:

· кепілдік жағдай (астықты жоғалту немесе сапасын нашарлату) туындамаса;

· қордың кепілдік төлем талаптарын қарау мерзімі ішінде астық қабылдау кәсіпорны астық қолхаты (кепілдік немесе қоймалық куәлік) бойынша өз міндеттемелерін орындамаса;

· белгіленген қорға жүгіну мерзімі (төменде қараңыз) өтіп кетсе;

· сақтау шартының жасалуына байланысты астық қабылдау кәсіпорны жауапкершіліктен босатлыған жағдайда (еңсерілмейтін күштің әрекетін, астық қолхатын ұстаушының кінәсін және абайсыз өрескелдігін қоса алғанда);

· астық қолхатын жарамсыз деп тану және/немесе астық қабылдау кәсіпорнын астық қолхаты бойынша міндеттемелерді орындаудан босату туралы сот шешімі қабылданғанда;

· астық қабылдау кәсіпорны ұсынған астық қолхаттары тізілімінде Сіз туралы деректер болмаса;

· Сізге астық қолхатын берген астық қабылдаушы кәсіпорын қордың қатысушысы болып табылмаса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Астық қолхаты бойынша кепілдік төлемді алу үшін, ұстаушы кепілдік жағдайы туындаған кезде 30 күнтізбелік күн ішінде қорға жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

· кепілдікті төлемді жүзеге асыруға астық қолхатын ұстаушының еркін нысандағы өтініші;

· ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің астықтың жетіспеушілігі немесе сапасының төмендеу фактісін растайтын құжатын (анықтама, актінің көшірмесі);

· астық қолхатының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі немесе кепілдік куәлігінің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі;

· сақтау шартының көшірмесі;

· астық қолхаты кепілдік куәлігін ұстаушы жүгінген жағдайда – қарыз, кепілдік шарттарының көшірмелері және Қор кепілдік берген, астық қолхатымен қамтамасыз етілген міндеттемелердің орындалмағанын растайтын құжаттар;

· егер астық қолхатын ұстаушы жеке тұлға болса – оның жеке тұлға екенін растайтын құжаттың көшірмесі, егер заңды тұлға болса – құрылтай және тіркеу құжаттарының көшірмелері;

· егер астық қолхатын ұстаушы жеке тұлғаның өзі немесе заңды тұлғаның басшысы жүгінбеген болса – кепілдік төлемін алу үшін қорға өтініш жасау құқығына сенімхат.

3.2. Егер қор астық қолхатын ұстаушының талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдаса, онда оның шешім шығарылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде оның банктік шотына кепілдік төлемді аударады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Кепілдік төлем бойынша шешім мынадай жағдайларда тоқтатылады:

· астық қолхаты бойынша дау сотта қаралса;

· астық қабылдау кәсіпорнының және/немесе астық қолхатын ұстаушының лауазымды тұлғаларының жосықсыз іс-әрекеттерінің фактісі бойынша құқық қорғау органдарының тергеу жүргізу – құзырлы құқық қорғау және/немесе сот органдарының тиісті шешімінің шығарылуына және/немесе күшіне енуіне дейін;

· қор астық қолхатын ұстаушының талаптарын қарауға тартылған маманның құзырлы қорытындысын алу үшін жүгінгенде.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Астық қабылдау кәсіпорнының кепілдік беру жүйесінің қатысушысы екенін қалай біле аламын?»

Жауап: «Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға қордан кепілдік алған астық қабылдау кәсіпорындарының тізбесімен мына жерден таныса аласыз»

Сұрақ: «Қор жетіспеген астықтың бағасын қалай санайды?»

Жауап: «Қор жетіспеген астықтың сұрпын және оның кепілдік төлем туралы шешім қабылданған кездегі ағымдағы айдың бірінші күніндегі нарықтық бағасын есепке ала отырып, астыққа арналған бағалар кестесі негізінде есептеулер жүргізетін болады».

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 335.24
  • EUR Евро 395.82
  • CNY Қытай юані 50.65
  • RUB Ресей рублі 5.82
  • GBP Ағыл. фунты 441.34
Хабарландыру тақтасы