Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына к епілдік беру қорларын ан кепілдік алу ережесі


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Кепілдік алу ережесі бойынша, егер Сіз мақта өңдеу ұйымдарынан алған мақта қолхатын ұстаушысы болсаңыз, онда мақта өңдеу ұйымдарына сақтауға немесе өңдеуге берген Сіздің мақтаңыздың сапасы төмендеген немесе жойылған жағдайда, Сіз келтірілген шығын үшін қордан ақшалай өтемақы ала аласыз.

Кепілдік беру шарттары:

· Кепілдік жағдай туындаған болса, яғни мақта өңдеу ұйымдарына сақтауға немесе өңдеуге берген мақтаның сапасы төмендеген немесе жойылған жағдайда, қор кәсіпорынның міндеттерін өтейді.

· Қор мен мақта өңдеуші ұйым арасындағы шартта көзделген талаптармен кепілденген мақта көлемі шегінде қор кепілдік өтемді өтеуді жүзеге асырады.

Бағдарлама операторы: «Қазагро кепіл» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Мақсатты топқа мақтаны бастапқы өңдеу, сақтау бойынша мақта өңдеу ұйымдары берген мақта қолхатын ұстаушылар жатады.

2.1. Сіз бағдарламаға қатыса аласыз, егер:

· Сіз мақта өңдеу ұйымдары берген мақта қолхатын ұстаушы болып табыласаңыз;

· Сіздің мақта қолхатыңыз бойынша кепілдік жағдай туындаса, яғни мақта өңдеу ұйымдары тарапынан мақта сапасы төмендеуге немесе жойылуға жол берілсе;

2.2. Сіз бағдарламаға қатыса алмайсыз, егер:

· Кепілдік жағдай (мақта сапасы төмендеуі немесе жойылуы) туындамаса;

· Мақта қолхатын қор қатысушысы болып табылмайтын Сіз жүгінген мақта өңдеу ұйымы берген болса;

· Сіз талап етілген құжаттардың біреуін ұсынбасаңыз (төменнен қараңыз);

· Мақта қолхатын рәсімдеу бойынша заңнамаларда белгіленген талаптарға мақта қолхаты сәйкес келмесе.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Мақта қолхаты бойынша кепілденген өтемді алу үшін ұстаушы кепіл оқиғасы туындаған кезде қорға жүгінеді және келесі құжаттарды ұсынады:

· Мақта қолхатын ұстаушының еркін нысандағы кепілдік өтемді жүзеге асыру өтініші;

· Кепілдік және қоймалық куәліктері бөлінбеген мақта қолхаты;

· Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы өңдеу және /немесе шитті мақтаны сақтауға жасалған шарттардың көшірмесі;

· Қатысушының осы мақта қолхатын кепілдендірілген мақта көлеміне енгізу туралы қолдаухат бар ілеспе хаты;

· Заңды тұлғалар заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін ұсынады;

· Жеке тұлға мақта қолхатын ұстаушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін не жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін не жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (егер мақта қолхатын ұстаушы жеке кәсіпкер болып табылған жағдайда) ұсынады;

· Егер қорға заңды және жеке тұлғаның мақта қолхатын ұстаушының бірінші басшысы хабарласпаса, қорға жүгінуге құқық беретін сенімхат.

3.2. Қордың кепілдік беру мерзімі қорға мақта қолхатын ұстаушылардан өтініштер келіп түскен сәттен бастап үш жұмыс күнінен аспауы тиіс.

3.3. Қордың кепілдік алудан бас тартуы мақта қолхатын ұстаушының сәйкесті талаптарды орындағаннан кейін кепілдік алу үшін қайта хабарласуына кедергі болып табылмайды.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Мақта өңдеу ұйымы кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылатынын қайдан білуге болады»?

Жауап: «Қор қатысушыларының тізімімен Сіз мына жерден таныса аласыз, сонымен қатар біздің кеңесшілермен мына телефондар: (7172) 230726, 230741 және e-mail: fgzr@mail.ru арқылы байланыса аласыз».

Сұрақ: «Жоғалған мақта құнын қор қалай есептейді?»

Жауап: «Қор мақта бағасының құрама кестесі негізінде жоғалған мақта сұрыпын және кепілдік өтем туралы шешім қабылдаған ағымдағы айдың бірінші күні оның нарықтық құнын есепке ала отырып, есептеуді жүзеге асырады».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 330.22
  • EUR Евро 388.07
  • CNY Қытай юані 49.93
  • RUB Ресей рублі 5.6
  • GBP Ағыл. фунты 437.38
Хабарландыру тақтасы