Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Жел қондырғыларын лизингке сатып алу бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарлама ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге лизинг келісім-шарты бойынша жел қондырғыларын және/немесе жел генераторларын жеңілдікті шарттарда сатып алуға мүмкіндік береді. Жел генераторлары мен жел қондырғылары энергияның балама көзі болып табылады және біршама арзан энергияны алу мақсатында және табиғи ресурстарды сақтау үшін пайдаланылады.

Қаржылық лизингтің шарттары:

· лизинг шартының мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс;

· өтеудің жеңілдікті кезеңі – 3 жылдан аспайды;

· сыйақы мөлшерлемесі – 8%;

· жылдық тиімді мөлшерлеме – 7,9% бастап;

· Сіз алғытөлем ретінде лизинг нысаны бағасының кемінде 20% ала аласыз;

· егер Сізге сатып алынған жабдықты құрастыру қажет болмаса, Сіз алғытөлем бойынша қамтамасыз етуді ұсынбауыңыз керек;

· Егер Сізге лизинге сатып алынған жабдықты құрастыру қажет болса немесе Сіз қуаты 30 кВт жоғары қондырғыны монтаждауды жоспарласаңыз, онда Сіз сатып алынған жабдыққа алынған алғытөлем бойыша қастамасыз етуді ұсынуыңыз тиіс. Қамтамасыз ету ретінде Сіздің жел генераторын орнататын жер учаскесі болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сіз егер жер учаскесі ауыртпалық салынған (жалға берілсе, кепілдікте тұрса, Сізге тиесілі болмаса және т.б.) болса, оны бере алмайсыз. Мұндай жағдайда Сіз қамтамасыз ету шарттарын «ҚазАгроҚаржыдан» ала аласыз.

Бағдарламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ және оның еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1 Сіз мынадай жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· төлеуге қабілетті болсаңыз және қаржылық жағдайыңыз тұрақты болса: қажет болған жағдайда құралды жобасын іске асыру үшін қаражатты ұсына алсаңыз;

· Сізде өндірісте жоғары білікті басшылар жұмыс істесе, компанияның жақсы және тұрақты қалыптасқан беделі болса;

· Сізде жағымды несие тарихы болса – сіздің мерзімі өткен несиелеріңіз болмаса;

· Сіздің кәсіпорныңыз қайта құру, тарату, банкротқа ұшырау рәсімдеріне жатпаса;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алсаңыз;

· Сізде кепілді қамтамасыз ету немесе жоба бойынша алынған қаражаттарды қайтаруға кепілдік беру үшін басқа ресусртар жеткілікті болса;

· Сізде жобаны іске асыру аймағында жеке шикізат қорыңыз, немесе жергілікті өндірушілерден шикізатты сатып алуға кепілдендірілген шарттар бар болса;

· Сіз бәсекеге жарамды өнімді өндіретін және/немесе талап етілетін қызметтерді көрсететін болсаңыз және бұл ретте Сіздің жоба табысты/өтімді болса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

· кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» АҚ мамандарымен сұхбаттасудан өтеді;

· сұхбаттасудан кейін кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» АҚ үлгі бойынша толтырылған өтінімді және құжаттардың толық пакетін ұсынады (құжаттар тізімі);

· кәсіпкердің құжаттары және оның жобасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ мамандарынан сараптау мен талдаудан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» АҚ уәкілетті органы кәсіпкердің жобасы бойынша қаржылық лизинг беру туралы шешім қабылдайды;

· кәсіпкермен қаржылық лизинг шарты жасалады;

· лизинг нысандары сатып алынады;

· кәсіпкер сұратылған лизинг нысанын беруді көздейтін шарттарды орындайды;

· кәсіпкер лизинг нысанвн алады;

· «ҚазАгро Қаржы» Сіздің қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындауыңызды тұрақты негізде тексереді, және олар толық орындалған жағдайда Сізге сатып алынған техникаға барлық меншік құқығы беріледі.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысу жауапкершілігі, оны мерзімінен бұрын тоқтату шарттары қарыз алушылар мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында жасалған қаржылық қарыз шарттарында көзделеді.

5. Бағдарламаға қатысушылар алдынан ашылатын алдағы мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «ҚазАгро» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ аймақтық филиалдары мен өкілдіктерінің тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап: Сіз оларды мына сілтемелер бойынша таба аласыз: http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii және http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме дегеніміз не? Оның жай пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы неде?»

Жауап: «Бұл қарыз алушының қарызды пайдаланудың барлық мерзіміндегі барлық қосымша комиссияларды ескепке ала отырып кредитке қызмет көрсетуге арналған жиынтықты шығындарын көрсететін пайыздық мөлшерлеме. Комиссиялар белгіленген ілеспе қызметтер үшін алынады, мысалы, кредитті қолма қол ақшаға айналдыру үшін, несиелік шотты жүргізу үшін және т.б. Осылайша, кредит бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығыстар қосылады».

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 324.98
  • EUR Евро 378.34
  • CNY Қытай юані 48.01
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 422.7
Хабарландыру тақтасы