Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Астық кептіргішті лизингке сатып алу


1. Бағдарламаның (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарлама кәсіпкерлерге астықты тазалау және кептіру үшін жабдықты лизингке сатып алуға мүмкіндік береді.

Қаржы лизингінің талаптары:

· Мемлекет тарапынан белгіленген пайыз бөлігін субсидиялау есебімен пайыздық төлем:

- пайыздық төлем 12,8% құрайды, ал мемлекеттің субсидиялауын есепке алғанда төлем 5,8% дейін төмендеуі мүмкін;

- жылдық тиімді төлем – 13,4% бастап, ал мемлекеттің субсидиялауын есепке алғанда төлем 6,4% дейін төмендеуі мүмкін;

· қаржы лизингінің мерзімі – 7 жылға дейін;

· алғытөлем – ұзарту мүмкіндігімен 10%-дан кем емес;

· егер Сіз мерзімді ұзартуды пайдалансаңыз алғытөлем бойынша қамтамасыз ету талабы: болашақта алынатын астықты кепілге салу. Астық жиналғаннан кейін астық қолхаты бойынша астықты кепілге салу ресімделеді.

Бағдарлама операторы:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ және оның еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1 Сіз бағдарламаға қатыса аласыз, егер:

· Төлем қабілеттіңіз бар болса және тұрақты қаржылық жағдайыңыз болса: қажет болған жағдайда жобаны іске асыру үшін қаражат ұсына аласыз;

· Сізде өндірісте жоғары білікті басшылар жұмыс жасаса, компанияның жақсы және қалыптасқан беделі бар болса;

· Сізде жағымды несие тарихы бар – сізде мерзімі өткен несие берешегіңіз жоқ болса;

· Сіздің кәсіпорыныңыз қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау шараларына жатпаса;

· Сіз кәсіпкерлік қазметпен айналыса аласаңыз;

· Сіз жеткілікті кепілмен қамтамасыз ете алсаңыз немесе жоба бойынша алынған қаражатты қайтаруға кепілдеме ретінде өзге де ресурстарыңыз бар боса;

· Сізде жобаны іске асыру үшін өз аймағыңызда өзіңіздің шикізат базаңыз бар, немесе Сізде кепілдеме ретінде жергілікті өндірушілерден шикізат сатып алу шарттарыңыз бар болса;

· Сіз бәсекеге қабілетті өнім шығарасаңыз және/немесе талап етілетін қызметтер көрсетесеңіз және Сіздің жобаңыз, сонымен қатар, пайдалы/өтелімді болып табылса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

· «ҚазАгроҚаржы» мамандары кәсіпкермен сұхбат жүргізеді;

· Сұхбат жүргізгеннен кейін кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на үлгі бойынша өтінім және құжаттардың толық пакетін ұсынады (құжаттар тізімі мына сілтеме бойынша: http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/agricultural_machinery_equipment/list_of_documents/);

· Кәсіпкердің құжаттарына және жобасына «ҚазАгроҚаржы» АҚ мамандары сараптама және талдау жасайды;

· «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілетті департаменті кәсіпкердің жобасы бойынша қаржы лизингін беру туралы шешім қабылдайды;

· Кәсіпкермен қаржы лизингі шарты жасалады;

· Л изинг нысаны сатып алынады;

· Кәсіпкер сұрап отырған лизинг нысанын алар алдындағы талаптарды орындайды;

· Кәсіпкер лизинг нысанын алады;

· « ҚазАгро Қаржы » АҚ Сіздің қаржы лизингі шарты бойынша міндеттерді орындап отыруыңызды тұрақты түрде тексереді және егер, оны толық орындасаңыз алған техникаңыздың барлық меншік құқығы Сізге беріледі.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары . Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары, жауапкершілігі «ҚазаАгроҚаржы» АҚ мен қарыз алушы арасындағы жасалған қаржылық қарыз шарттарында қарастырылады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Қандай техниканы ала аламын?»

Жауап: Бар техника тізімін сілтеме бойынша қараңыз:

http://kaf.kz/products_company/leasing_agricultural_machinery_equipment/technika_v_nalichii/

Сұрақ: «Кез-келген тасымалдаушыны таңдай аламын ба?»

Жауап: Сіз арнайы техника тасымалдаушыларын келесі сілтеме бойынша таңдай аласыз: http://kaf.kz/products_company/major_suppliers/

Сұрақ: «ҚазАгро» және «ҚазАгроҚаржы» аймақтық филиалдары мен өкілдіктерінің тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап: Келесі сілтеме бойынша таба аласыз: http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii және http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ: «Тиімді төлем дегеніміз не ? Оның пайыздық төлемнен қандай айырмашылығы бар?»

Жауап: «Қарызды қолданудың барлық мерзімінде барлық қосымша комиссияларды есепке ала отырып несиені қамтамасыз етудегі қарыз алушының жиынтық шығындарын бейнелейтін пайыздық төлем. Комиссия белгілі бір қосымша қызметтер үшін алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақшаға айналдырғаны үшін, несие шотын жүргізгені үшін және т.б. Осылайша, несие бойынша негізгі пайыздық төлемге қосымша шығындар қосылады».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 334.32
  • EUR Евро 392.29
  • CNY Қытай юані 50.53
  • RUB Ресей рублі 5.63
  • GBP Ағыл. фунты 450.46
Хабарландыру тақтасы