Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ауыл шаруашылық және балық өнімдерін тасымалдау үшін техника лизингі бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарлама лизингке ауыл шаруашылығы және балық өнімдерін тасымалдау бойынша көлік құралдарын және олардың отандық және шетелдік өндірстерде тереңдете қайта өңделген өнімдерін жеңілдікті шарттарда сатып алуды жоспарлайтын компанияларға арналған. Бұл ретте, мемлекет кейбір жағдайларда бағдарламаның қатысушыларына пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды ұсынады.

Қаржылық лизингтің шарттары:

· лизинг шартының мерзімі 5 жылдан аспауы тиіс;

· пайыздық мөлшерлеме 12,8% құрайды , ал мемлекеттен субсидиялауды есепке алғанда мөлшерлеме 5,8% дейін төмендейді;

· жылдық тиімді мөлшерлеме – 13,4% бастап , ал мемлекеттен субсидиялауды есепке алғанда 6,4% дейін төмендеуі мүмкін;

· егер Сізге субсидиялау қолжетімді болмаған жағдайда пайыздық мөлшерлемелер мынадай болады:

- сыйақы мөлшерлемесі 8,5% құрайды

- жылдық тиімді мөлшерлеме 8,7% құрайды

· алғытөлем – лизинг мәмілесі сомасының 15% кем емес қамтамасыз етуді талап етіледі. Бұл ретте, Сіз аванстық төлемді қамтамасыз етудің кез келген өзіңізге қолайлы тәсілін таңдай аласыз:

- «ҚазАгроҚаржының» талаптарына сәйкес келетін банк немесе заңды тұлғалардың кепілдігі

- ақшалай кепіл;

- кепілақы;

- «ҚазАгроҚаржының» келісімі бойынша Сіз кепілге кез келген жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікті ұсына аласыз. Осы мүліктің бағалау құны Сіздің өз лизинг шартыңыз бойынша қарызды өтеу арқылы бір жылда төлеуіңіз тиіс соманың кемінде 120% құрауы тиіс. Бұл сомада сатып алынған лизинг нысанасы үшін борыштың бағасы сияқты Сіздің мәмілеңізде белгіленген сыйақы мөлшерлемесі де ескеріледі;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына және қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына қайшы келмейтін қамтамасыз етудің кез келген басқа да тәсілі.

Бағдарламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқару Холдингі» АҚ және оның еншілес компаниясы – «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1 Сіз бағдарламаға мынадай жағдайларда қатыса аласыз:

· төлеуге қабілетті болсаңыз және қаржылық жағдайыңыз тұрақты болса: қажет болған жағдайда жобаны іске асыру үшін қаражатты ұсына алсаңыз;

· Сізде өндірісте жоғары білікті басшылар жұмыс істесе, компанияның жақсы және тұрақты қалыптасқан беделі болса;

· Сізде жағымды несие тарихы болса – сіздің мерзімі өткен несиелеріңіз болмаса;

· Сіздің кәсіпорын қайта құру, тарату, банкротқа ұшырау рәсімдеріне жатпаса;

· Сіз кәсіпкерлік қызметпен айналыса алсаңыз;

· Сізде кепілді қамтамасыз ету немесе жоба бойынша алынған қаражаттарды қайтаруға кепілдік беру үшін басқа ресурстар жеткілікті болса;

· Сізде жобаны іске асыру аймағында жеке шикізат қорыңыз, немесе жергілікті өндірушілерден шикізатты сатып алуға кепілдендірілген шарттар бар болса;

· Сіз бәсекеге жарамды өнімді өндіретін және/немесе талап етілетін қызметтерді көрсететін болсаңыз және бұл ретте Сіздің жоба табысты/өтімді болса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Кредиттік шартты және/немесе жабдықты лизингке сатып алуға шартты жасасу үшін қажетті қадамдар:

· кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» АҚ мамандарымен сұхбаттасудан өтеді;

· сұхбаттасудан кейін кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» АҚ үлгі бойынша толтырылған өтінімді және құжаттардың толық пакетін ұсынады (құжаттар тізімін мына сілтеме бойынша қарауға болады: http://kaf.kz/products_company/vehicles_for _the_transport_ of_agricultural_products_mounted_trailed_agricultural_machinery/list_of_documents/ );

· кәсіпкердің құжаттары және оның жобасы «ҚазАгроҚаржы» АҚ мамандарының сараптауы мен талдауынан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» АҚ уәкілетті органы кәсіпкердің жобасы бойынша қаржылық лизинг беру туралы шешім қабылдайды;

· кәсіпкермен қаржылық лизинг шарты жасалады;

· лизинг нысаны сатып алынады;

· кәсіпкер сұратылған лизинг нысанын алар алдындағы шарттарды орындайды;

· кәсіпкер лизинг нысанын алады;

3.2 Лизинг нысанына құқықты кәсіпкерге берудің шарттары:

« Қ азАгро Қаржы » Сіздің қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді орындауыңызды тұрақты негізде тексереді, және олар толық орындалған жағдайда Сізге сатып алынған техникаға барлық меншік құқығы беріледі.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысу жауапкершілігі, оны мерзімінен бұрын тоқтату шарттары қарыз алушылар мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ арасында жасалған қаржылық қарыз шарттарында қарастырылады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парағы)

Сұрақ: «Мен кез келген қатысушыны таңдай аламын ба?»

Жауап: Сіз арнайы техниканы жеткізушіні мына сілтеме бойынша таңдай аласыз: http://kaf.kz/products_company/major_suppliers/

Сұрақ: «ҚазАгро» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ аймақтық филиалдары мен өкілдіктерінің тізімін қайдан таба аламын?»

Жауап: Сіз оларды мына сілтемелер бойынша таба аласыз: http://kazagro.kz/ru/about/dochernie-kompanii және http://www.kaf.kz/contacts/branches_and_agencies/

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме дегеніміз не? Оның жай пайыздық мөлшерлемеден айырмашылығы неде?»

Жауап: «Бұл қарыз алушының қарызды пайдаланудың барлық мерзіміндегі барлық қосымша комиссияларды ескепке ала отырып несиеге қызмет көрсетуге арналған жиынтықты шығындарын көрсететін пайыздық мөлшерлеме. Комиссиялар белгіленген ілеспе қызметтер үшін алынады, мысалы, несиені қолма-қол ақшаға айналдыру үшін, несиелік шотты жүргізу үшін және т.б. Осылайша, несие бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығыстар қосылады».

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

2013 жылғы 1 қаңтардардағы жағдай бойынша Қоғам қызметінің барлық кезеңінде жалпы сомасы 176,2 млрд. теңгеге әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасының 21,6 мың бірлігінен астам сатып алуды қаржыландырды, оның ішінде:

- 90,1 млрд. теңге сомасына комбайндардың 6 975 бірлігі;

- 23,0 млрд. теңге сомасына тракторлардың 5 872 бірлігі;

- 34,2 млрд. теңге сомасына егу кешендерінің 816 бірлігі;

- 2,4 млрд. теңге сомасына тұқым себетін машиналардың 504 бірлігі;

- 26,5 млрд. теңге сомасына өзге де ауыл шаруашылығы техникасының 6 466 бірлігі.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 335.24
  • EUR Евро 395.82
  • CNY Қытай юані 50.65
  • RUB Ресей рублі 5.82
  • GBP Ағыл. фунты 441.34
Хабарландыру тақтасы