Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарын лизинге алу келісім-шарты бойынша субсидия алу (несиені арзандату) шарттары


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Егер Сіз «Агробизнес - 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалар жөніндегі қаржылық қолдау бағдарламасына қатысушы болсаңыз, Сіз лизингке техника сатып алу үшін берілген несие бойынша пайыздық мөлшерлемені арзандата аласыз. Өтем келесі қаржы лизинг түрлерінің біреуі бойынша лизингтің бір нысанына ұсынылады: ішкі лизинг, банкілік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.

Арзандату банкілік және өзге де қарыздар бойынша мемлекет қаражатынан пайыздық мөлшерлеменің бір бөлігін өтеу арқылы жүзеге асады.

Сіздің жобаңызды субсидиялау шарттары:

· Несие бойынша 7% артық емес номиналды мөлшерлемені мемлекет өтейді;

· Номиналды мөлшерлеме жылдық 14% артық болмауы керек;

· Қаржы лизингі шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14 % кем болса, мемлекет 7 % өтейді;

· «ҚазАгро Қаржы» АҚ ауыл шаруашылығы және арнаулы техникалар лизингі бойынша мөлшерлеме субсидияны есепке алғанда лизинг алушылар үшін 5,8% құрайды.

· Субсидиялау мерзімі 12 (он екі) ай.

Бағдарлама әкімшісі:

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі,

Операторы:

«ҚазАгроМаркетинг» Акционерлік Қоғамы.

Бағдарлама қатысушылар:

Банк тер және лизингтік компаниялар. Бағдарлама қатысушылары-қаржы ұйымдарының өзекті тізімдерін нақтылағыңыз келсе Сіз «ҚазАгроМаркетингті» қараңыз.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Сіз бағдарламаға қатыса аласыз:

2.1.1. Егер Сіз лизингке келесі техниканы алуды жоспарласаңыз:

· «А» тобы:

- жемшөп егу, әзірлеу және дайындауға арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары: шөптік дақылдарды егу мүмкіндігі бар әмбебап сепкіштер, жемшөп жинау комбайндары, сүрлем жинау комбайн дары, тырнауыштар, пішен орғыштар, пішен тайлауыштар, аударғыштар, ысырғыштар, тиегіш - пішен маялағыштар, шөмеле тасығыштар, азық үлестіргіштер, 1,4 - 3,0 тс сыныбындағы тракторлар;

- мелиоратив тік жұмыстарға арналған ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар: лазер лі тегістеуіштер , шеңберлі жылжымалы ирригаци ялық жүйелер, жаңбырлатқыш және суару машиналары, сорғы станциялары, орқазғыштар, тегістегіштер, мелиоративтік орғыштар;

- жылыжайларға, тамшылатып суару жүйелеріне және механикалық суаруға арналған жабдықтар.

· «Б» тобы:

- жүгері, соя, қызылша, күріш және бақшалық дақылдар, мақта егуге арналған техника: жүгері, соя, қызылша, күріш және бақшалық дақылдар, мақта егуге арналған сепкіштер, қызылша тәрізділерді және мақтаны қопсытқыштар және оларға арналған тиегіш-тазартқыштар, картоп отырғызғыштар мен қазғыштар, сабақ жинайтын машиналар, далалық әмбебап үйінді тазалағыштар, айналатын кетпендер, қопарғыш – ұсақтағыштар, күнбағыс жинауға арналған айлабұйымдар, тасымалдағыш-тиегіштер, осіне түсетін салмағы 3-5 тонна сыныбындағы шынжыр табанды тракторлар.

· «В» тобы:

- Басқа техника: трактор лар («А» және «Б» топтарына кіретін тракторлардың түрлерінен басқа), аспалы жабдығы бар астық жинау комбайндары, егу кешендері, сепкіштер («А» және «Б» топтарына кіретіндерден басқа ), дестелегіштер, бүріккіштер, минералды тыңайтқышты шашқыштар, трактор тіркемелері, топырақ өңдейтін агрегаттар, сыдыра жыртқыштар, соқалар, дән аршығыштар, тырмалар, трактор таптауыштары, трактор тіркеуіштері, дән лақтырғыштар мен тиегіштер, тұқым улағыштар, астық кептіргіштер, астық тазалау кешендері .

2.1.2. Егер Сіздің қаржы лизингілік шартыңыз 2013 жылдың 1 қаңтарынан кейін жасалса;

2.1.3. Сіз «Агробизнес - 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобалар туралы қаржылық қолдау бағдарламасына қатысушысы болып табылсаңыз (бағдарлама тізімі);

2.2. Сіз субсидия алуға құқығыңыз жоқ, егер:

· Сіз «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаржы лизингі шартын жаса саңыз;

· Сіз 2013 «Қайта өңдеу өндірісін дамыту» бюджеттік бағдарламасының 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несиелер (лизинг) бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемелерін өтеу» кіші бағдарламасы шеңберінде субсидиялау жүзеге асырылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге қаржы институттарымен қаржы лизингі шартын жаса саңыз;

· Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының және республикалық бюджет қаражаты шеңберінде қаржы лизингі шарт ын жасасаңыз;

· Қайтарымды лизинг немесе сублизинг шартын жасасаңыз.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Сіз банкке немесе лизингілік компанияға тізімнің 2.1. тармағында көрсетілген ауыл шаруашылық техникасын сатып алу үшін қаржы лизингін сұрау өтінішімен жүгінесіз;

3.2. Банк немесе лизинг ілік компания Сізбен лизинг шартын жасасады және сауалнама-өтінішімен операторға өтініш білдіреді, оған мынадай құжаттар топтамасы қоса беріледі:


1) Сіздің кәсіпорыныңыздың мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің мөрмен және Сіздің қолыңызбен расталған көшірмесі;


2) негізгі борышты өтеу және ол бойынша сыйақыны төлеу кестесін қоса бере отырып, Сізбен жасалған қаржы лизингі шартының банк немесе лизингілік компания растаған көшірмесі;


3) егер лизинг нысаны іс жүзінде берілсе, оны лизинг алушыға беруді растайтын құжаттың банк немесе лизингілік компания растаған көшірмесі;

4) Сіздің қаржы лизингі шарты бойынша субсидиялау шартын жасасу туралы қолдаухаты бар банктың немесе лизингілік компанияның ілеспе хаты (түпнұсқасы).

3.3. Оператор құжаттар топтамасын алғаннан кейін мыналарды:

· 5 (бес) жұмыс күні ішінде – ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын, негізгі борышты және сыйақыны өтеу кестесін есептеудің дұрыстығын, құжаттар топтамасының талаптарға сәйкестігін тексеруді;

· Құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, сондай-ақ Сізде салықтық берешек болған жағдайда оператор ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды банкке немесе лизингілік компанияға үш жұмыс күні ішінде пысықтау үшін қайтарады;

· құжаттар пакетін қарағаннан кейін оператор Сіздің кәсіпорныңыздың талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытынды шығарады ;

· құжаттар топтамасын қарағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде – Сіздің сауалнама-өтініміңізді, белгіленген талаптарға сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытындыны және тиесілі субсидиялар көлемінің есептерін Ауыл шаруашылығы Министрлігіне жолдауды жүзеге асырады.

3.4. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің жұмысшы органы/жауапты департамент оператордан құжаттар топтамасын алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде: Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады, оны өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, бұл туралы Комиссияның барлық мүшелерін хабардар етеді ( Комиссия – әкімшінің мүдделі құрылымдық бөлімшелері өкілдерінің, сондай-ақ қаржы институттары мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен әкімші басшысының орынбасары басқаратын консультативтік-кеңесші орган ).

3.5. Комиссия отырыстар шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

1. Сіздің сауалнама-өтінішіңізді, оператордың қорытындысын және тиесілі субсидиялар көлемінің есебін қарауды;

2. Комиссия талқылаудың нәтижелері бойынша – субсидиялау мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдауды жүзеге асырады, ол Комиссия отырысын өткізген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Егер Сіздің өтініміңіз қайтарылса, онда қайтару себебі хаттамада міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

3.6. Комиссия қабылдаған шешімнің нәтижелері бойынша жұмыс органы Комиссия мүшелері хаттамаға қол қойғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде хаттаманың көшірмесін қоса бере отырып, банкті немесе лизингілік компанияны және операторға хат жолдайды.

3.7. Жұмыс органынан хат алғаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы институты:
1) Субсидиялау шартын дайындайды және оған қол қояды;

2) Шартты әкімшіге қол қоюға беруді жүзеге асырады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі .

Субсидиялау шарттарында бағдарламаға қатысу мерзімінен бұрын тоқтату талаптары, жауапкершілік қарастырылады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Қаржы институты дегеніміз не?»

Жауап: Қаржы институттары – әкімшімен және оператормен Ынтымақтастық туралы келісім жасасқан екінші деңгейлі банктер және/немесе лизингтік компаниялар;

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 334.94
  • EUR Евро 393.96
  • CNY Қытай юані 50.52
  • RUB Ресей рублі 5.83
  • GBP Ағыл. фунты 441.38
Хабарландыру тақтасы