Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарлама Сізге тұрақты жұмыс табуға, ал қажет болса – талап етілетін мамандықтар бойынша білім алуға көмек көрсетеді.

1.1. Бағдарлама аясында мемлекеттік қолдаудың түрлері:

1.1.1. кәсіптік оқу, жұмысқа орналасу мәселелерi бойынша консультациялар, сондай-ақ психологиялық бейiмдеу;

· тегiн бiлiктiлiктi арттыру, кәсiптiк даярлау және қайта даярлау курстарына (бұдан әрi – кәсiптiк оқыту) жіберу:

· кәсібі (мамандығы) жоқ, кәсіп (мамандық) игеруді және сол кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды; еңбек нарығында сұранысқа ие емес кәсібі (мамандығы) бар, жаңа кәсіп (мамандық) игеруді және сол кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс істеуді қалайтын адамдарды кәсіптік даярлауды;

· егер Бағдарламаға қатысушыларға кәсібі (мамандығы) бойынша лайықты жұмыс ұсыныла алмайтын немесе олардың белгілі бір мамандықтар (кәсіптер) бойынша жұмысты орындауға қабілеттілігі жойылған жағдайда, жаңа кәсіптер (мамандықтар) меңгеру мақсатында қайта даярлауды;

· кәсіби шеберлігін жетілдіру, анағұрлым жоғары разряд (сынып, санат) алу, өндірістік қажеттілікті ескере отырып, озық техника мен технологияны зерттеу және игеру мақсатында біліктілігін арттыруды қамтиды.

1.1.2. кәсіптік оқуға материалдық көмек беру.

1.1.3. лайықты бос жұмыс орындарын iздеу және жұмысқа, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орындарына және жастар практикасына орналасуға жәрдемдесу:

· мерзімі: 1 жыл;

· бiр айдағы субсидия мөлшерi (салықтарды, мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескере отырып):

– алғашқы 6 айда жалақының 50 %-на дейiн, бiрақ 26 мың теңгеден аспайды;

– келесi 3 айда жалақының 30 %-на дейiн, бiрақ 15,6 мың теңгеден аспайды;

– соңғы 3 айда жалақының 15 %-на дейiн, бiрақ 7,8 мың теңгеден аспайды.

1.1.4. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын жеке тұлғалардың жалақысын iшiнара субсидиялау (қаржыландыру);

1.1.5. жастар практикасына жiберiлген жеке тұлғаларға еңбекақы төлеу:

· мерзімі: 6 ай;

· бір айдағы субсидия мөлшері: 17,2 айлық есептік көрсеткіш (АЕК).

· Азаматтардың жастар практикасына қатысудың және оларға мемлекеттік қолдау көрсетудің толық шарттарымен ҚР Үкіметімен бекітілген Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасынан оқып танысуға болады.

Бағдарламаның операторы:

· ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Бағдарламаның нысаналы тобына келесі санаттардағы еңбекке қабілетті Қазақстан азаматтары мен оралмандар кіреді:

· ішінара жұмыспен қамтылғандар;

· жұмыссыздар;

· өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;

· табысы төмен адамдар;

· бітіргеннен кейін күнтізбелік бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітірушілер;

· еңбекке қабілеттілігі сақталған мүгедектер;

· балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;

· жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

· жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер;

· ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар.

Назар аударыңыз: Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу кезінде білім деңгейі, кәсібі (мамандығы) және біліктілігі ескеріледі. Басымдық мүмкіндіктер жастарға және ауылды жерлерде тұратын әйелдерге беріледі.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Бағдарламаның бірінші бағытына қатысу үшін үміткер халықты жұмыспен қамту жергілікті орталығына Бағдарламаға қатысу туралы өтінішімен жүгініп, келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

· жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

· тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімнің анықтамасы);

· еңбек кітапшасының (болған кезде) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжаттың (табысы төмен азаматтардың қатарындағы жұмыс істейтін адамдар үшін және ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер үшін) көшірмесі;

· білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ білім алғанын растайтын басқа да құжаттардың (куәлік, сертификат) көшірмелері;

· денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органмен бекітілген нысанға сәйкес).

Назар аударыңыз: ішінара жұмыспен қамтылған жалдамалы жұмыскерлер, жоғарыда көзделген құжаттардан басқа, толық емес/қысқартылған жұмыс уақыты режиміне ауыстыру туралы немесе әлеуметтік демалыс беру туралы немесе мәжбүрлі бос тұрып қалу туралы жұмыс берушінің актісін ұсынады.

3.2. Өтініш тіркелгеннен кейін жұмыспен қамту орталығы 10 жұмыс күн ішінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына үміткерлердің тізімін комиссияның немесе жұмыс тобының қарастыруына жібереді.

3.3. Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынылған құжаттарды қарастырып, 2 жұмыс күн ішінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы (немесе бұдан бас тарту туралы) ұсыныстар береді.

3.4. Халықты жұмыспен қамту орталығы тапсырылған құжаттарды қарайды және тапсырылған құжаттардың Бағдарламаға қатысушыларға комиссиямен немесе жұмыс тобымен қойылатын талаптарға сәйкестігін салыстырып тексеру негізінде Бағдарламаға қатысушылардың құрамына қосу туралы (немесе бұдан бас тарту туралы) шешім қабылдайды.

3.5. Халықты жұмыспен қамту орталығы шешім қабылданғаннан кейінгі 5 жұмыс күн ішінде қабылданған шешім туралы өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

Азаматтардың Бағдарламаға қатысудың және оларға мемлекеттік қолдау көрсетудің толық шарттарымен Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасынан оқып танысуға болады.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Әлеуметтік келісімшарт талаптарының Бағдарламаға қатысушылар тарапынан орындалуын халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органы бақылайды.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Кәсіптік оқу аяқталғаннан кейін Бағдарламаға қатысушыларға алынған мамандығы (кәсібі) бойынша жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетіледі.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парағы)

Вопрос: «Субсидиялау дегеніміз не?»

Ответ: «Субсидия (лат. subsidium – көмек, қолдау) – мемлекеттік немесе жергілікті бюджет есебінен тұтынушыларға берілетін төлемдер. Субсидияның негізгі белгілері: қаражаттарды ақысыз беру, мақсатты сипат және қоса қаржыландыру (үлестік қаржыландыру шарты негізінде)».

Сұрақ: «Мен жұмыс істеймін, бірақ ағымдағы жалақы маған жеткіліксіз болғандықтан, мен Бағдарламаға қатысқым келеді. Мен оған қатыса аламын ба?»

Ответ: «Біріншіден, Сіз көзделген нысаналы топ санаттарының біреуінің өкілі болуы тиіссіз. Мұндай жағдайда Сіз Бағдарламаға қатыса аласыз, бірақ ол үшін Сіз толық емес ставка режимінде (күн сайын таңертеңнен кешке дейін емес) жұмыс істеуіңіз тиіс. Сондай-ақ, Сіз ішінара жұмыс кестесі, әлеуметтік демалыс немесе мәжбүрлі бос тұрып қалу туралы жұмыс берушінің анықтамасын ұсынуыңыз қажет».

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 322.01
  • EUR Евро 362.42
  • CNY Қытай юані 47.26
  • RUB Ресей рублі 5.46
  • GBP Ағыл. фунты 410.31
Хабарландыру тақтасы