Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының үшінші бағыты


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Аталған бағдарлама еліміздің алыс аймақтарынан жұмысқа орналасу үшін қолайлы аудандарға өз еркімен көшуді қалайтын адамдарға арналған.

1.1. Бағдарлама аясында мемлекеттік қолдау түрлері

· көшуге субсидия беру;

· жаңа тұрғылықты жерінде кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына оқыту, сондай-ақ жұмысқа орналасуына жәрдемдесу;

· қызметтік тұрғын үй беру;

· жастарға арналған жатақханалардан бөлме беру;

· психологиялық бейімдеу.

1.2. Көшудің шарттары:

· Бағдарламаға қатысушылар:

– бір ауданның ішінде;

– бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға);

– бір облыстан басқасына көше алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

· Бағдарламаға қатысушы Бағдарлама аясында басқа облысқа жұмыс берушінің өтінімі негізінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің шешімі бойынша ғана көше алады.

· Бағдарламаға қатысушылардың келген жерінің жергілікті атқарушы органдары оларды тұрғын үймен қамтамасыз етеді, бұл үшін мыналарды алдын ала жүзеге асырады:

– қызметтік тұрғын үйлер салу, сатып алу және салып бітіру;

– жастарға арналған жатақханалар салу, сатып алу;

– жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіндегі бос тұрған көппәтерлі тұрғын үйлерді реконструкциялау.

· Қызметтік тұрғын үйлердің ауданы:

– отбасы мүшесінің біреуіне 18 шаршы метрден аспайды;

– отбасына 100 шаршы метрден аспайды;

– бір бөлмелі пәтерден не отбасылық үлгідегі жатақхананың бір бөлмесінен кем болмауы тиіс.

· Оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне ақпараттық, құқықтық, әлеуметтік, медициналық және білім беру қызметтерінің кешені тегін негізде көрсетіледі.

1.3. Субсидияның мөлшері ( көшу шығындарының орнын толтыру):

· отбасылар бір ауданның шегінде көшкен жағдайда – 10 еселенген айлық есептік көрсеткішті (АЕК: 2013 жылы бір АЕК 1731 теңгені құрайды), отбасының әрбір мүшесіне 5 еселенген АЕК;

· отбасылар бір облыс шегіндегі бір ауданнан (облыстық маңызы бар қаладан) басқа ауданға (облыстық маңызы бар қалаға) көшкен жағдайда – отағасына 25 еселенген АЕК, отбасының әрбір мүшесіне 15 еселенген АЕК;

· отбасылар басқа облысқа көшкен жағдайда – отағасына 50 еселенген АЕК, отбасының әрбір мүшесіне 35 еселенген АЕК құрайды.

Жобаның операторы:

· ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Нысаналы топқа мынадай санатты Қазақстан азаматтары кіреді:

· жұмыссыздар;

· өз бетінше жұмыспен айналысатындар;

· күн көрісі төмен жандар;

· балалар үйінің тәрбиеленушілері;

· жиырма үш жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

· жаңадан келген көшіп келушілер-оралмандар арасындағы жастар.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

· Қатысудың басым құқығы ауылдарда, кенттерде және шағын қалаларда тұрып жатқан жастарға беріледі.

· Бағдарламаға қатысу үшін міндетті шарт: көшкеннен кейін отбасы мүшелерінің кем дегенде бірінің жұмыспен нәтижелі қамтылуы, және одан басқа коммуналдық қызметтерді, жалдау ақысын төлеу және отбасының берілген түрғын үйде тұру мүмкіндігі болуы тиіс.

· Жастарға арналған жатақханаларда тұруға үміткер адамдар мынадай өлшемдерге сәйкес келуге тиіс:

- 29 жастан аспаған болуы;

- қолданыстағы еңбек шарты немесе әлеуметтік келісімшарты болуы;

- тұрғын үй жинақтарының жүйесіне қатысуы керек.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Бағдарламаға қатысу үшін үміткер жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығына көшуге өтініммен жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

· жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі;

· тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы);

· еңбек кітапшасының көшірмесі (болған жағдайда) немесе еңбек қызметін растайтын өзге құжат (жұмыс істейтін тұлғалар үшін);

· білімі туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом), сондай-ақ оқу оқығанын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда).

3.2. Халықты жұмыспен қамту орталығы құжаттарды тіркейді, өтініш берушілермен көшудің ықтимал жолдарын келіседі және көшетін жеріне қарай құжаттарды өңірлік немесе аудандық (қалалық) комиссияға жолдайды.

3.3. Комиссия құжаттарды зерттеп, осы үміткерді Бағдарламаға қатысушы құрамына қосу немесе бас тарту туралы ұсынымды дайындайды.

3.4. Халықты жұмыспен қамту орталығы берілген ұсынымдар негізінде шешім қабылдайды және үміткерді жазбаша хабарландырады.

3.5. Егер үміткер Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушылар тізіміне енгізілген болса, онда халықты жұмыспен қамту орталығы онымен әлеуметтік келісімшартты жасасады, әлеуметтік келісімшарт көшу бойынша әлеуметтік қолдаумен қатар, жаңа жерде жұмысқа орналастыру бойынша іс-шараларды қамтиды.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Әлеуметтік келісімшарт шарттарының орындалуын бағдарламаға қатысушылар тарапынан халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органы бақылайды.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Мен ауылда тұрамын және Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптарға сәйкес келемін. Мен жұмысқа орналасу мақсатында Алматыға немесе Астанаға көшкім келеді. Осыған аталған Бағдарлама бойынша қол жеткізу мүмкін бе?»

Жауап: «Алматыға және Астанаға көшу Бағдарлама шарттарында көзделмеген. Бағдарламаға қатысушылар облыс ішінде немесе бір облыстан басқаға көшуді жүзеге асыра алады».

Сұрақ: «Мен бейресми түрде әртүрлі жұмысшы болып жұмыс істеймін, алайда Бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланғым келеді. Мен оған қатыса аламын ба?»

Жауап: «Егер Сіз ресми түрде жұмыссыз деп танылсаңыз, яғни жалдамалы жұмысшы ретінде рәсімделмеген болсаңыз, онда Сіз Бағдарламаға қатыса аласыз».

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 339.68
  • EUR Евро 401.13
  • CNY Қытай юані 51.26
  • RUB Ресей рублі 5.9
  • GBP Ағыл. фунты 457.14
Хабарландыру тақтасы