Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қазақстан Республикасында қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Егер де Сіз қазақстандық нарықта отандық тауарларды сатумен айналыссаңыз немесе қызметтер көрсетсеңіз, осы бағдарламаның аясында Сіз

· сервис тік қолдау алу;

· Сіздің тауарларыңыз бен қызметтеріңіз туралы нарық қатысушыларын хабардар ететін «Жер қойнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің реестрі», «Қазақстандық қамту» Ғаламтор-ресурсы» ақпараттық жүйелері шеңберіндегі тұрақты қолдау алу;

· отандық өндірушілердің және ықтимал тапсырыс берушілердің қатысуымен қөрмелер, форумдар, кеңестер, кездесулер, дөңгелек үстелдерге қатысу аясында оқыту және ағарту сипатындағы анықтамалық әдебиеттер мен кітапшаларды басып шығаруға қолдау алу мүмкіндігіне ие боласыз.

Сонымен қатар, келешекте – жаңа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған, олар жергілікті жеткізушілердің мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.

Бағдарлама аясындағы жоспарлар:

· шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру, оларды мұнай-газ және сервистік компанияларға жеткізу тізбегіне қосу;

· жеткізушілерді қаржыландыру схемаларын жобалау;

· "Өнімділік-2020" бағдарламасы, СҒТЖ және мемлекеттік қолдауды ұсыну өлшемдері негізінде мониторингке сәйкес жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жоспарын әзірлеу;

· басымдықтарды бөлу, технологиялар мен инфрақұрылымға байланысты жеткізушілердің қажеттілігін айқындау;

· жеткізушілердің өндірістік қуаттарына сәйкестігі бойынша стратегияны жоспарлау;

· болашақ экономика салаларындағы мамандандырылған инновациялық корпорацияларды құру.

Осы міндеттердің шеңберінде келесі қадамдар жасау жоспарланған:

· жергілікті нарықта жасау/дамыту үшін әлеуетті тауарлар мен қызметтерді айқындау;

· осы тауарлар мен қызметтерді жергілікті өндіру үшін әлеуетті компанияларды айқындау;

· қолданыстағы кәсіпорындарды жаңғырту бойынша ұсыныстар;

· Қазақстан Республикасында жаңа өндірістерді құру;

· Қазақстандық және шетелдік компаниялар арасында бірлескен кәсіпорындарды құруға жәрдемдесу;

· шетелдік сервистік компаниялармен бірлескен өндірістерді құруға жәрдемдесу.

Бағдарламаның операторы:

«NADLoC жергілікті қамтуды дамыту бойынша ұлттық агенттігі» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді ішкі нарықта сататын кәсіпкерлер.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТ ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТ ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

5. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ).

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТ ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

6. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер. ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТ ҰСЫНУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).

2013 жылдың бірінші тоқсаны бойынша қазақстандық қамтудың өсімі 22,8 % құрайды.

2012 жылғы 1-жартыжылдығының нәтижелері бойынша мониторинг субъектілерінің сатып алуларындағы жергілікті қамту туралы ақпарат:

Мемлекеттік сатып алу субъектілері, жер қойнауын пайдаланушылары, концессионерлер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 366 қаулысымен бекітілген тізбісі бойынша ұйымдар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар ұсынған есептік мәліметтеріне сәйкес, 2012 жылғы 1-жартыжылдығының нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемі 5 101,2 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде, отандық жеткізушілерде – 2 744,7 млрд. теңге, және тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде жергілікті қамту үлесі 53,8 % құрайды. Сонымен бірге:

· тауарлар 2 036,3 млрд. теңгеге сатып алынған, соның ішінде қазақстандық тауарлар 668,3 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық тауарлардың үлесі 32,8 % құрайды;

· жұмыстар 1 238,1 млрд. теңгеге сатып алынған, соның ішінде қазақстандық жеткізушілерден 705,7 млрд. теңгеге сатып алынған, қазақстандық жұмыстардың үлесі – 57,0 % құрайды;

· қызметтер 1 826,7 млрд. теңгеге көрсетілген, соның ішінде қазақстандық жеткізушілермен 1 370,7 млрд. теңгеге, қазақстандық қызметтердің үлесі 75 % құрайды.

2012 жылғы 1-жартыжылдығының нәтижелері бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің үлесі

Жүйе-құрушы кәсіпорындар 8 %

Тау-кен кешені 5 %

Мұнай-газ кешені 19 %

Мемлекеттік органдар 13 %

Концессионерлер 0%

Ұлттық холдингтер, компаниялар және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ 55%.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 314.4
  • EUR Евро 343.83
  • CNY Қытай юані 45.6
  • RUB Ресей рублі 5.51
  • GBP Ағыл. фунты 406.74
Хабарландыру тақтасы