Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Жұмыспен қамту – 2020 Бағдарламасының төртінші бағыты


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Осы бағдарлама Сізге аймақтарды инфрақұрылымдық дамыту жобаларында ауылдардың, кенттердің және шағын қалалардың тұрғындары үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған жобаларды іске асыруға көмек көрсетеді.

1.1. Инфра құрылымдық жобалар:

· коммуналдық-инженерлiк инфрақұрылым объектiлерiн (суқұбыры, кәрiз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерi) реконструкциялауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi;

· инженерлiк-көлiк инфрақұрылымын (кентiшiлiк және ауылiшiлiк жолдар, кiреберiс жолдар, аудандық маңызы бар жолдар, плотиналар, бөгеттер мен көпiрлер) реконструкциялауды, күрделi, орташа және ағымдағы жөндеудi;

· әлеуметтiк инфрақұрылымды (бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт, демалыс және ойын-сауық объектiлерi) реконструкциялауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi;

· ауылдық елдi мекендерде орналасқан дәрiгерлiк амбулаториялар мен фельдшерлiк-акушерлiк пункттердi салуды;

· көріктендіруді (көшелердi жарықтандыру және көгалдандыру, иесi жоқ объектiлердi бұзу, қатты тұрмыс қалдықтары полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңшаларын көрiктендiру) қамтиды.

Бағдарламаның операторы:

· ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Бағдарламаның нысаналы тобына Қазақстанның келесі азаматтары кіреді:

· ішінара жұмыспен қамтылғандар;

· жұмыссыздар;

· өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;

· табысы төмендер;

· оралман дар.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Жобаға қатысу басымдылық құқығы ауыл тұрғындарына беріледі.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Бағдарламаның төртінші бағыты - инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға қатысу үшін, үміткер халықты жұмыспен қамту бойынша жергілікті орталығына өтінішпен жүгініп, қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

3.2. Халықты жұмыспен қамту орталығы, өтінім берушінің кәсіби біліктілігін және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыратын жұмыс берушінің кадрларға сұранысын ескере отырып, үміткерді Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

3.3. Егер үміткер Бағдарламаның төртінші бағытының қатысушылары тізіміне енгізілсе, Халықты жұмыспен қамту орталығы онымен әлеуметтік келісімшарт жасасады. 
 
4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Әлеуметтік келісімшарт талаптарының Бағдарламаға қатысушылар тарапынан орындалуын халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органы бақылайды.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақы)

Сұрақ: «Мен әртүрлі жұмыстарда бейресми жұмыс істеймін, бірақ мен Бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдаланғым келеді. Мен оған қатыса аламын ба?»

Жауап: «Егер де Сіз ресми түрде жұмыссыз деп саналсаңыз, яғни жалдамалы жұмыскер ретінде рәсімделмеген болсаңыз, Сіз Бағдарламаға қатыса аласыз».

Сұрақ: «Жобада мен қандай қызметте жұмыс істей аламын?»

Жауап: «Халықты жұмыспен қамту орталығында, шешім қабылданбас бұрын, Сіздің біліктілігіңіз бен тәжірибеңіз ескеріледі, егер Сіз Бағдарламаға қабылдансаңыз, мамандар Сіздің мүмкіндіктеріңізге сәйкес келетін тиісті жұмыс ұсынады».

7. Жоба бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 312.44
  • EUR Евро 340.47
  • CNY Қытай юані 45.34
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 400.7
Хабарландыру тақтасы