Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы екінші бағыты


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Аталған бағдарлама Сізге кеңес алуға, оқуға, өз бизнесіңізді ашуға немесе кеңейтуге кредит түрінде қаржылық қолдау алуға көмек көрсетеді.

1.1. Бағдарламаның шеңберінде мемлекеттік қолдау түрлері:

· кеңес беру (бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік және басқа мәселелер бойынша);

· оқуға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту;

· бизнес жоспарын дайындауға жәрдемдесу, 1 жылға дейінгі мерзімге жобаларды сүйемелдеу;

· микронесилер беру;

· жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (ИКИ) объектілерін дамыту және/немесе салу , ілеспе технологиялық жабдықтарды, оның ішінде жайылымдық мал шаруашылығын дамыту үшін ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу (Бағдарлама шеңберiнде қатысушылар iске асыратын жобалар үшiн қолданыстағы жүйелерге: жолдарға, кәрiзге, жылумен және сумен жабдықтауға, телефон және электр желiлерiне жетiспейтiн инфрақұрылым жүргізу).

1.2. Микронесие беру шарттары:

· республикалық бюджеттен бюджеттiк несие жергiлiктi атқарушы органға 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемемен қайтарымдылық, жеделдiлiк және ақылылық қағидаттарында 5 жылға берiледi;

· бюджеттiк несиенің нысаналы мақсаты – жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту, айналым қаражатын толықтыру;

· несие тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берiлмейдi;

· несие беру мерзiмi – 5 жылдан аспайды;

· несие сомасы: 3 млн. теңгеден аспайды;

· соңғы қарыз алушыға, микроқаржы (микрокредиттiк) ұйымдарына және/немесе кредиттiк серiктестiктерге несие бойынша негiзгi борышты өтеу бойынша несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайтын мерзiмге жеңiлдiктi кезең (ішінде несие бойынша негізгі борыш сомасы өтелмейтін қосымша уақыт мерзімі; несие өтеуді бастау мерзімін кейінге қалдыру) ұсынылуы мүмкiн;

· соңғы қарыз алушы үшiн несиелік ресурстар бойынша жылдық ең жоғары тиiмдi мөлшерлемені (қараңыз: FAQ) өңiрлiк комиссиямен келiсе отырып, уәкiлеттi өңiрлiк ұйым белгiлейдi;

· жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе салуға мемлекеттік сараптама жүргізу және ілеспе технологиялық жабдықтар сатып алу республикалық бюджеттен берілетін трансферттер (қараңыз: FAQ) есебінен жүзеге асырылады.

Бағдарламаның операторы:

· ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Бағдарламаның нысаналы тобына келесі санаттардағы еңбекке жарамды Қазақстан азаматтары (оралмандарды қоса) кіреді:

· ішінара жұмыспен қамтылғандар;

· жұмыссыздар;

· өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;

· табысы төмен адамдар;

· бітіргеннен кейін күнтізбелік бір жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітірушілер;

· еңбекке қабілеттілігі сақталған мүгедектер;

· балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;

· жиырма үш жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

· жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер;

· ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Ауылдарда, кенттерде және шағын қалаларда жеке iсiн ұйымдастыруды немесе кеңейтудi қалайтын ауыл тұрғындарына, әйелдерге және мүгедектерге қатысудың басым құқығы берiледi.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Бағдарламаның екінші бағытына қатысу үшін үміткер халықты жұмыспен қамту жергілікті орталығына Бағдарламаға қатысу туралы өтінішімен жүгініп, келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

· жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

· тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі (азаматтарды тіркеу кітабы, мекенжай бюросының анықтамасы, селолық және/немесе ауылдық әкімнің анықтамасы);

· жеке iсiн ұйымдастыру немесе кеңейту туралы бизнес-ұсынысы;

· жоба үшін ИКИ дамытуға өтінім (қажеттігі болған жағдайда).

3.2. Өтініш тіркелгеннен кейін халықты жұмыспен қамту орталығы үміткерлердің тізімін ауданның (қаланың) кәсіпкерлікті дамыту бойынша өкілетті органына, селолық округтің (кенттің) әкімдігіне, жергілікті микрокредиттік ұйымына және ИКИ дамыту және жайластыру бойынша аудандық өкілетті органына жібереді.

3.3. Аталған өкілетті органдар с ұрауды алған күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Жұмыспен қамту орталығына үміткердің сұрауын қанағаттандыру мүмкіндігі туралы құзыретті қорытындыларын жібереді. Комиссия немесе жұмыс тобы ұсынылған құжаттарды қарастырып, 2 жұмыс күн ішінде Бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізу туралы (немесе бұдан бас тарту туралы) ұсыныстар береді.
3.4. Халықты жұмыспен қамту орталығы 3 жұмыс күн ішінде ұсынылған қорытындылар негізінде үміткерді Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына қосу туралы (немесе бұдан бас тарту туралы) шешім қабылдайды және қабылданған шешім туралы 3 жұмыс күн ішінде өтініш берушіні жазбаша түрде хабардар етеді.

3.5. Егер үміткер Бағдарламаның екінші бағытының қатысушылары тізіміне енгізілсе, Х алықты жұмыспен қамту орталығы онымен әлеуметтік келісімшарт жасасады. 
 
4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Әлеуметтік келісімшарт талаптарының Бағдарламаға қатысушылар тарапынан орындалуын халықты жұмыспен қамту орталықтары, халықты жұмыспен қамту орталықтары тарапынан – ауданның (қаланың) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өкілетті органы бақылайды.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме дегеніміз не? Оның қарапайым пайыздық мөлшерлемесінен айырмашылығы неде?»

Жауап: «Бұл қарыз алушының, қарызды пайдаланудың толық мерзімдегі барлық қосымша комиссиялары ескеріле отырып, несиені қамтамасыз етуге жұмсалған жиынтық шығындарын көрсететін пайыздық мөлшерлеме. Комиссиялар белгілі бір ілеспе қызметтер үшін, мысалы, несиені ақшаға аудару, қарыз есеп-шотын жүргізу және т.б. үшін алынуы мүмкін. Сөйтіп, несие бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығыстар қосылады».

Сұрақ: «Мақсатты трансферт дегеніміз не?»

Жауап: «Мақсатты трансферттер - белгілі бір ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды немесе даму бюджеттік бағдарламаларын іске асыру үшін республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген қаражат шеңберінде жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджеттерге берілетін трансферттер болып табылады».

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 322.01
  • EUR Евро 362.42
  • CNY Қытай юані 47.26
  • RUB Ресей рублі 5.46
  • GBP Ағыл. фунты 410.31
Хабарландыру тақтасы