Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша шағын несиелер беру


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Аталған бағдарлама Сізге жаңа жұмыс орындарын құрумен, айналым қаражатын (сауда саласын қоспағанда) толтырумен байланысты ауыл шаруашылығы саласында бизнесті ашу немесе кеңейту үшін қаржыландыруды алуға көмек көрсетеді. Бағдарлама олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан, даму әлеуеті орташа және жоғары ауылдарда, қалалық әкімшілік бағыныстылықтағы аумақтарда орналасқан кенттерде іске асырылады.

Шағын неисе беру шарттары:

· несиенің сомасы: 3 млн. теңгеден аспайды *;

· несие беру мерзiмi – 4,5 жылдан аспайды;

· сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 6%;

· тиімді мөлшерлеме ( қараңыз: FAQ ): 6,7% дейін;

· негізгі берешекті өтеу: қарызды ішінара/толық мерзімнен бұрын өтеу мүмкіндігімен ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылда бір рет, жылына бір рет;

· сыйақыны өтеу: іс жүзінде пайдаланылған кезең үшін несие мерзімі ішінде есептелген сыйақыны өтеу мүмкіндігімен ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылда бір рет;

· негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ( ішінде несие бойынша негізгі борыш сомасы өтелмейтін қосымша уақыт мерзімі; несие өтеуді бастау мерзімін кейінге қалдыру) ( қараңыз: FAQ ): несие беру мерзімі ұзақтығының үштен бiрiнен аспайды;

· сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең ( ішінде несие бойынша негізгі борыш сомасы өтелмейтін қосымша уақыт мерзімі; несие өтеуді бастау мерзімін кейінге қалдыру): 6 айдан аспайды;

· кепілдік қамтамасыз ету міндетті: кепілдікке қойылатын талаптарды көшіріп алу.

* тіреуші ауылдардың тұрғындары үшін - 5 млн. теңгеге дейін несие берілуі мүмкін.

Бағдарламаның операторы:

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ (бұдан әрі - Қоғам).

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды ?

2.1. Бағдарламаның нысаналы тобына келесі санаттардағы еңбекке жарамды Қазақстан азаматтары (оралмандарды қоса) кіреді:

· ішінара жұмыспен қамтылғандар;

· жұмыссыздар;

· өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;

· табысы төмен адамдар;

· ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің 11-сыныбын бітірушілер;

· еңбекке қабілеттілігі сақталған мүгедектер;

· балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;

· 23 жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

· жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер;

· ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушы болып табылатын адамдар.

2.2. Бағдарламаға қатысу талаптары:

· ауылдық жерде тұру;

· өтінім беру кезінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер бойынша борыштың болмауы;

· өтінім беру кезінде банктер мен басқа қаржылық ұйымдар алдында мерзімі өткен берешектің болмауы;

· оң несие тарихтың болуы (қараңыз: FAQ);

· Қоғамға несиенің мақсатты пайдаланылуын растайтын барлық қажетті құжаттардың ұсынылуы*.

*несие алғаннан кейінгі үш ай ішінде ұсынылады.

2.3. Бағдарламаға кім қатыса алмайды:

Бағдарлама сауда саласындағы жобаларды қаржыландырмайды.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

· «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы» бойынша шағын несие алу үшін үміткер аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына өтінім береді.

· Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы үміткердіңқұжаттар тізілімінқарастырады, үміткерлердің тізімін құрады және тізімді Қоғам филиалына жібереді.

Қоғам 10 жұмыс күн ішінде Жұмыспен қамту орталығына үміткерге несие беру туралы немесе бұдан бас тарту туралы қорытынды береді. Оң қорытынды алған жағдайда, а удандық халықты жұмыспен қамту орталығы бұл туралы үміткерді хабардар етеді және онымен әлеуметтік келісімшарт жасасады. Кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту қажет болған жағдайда, қызметтер көрсету бойынша серіктес бір ай ішінде үміткерді оқытады.

· Үміткер оқуды аяқтағаннан кейін Қоғамның жергілікті филиалына несие алу үшін жүгінеді.

· Қоғам 5 жұмыс күн ішінде несие беру туралы шешім қабылдайды және үміткермен қарыз және кепілдік шарттарын жасасады.

· Үміткер несиені қор Қоғам филиалында өтейді.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

· Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату несиені толық өтеген жағдайда өтініш негізінде жүзеге асырылады;

· Алынған шағын несиені тұтынушылық мақсатта, бұрыңғы қарыздарды өтеу үшін және тұрғын-үй жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін пайдалануға жол берілмейді.

· Несие бойынша шарттың талаптарын бұзғаны үшін комиссиялар мен айыппұлдарды төлету туралы шешім Қордың кредиттік комитетімен қабылданады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

Өз ісіңізді ұйымдастыру немесе кеңейту, әл-ауқатыңызды арттыру, жұмыссыздар санын азайтуға атсылысу мүмкіндігіне ие боласыз.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Тиімді мөлшерлеме дегеніміз не? Оның қарапайым пайыздық мөлшерлемесінен айырмашылығы неде?»

Жауап: «Бұл қарыз алушының, қарызды пайдаланудың толық мерзімдегі барлық қосымша комиссиялары ескеріле отырып, несиені қамтамасыз етуге жұмсылған жиынтық шығыстарын көрсететін пайыздық мөлшерлеме. Комиссиялар белгілі бір ілеспе қызметтер үшін, мысалы, несиені ақшаға аудару, қарыз есеп-шотын жүргізу және т.б. үшін алынуы мүмкін. Сөйтіп, несие бойынша негізгі пайыздық мөлшерлемеге қосымша шығыстар қосылады».

Сұрақ: «Негізгі борыш нені білдіреді?»

Жауап: «Бұл несие бойынша пайыздарды есептемегенде, қарыз алушының банк алдындағы борышы, яғни несиенің өз сомасы. Несиені өтеу үдерісінде негізгі борыш азаяды. Оның белгілі бір күндегі мөлшері негізгі борыштың қалдығы деп аталады».

Сұрақ: « Таза несие тарихы нені білдіреді ?»

Жауап: « Егер де Сіз бұрын қандай-да бір қаржылық мекемеден несие алып, оны талаптарға сәйкес өтесеңіз, белгіленген төлемдерді енгізу мерзімдерін қатаң сақтап, қарызды уақытылы жапсаңыз, демек Сізде таза несие тарихы бар. Егер де Сіз несие алып, оның өтеуіне жауапкершіліксіздікпен қарасаңыз, яғни борышкер, өрескел төлемеуші болсаңыз, онда Сізде теріс несие тарихы. Сіздің деректеріңіз несие бюросында сақталады және олар біздің кредиттік комиссия үшін қолжетімді болады».


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.03
  • EUR Евро 392.61
  • CNY Қытай юані 50.54
  • RUB Ресей рублі 5.82
  • GBP Ағыл. фунты 442.86
Хабарландыру тақтасы