Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Ауылшаруашылық өнімдін бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауар-материалдық құндылықтармен жабдықтау бойынша АШТӨ бірлестіктерін және ауыл тұрғындарын несиелеу» бағдарламасы


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Егер Сіз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация (ӘКК) атынан қатыссаңыз, бұл бағдарлама Сізге негізгі құралдарды сатып алуға, оның ішінде нысандарды жаңғыртуға, құрылыс-монтаж жұмыстарына (ҚМЖ), оның ішінде қайта құруға, сонымен қатар айналым қаражатын толықтыруға несие береді.

Несиелеу шарттары:

· Несие валютасы: тенге.

· Несие түрі: несие немесе несие желісі (FAQ қара);

· Қаржыландыру сомасы: 1 000 000 тенге ден бастап Сіздің Корпорация ұсынған жеке капиталдың 25% дейін.

· Несие желісінің мерзімі: 10 жылға дейін;

· Несие/транш мерзімі:

– негізгі құралдарды сатып алу, ҚМЖ – 10 жылға дейін;

– айналым қаржысын толықтыру –2 жылға дейін.

· Несие бойынша мөлшерлеме :

– Республикалық бюджет қаражатынан – жылдық 5%;

– Корпорацияның жеке қаражатынан – жылдық 6%.

· Төлеу:

– негізгі қарыз (FAQ қара): ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет;

– сыйақы: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда 1 рет, жылына 1 рет;

Назар аударыңыз: Несие комитеті қызмет түріне және бизнес-жоспарға байланысты мерзімінен бұрын ішнара/толық төлеу мүмкіндігімен жеке төлем кестесін белгілеуі мүмкін.

· Негізгі қарызды және сыйақыны төлеу бойынша жеңілдетілген кезең: 2 жылға дейін.

· Несие бойынша кепіл: талапты жүктеу. Қосымша ақпаратты мына e-mail-ге сұрау салу: zalog @ agrocredit.kz және мына телефондарға қоңырау шалу: (7172) 559947, 559948, 559949 арқылы алуға болады.

Бағдарлама операторы:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

Мақсатты топқа: ауылшаруашылық өнімдерді бірлесіп өндіру, дайындау, өткізу, қайта өңдеу, сақтау, тасымалдау, тауар-материалдық құндылықтармен жабдықтау қызметін жүзеге асыратын қайтадан құрылған және жұмыс істеп тұрған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жатады.

2.1. Бағдарламаға кім қатыса алады?

2.1.1 Егер Сіз құрылған ӘКК әлеуетті мүшесі болсаңыз, онда Сіз бағдарламаға қатысу келесі талаптарға сай болған жағдайда қатыса аласыз:

· ӘКК мүшелерінің саны 2-ден кем емес қаржылық тұрақты ауыл шаруашылық субъектілері болуы керек;

· өтінім берген күніне салық және бюджетке төленетін басқа де міндетті төлемдер бойынша қарызы жоқ болу керек;

· өтінім берген күніне банктер және өзге де қаржылық ұйымдар алдында мерзімі өтіп кеткен берешегі жоқ болу керек;

· жағымды несие тарихыңыз бар болу керек (FAQ қара);

· Сіз жойылу, банкротқа ұшырау шараларын жүргізіп жатқан жоқсыз;

2.1.2. Егер Сіз жұмыс жасап отырған ӘКК қатыссаңыз, онда Сіз бағдарламаға келесі талаптарға сай болған жағдайда қатыса аласыз:

· өтінім берген күніне салық және бюджетке төленетін басқа де міндетті төлемдер бойынша қарызыңыз жоқ болу керек;

· өтінім берген күніне банктер және өзге де қаржылық ұйымдар алдында мерзімі өтіп кеткен берешегі жоқ болу керек;

· жағымды несие тарихыңыз бар болу керек (FAQ қара);

· Сіз жойылу, банкротқа ұшырау шараларын жүргізіп жатқан жоқсыз;

· Сіз төлем қабілеттісіз және орнықтысыз.

2.1.3. Сіздің жобаңыз бағдарламаға қатыса алады, егер:

· қызметтің жоспарлаған түріне байланысты ӘКК мүшелерінің шикізат базалары бірлестіктің 15% кем болмайтындай жылдық өнімділікті қамтамасыз ете алса;

· жобаны қаржыландыруда бірлестік мүшелерінің қосақаржыландыруы жобаның сұрап отырған сомасының 15% кем емес (жеке қатысу материалдық ретінде де, ақшалай да болуы мүмкін);

· шикізат базасы, өндіріс көлемі бар және іске асыра алатын жабдықтар және техникалар алуға негізділігі бар;

· кепіліңіз болса;

· өткізу нарығыңыз болса;

· ӘКК жоспарлаған қызметінің технологиялық және өндірістік үдерісін білетін білікті мамандар болса;

· жабдықтар, арнайы техникалар, көлік құралдарын алу шарты болса;

· тиімді және өтелімді жоба;

· жобаның технологиялық және техникалық негізділігі бар.


 
3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

Аталған бағдарламаға қатысу үшін қарыз алушы тұрғылықты жері/қызмет орны бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ аймақтық филиалдарына жүгіне алады және келесі құжаттарды ұсынады:

· қаржыландыруға өтініш (1 қосымша);

· несие алу үшін құжаттар тізімі (2 қосымша).

Несие комитеті құжаттарды қарап, шешім қабылдағаннан кейін, қарыз алушы тиісті хабарлама алады. Оң шешім қабылданған жағдайда, жүгінген жерде орналасқан филиалы арқылы қарыз алушыға қаражат беріледі. Мүдделі әлеуетті қарыз алушы ақпараттарды қағаз және электронды тасымалдаушылар арқылы Корпорацияның Орталық аппаратынан және барлық аймақтық филиалдарынан ала алады (мекен-жайлар мен байланыс ақпараты 3 қосымшада).

4 . Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

· Несие бойынша төлемді өз уақытында төлемеген үшін өсімпұл мерзімін өткізіп алған бірінші күнтізбелік күнен бастап, мерзімін өткізіп алған әр күнін есептей отырып, мерзімін өткізіп алған төлем сомасының 0,1% құрайды.

· Несиені мақсатсыз пайдаланғаны үшін айыппұл мақсатсыз пайдаланған несие сомасының 25 % дейін құрайды.

· Несие шарты бойынша міндеттемелерден туындаған кез-келген және әрбір бұзушылық үшін әрбір бұзған (орындамаған) күн үшін несие шарты сомасының 0,1% дейінгі мөлшерде айыппұл төлейді .

· Әрбір несие бойынша комиссия және айыппұл өндіріп алу шешімі Корпорацияның несие комитетімен қабылданады.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

· Қарыз алушы агроөнеркәсіптік кешеннің субъектілерін қаржылық сауықтыру бағдарламасына өтінім бере алады және несиені өтеу барысында үкіметтен қаржылық қолдау алады;

· ҚР ауыл шаруашылығын қолдау ретінде несие бойынша сыйақы төлемдерін өтеу жөніндегі субсидиялау ережесі бойынша заемшыға төлеген несие сыйақысының 80% дейінгі мөлшерін мемлекеттік бюджеттен өтеуі мүмкін.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-бет):

Сұрақ: «Несие желісі дегеніміз не? Оның қарапайым несиеден айырмашылығы қандай?»

Жауап: «Несие бір рет беріледі, бұл жағдайда Сіз көрсетілген мерзім аяғына дейін бірден барлық соманы аласыз. Несие желісі заемды транштармен беруді айтады – бұл қайта жаңғыртылмалы және жаңғыртылмайтын желі болуы мүмкін. Бұл нені білдіреді?

Жаңғыртылмалы желі – бұл қаржыландырудың белгіленген мерзімінде Сіз белгіленген шектен аспайтын қажетті сомманы түсіріп аласыз, одан кейін бұл ақшаны қайтарасыз және қажеттілік болғанда қайта түсіріп аласыз. Сіз транштың жалпы мөлшері несие шегінен аспайтын талапта бірнеше рет қатарынан түсіріп ала аласыз.

Жаңғыртылмайтын желі – қаржыландырудың белгіленген мерзімі шегінде Сіз алдын ала белгіленген соммада транш аласыз және бүкіл несиені мерзім соңында төлеуіңізге болады».

Сұрақ: «Негізгі қарыз дегеніміз не?»

Жауап: «Бұл қарыз алушының банк алдындағы несие бойынша пайызды есепке алмағандағы қарызы, яғни несие сомасының өзі. Несиені төлеу үдерісінде негізгі қарыз азаяды. Қандай да бір күнгі оның мөлшері негізгі қарыздың қалдығы деп аталады».

Сұрақ: «Жағымды несие тарихы нені білдіреді?»

Жауап: « Егер Сіз бұрын қандай да бір қаржылық мекемеден несие алып, оны дұрыс өтесеңіз, төлем төлеудің белгіленген мерзімін қатаң ұстансаңыз, уақытында несиені өтесеңіз, яғни, сізде жағымды несие тарихы бар. Егер несие алып, оның өтелуіне жауапсыз қарасаңыз, яғни берешек болсаңыз, қасақана борышкер болып табылсаңыз, Сізде жағымсыз несие тарихы бар. Сіздің құжаттамаңыз несие бюросында сақталады және Біздің несие комиссиясына қолжетімді болып табылады».

Сұрақ: «Бөлінген ақшаны пайдалануда шектеу бар ма?»

Жауап: «Міндетті талап – бөлінген ақшаны мақсатты пайдалану».

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.15
  • EUR Евро 340.05
  • CNY Қытай юані 45.74
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.73
Хабарландыру тақтасы