Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы


1. Бағдарлама туралы (қысқаша анықтама)

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы еліміздің агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанда жалпы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған.

Бағдарлама мақсаты: ҚР агроөнеркәсіптік кешені (бұдан әрі – АӨК) субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.

Қатысушылар: Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер – агроөнеркәсіптік кешені субъектілері.

Бағдарлама операторы: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

2. Бағдарламаның негізгі бағыттары:

Бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар:

2.1. АӨК субъектілерін қ аржылық сауықтыру:

· қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржылық міндеттерін қаржыландыру.

2.2. АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру :

· өсімдік шаруашылығындағы тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

· астық сақтау бойынша қызметтердің физикалық қолжетімділігін арттыру;

· ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін судың экономикалық қолжетімділігін арттыру;

· мал шаруашылығындағы және тауарлы балық өсірудегі тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

· ауыл шаруашылығы шикізатын тереңдетіп қайта өңдеу үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

· қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

· басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру;

· білім беру қызметтерінің, аграрлық ғылым нәтижелерінің және консультациялық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру.

2.3. АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту:

· фитосанитарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту;

· ветеринарлық қауіпсіздік жүйесін дамыту.

2.4. АӨК мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру:

· ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету тиімділігін арттыру;

  · АӨК субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету жүйелерін дамыту;

· ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорттық сынау тиімділігін арттыру;

· АӨК субъектілері үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету жүйесін дамыту;

· ауыл шаруашылығындағы техникалық реттеу жүйесін дамыту;

· АӨК-дегі мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесінің тиімділігін арттыру; 

· органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін және айналымын дамыту үшін жағдайлар жасау.

3. Бағыттардың қысқаша сипаттамасы:

3.1. «АӨК субъектілерін қ аржылық сауықтыру» ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржылық міндеттемелерінің сыйақы мөлшерлемесін төмендету, пайыздарды төлеуді субсидиялау, несиелерді қайтару мерзімдерін ұзарту, негізгі қарызын қайтару бойынша жеңілдік кезеңін ұсыну, айыппұлдарды, өсімпұлдарды, мерзімі өткен сыйақыны есептен шығару және т.б. арқылы қаржылық міндеттемелерін жеңілдетеді.

3.2. «АӨК субъектілері үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру» агроөнеркәсіптік кешеннің аса тиімді дамуы үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін қажетті шикізат тауарлары мен құралдарына аса кең қолжетімділікпен қамтамасыз етеді.

3.3. «АӨК субъектілерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйелерін дамыту» өсімдік және мал шаруашылықтары аясында қолайлылықты қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздікті дамытуына көмектеседі.

3.4. «АӨК мемлекеттік реттеу жүйелерінің тиімділігін арттыру» ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мемлекеттік қатысу тәсілдерін жетілдіреді және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жан-жақты қолдау көрсетеді.

4. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы шеңберінде әрбір бағыт бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін шағын бағдарламалар сызбалары:

http://mgov.kz/programma-agrobiznes-2020/

5. Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыру мерзімдері мен кезеңдері:

1 кезең: 2013–2015 жылдары (АӨК-ні дамытудың берік іргетасын қалау);

2 кезең: 2016–2020 жылдары (ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндіріс көлемін елеулі түрде өсіру, еліміздің импортқа тәуелділігін қысқарту және экспорттық әлеуетті іске асыру).

6. Нысаналы көрсеткіштер:

2020 жылға келесі нәтижелерге қол жеткізу жоспарланып отыр:

· АӨК субъектілерін субсидиялау есебінен ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау көлемін 2020 жылы 4,5 есе ұлғайту;

· АӨК субъектілерінің борыштық жүктемесін қарыздарды қайта қаржыландыру және қайта құрылымдау есебінен жалпы сомасы 300 млрд. теңгеге кемінде 8 жылға ұзарту;

· Несиелер мен лизингтің қолжетімділігін арттыру жөніндегі шаралар есебінен АӨК-ге тартылған мемлекеттік емес несие қаражатының көлемі 2013 – 2020 жылдары 2 трлн. теңгеге дейін;

· карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдер таралуының қауіптілік коэффициенті 2020 жылы 0,88;

· мониторингтік зертханалық зерттеулерге ұшырайтын тамақ өнімдерінің үлесі 2020 жылы 0,4 %;

· электрондық форматқа көшірілген мемлекеттік қызметтер үлесі 2015 жылы 62 %.

7. Қаржыландыру көздері мен көлемдері:

Бағдарламаны 2013 – 2020 жылдары іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген жалпы шығыстар барлығы 3 122,2 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде:

2013 жылы– 339,7 млрд. теңге*

2014 жылы– 466,0 млрд. теңге*

2015 жылы– 322,7 млрд. теңге*

2016 жылы – 340,7 млрд. теңге

2017 жылы – 383,5 млрд. теңге

2018 жылы – 406,9 млрд. теңге

2019 жылы – 414,3 млрд. теңге

2020 жылы – 448,4 млрд. теңге*

 – сомалар тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджетке сәйкес нақтыланатын болады .

8. Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар:

Бағдарлама операторы: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бағдарламаны орындаушылар: облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктер.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.57
  • EUR Евро 391.81
  • CNY Қытай юані 50.37
  • RUB Ресей рублі 5.81
  • GBP Ағыл. фунты 439.14
Хабарландыру тақтасы