Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)


1. Бағдарлама туралы (қысқаша анықтама)

«Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» Қазақстанның жүйе құрушы кәсіпорындарына ел экономикасының бәсекелестік қабілеттілігін арттыратын қаржылық қолдау көрсетуге бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты: Жұмыс орнының барынша мүмкін санын сақтау арқылы бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Қатысушылар: берешегі 4,5 млрд. теңгеден асатын Қазақстанның бәсекеге қабілетті кәсіпорындары. Бағдарламаға Қазақстанның барлық аймақтарын және экономика салаларының кең спектрін ұсынатын барлығы 64 кәсіпорын қатысады.

Бағдарламаның операторы:

ҚР Қаржы министрлігі.

2. Бағдарламаның негізгі бағыттары

Бағдарламаның 2 негізгі бағыты бар:

· Бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру;

· Қаржы жүйесін сауықтыру.

3. Мемлекеттік қолдау шаралары:

· Берешектің бір бөлігін есептен шығару;

· Төлемді өтеу кестесін өзгерту;

· Несие төлемін мөлшері жылдық 7% дейін субсидиялау;

· Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша 3 жылға дейін мерзімін ұзарту;

· 4 жылға дейінгі мерзімге кепілдендірілген мемлекеттік тапсырыс беру;

· Стратегиялық инвестор іздестіруге көмек көрсету;

· Сауықтыру жоспарларын әзірлеу және сүйемелдеу бойынша к онсультант қызметтерінің құнын төлеу ді – 50% дей ін, бірақ 35 млн. теңгеден аспайтын субсидиялау.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сауықтыру жоспары әрбір кәсіпкер үшін жеке әзірленеді.

4. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері:

1 -кезең: 2011 жыл – Бағдарламаға қатысу үшін құжаттарды жинау.

2 -кезең: 2011 жыл – сауықтыру жоспарларын қарау және Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу.

3 -кезең: 2011–2016 жылдар – Бағдарламаны іске қосу және жүзеге асыру асыру.

5. Нысаналы индикаторлар:

Жұмыс орындарының кемінде 70% сақтаған жағдайда, Бағдарламаға қатысушылардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру.

6. Қаржыландыру көздері мен көлемдері:

«Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» іске асыруға республикалық бюджетте 145,404 млрд. теңгеге дейін, оның ішінде мыналарға:

· сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау – 141,004 млрд. теңге;

· сауықтыру жоспарларын әзірлеу бойынша консультанттардың қызмет ақыларын төлеуге бірлесе қаржыландыруға - 1,125 млрд. теңге;

· мониторинг бойынша консалтингтік компаниялардың қызмет ақыларын төлеуге - 1,685 млрд. теңге көзделді.

Осы шығыстар 80 млрд. теңгеге дейін айтарлықтай қысқартылуы мүмкін. Сондықтан қаржыландыру сомалары жоспарлы кезеңге тиісті бюджеттерді ұалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

7. Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар:

Бағдарламаның операторы: ҚР Қаржы министрлігі.

Бағдарламаны орындаушылар:

· ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі;

· ҚР Білім және ғылым министрлігі;

· ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;

· ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі;

· ҚР Көлік және коммуникация министрлігі;

· ҚР Туризм және спорт министрлігі;

· ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі;

· ҚР Денсаулық сақтау министрлігі;

· ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі және басқалар.

8. «Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)» аясындағы нормативтік-құқықтық актілер:

http://www.minfin.gov.kz/irj/portal/anonymous?NavigationTarget=ROLES://portal_content/mf/kz.ecc.roles/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonym_activities/activities/state_support_4_business_fldr

9. Бағдарламаны іске асыру бойынша жалпы көрсеткіштер – қол жеткізілген нәтижелер: http://www.minfin.gov.kz/irj/portal/anonymous?NavigationTarget=ROLES:// portal_content/mf/kz.ecc.roles/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonymous/kz.ecc.anonym_activities/activities/state_support_4_business_fldr


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 333.57
  • EUR Евро 391.81
  • CNY Қытай юані 50.37
  • RUB Ресей рублі 5.81
  • GBP Ағыл. фунты 439.14
Хабарландыру тақтасы