Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Консалтинг 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Егер Сіз агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) субъектісі болсаңыз, бағдарламаның арқасында АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері және агробизнесті жүргізу бойынша ақпарат пен консультацияны тегін ала аласыз.

1.1. Бағдарлама аясында Сіз:

· агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау бағыттары, нормативтік-құқықтық актілер және АӨК басқа да мәселелері жөнінде ақпаратты;

· республиканың барлық аймақтары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің, азық түліктің, тірі малдың, жемнің және жанар-жағармай материалдарының бағалары туралы ақпаратты;

· АӨК үшін материалдық-техникалық ресурстарды өндірушілер мен жеткізушілер бойынша анықтамалық-байланыс ақпаратын;

· алдағы жұмыс үшін байланыс телефондары мен мекенжайларын беру арқылы, сынақтардан өткен және аймаққа байланысты өндіріске енгізуге ұсынылған ҒЗИ соңғы ғылыми зерттемелері туралы ақпаратты (тұқымдардың, тыңайтқыштардың, улы химикаттардың сұрыптары, сондай-ақ механикаландыру құралдары);

· қаржылық (екінші деңгейлі банктер, ШКҰ), сақтандыру және бағалау қызметтерінің шарттары және бағасы бойынша консультацияны;

· дәнді дақылдар түрлері бойынша егу және жинау жұмыстарын жүргізу бойынша ұсынымдарды;

· жоспарлы өткізілетін оқыту семинарлары, тренингтер, презентациялар және республикада және басқа елдерде ұйымдастырылатын көрме-жәрмеңке іс-шаралары туралы ақпаратты;

· ұсақ және орта ауыл шаруашылығы құралымдарының қаржылық сауаттылығын (бухгалтерлік есеп пен есептілікті және басқ.) арттыру бойынша ақпаратты ала аласыз.

1.2. Сондай-ақ бағдарлама аясында АӨК субъектілеріне АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері және агробизнесті жүргізу бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер пакетін ұсыну арқылы «Дербес қызмет көрсету» қызметі көрсетіледі.

Қызметті алушылар арасындағы келісімдер «Дербес қызмет көрсету» қызметін ұсыну турады ережеге» сәйкес ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен (ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа және фермер қожалығы) жасалады.

Бағдарламаның операторы:

«Қазагромаркетинг» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.2. Сіз:

· АӨК субъектісі болсаңыз бағдарламаға қатыса аласыз.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Консультациялық көмекті Сіз аудан деңгейінде «Қазагромаркетинг» АҚ өкілдерінің көмегімен ала аласыз. АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері және басқа мәселелер туралы ақпарат «Қазагромаркетинг» АҚ аймақтық бөлімшелеріндегі ақпараттық қабырға тақтайларында жарияланады.

3.2. Сіз «Дербес қызмет көрсету» туралы келісімге мынадай жағдайда............... қол қоя аласыз.

3.3. Сіз Қазақстан бойынша (Free Phone 8 800 080 70 80 ) тегін қоңырау шалу қызметін пайдалана аласыз, сонымен қатар, егер Сіз АӨК субъектісі болсаңыз АӨК саласындағы уәкілетті органның веб-сайтына және жеке веб-сайтына кіре аласыз. Сіз анықтамалық-байланыс ақпаратын алу үшін деректер қорына еркін кіре аласыз.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

4.1. «Дербес қызмет көрсету» қызметін алушысымен келісім қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және қоса санағанда 2013 жылғы 15 желтоқсанына дейін әрекет етеді. Тараптардың әрқайсысы өзге тарапты бұзудың болжамды күнінен 30 күн бұрын факсимильдік немесе электрондық байланыс арқылы жазбаша хабарландырып, осы келісімді біржақты тәртіппен бұзу құқығына ие.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ - парақ).

Сұрақ: Мен мал шаруашылығымен айналысқым келеді, несие алу үшін қайда жүгінуім керек?

Жауап: Малды сатып алуға және қызметті дамытуға (жабдыққа, құрылысқа және айналым қаражатына) несие алу үшін Аграрлық кредит корпорациясының және Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының филиалдарына жүгіне аласыз. Импорттық малды «Қазагроқаржы» АҚ арқылы лизингке алуға болады. Көрсетілген ұйымдардың байланыстарын «Қазагромаркетинг» АҚ аудандық консультанттарынан немесе 8 800 080 70 80 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы біле аласыз.

Сұрақ: Өз бизнесімді ауылда ашқым келеді, ол үшін несиені қайдан алуға болады?

Жауап: Ауылдағы бизнестің ауыл шаруашылығы емес түрлеріне несиелер «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ беріледі. Олардың филиалдары әрбір обыс орталығында бар. Их филиалы имеются в каждом областном центре. Көрсетілген ұйымдардың байланыстарын «Қазагромаркетинг» АҚ аудандық консультанттарынан немесе 8 800 080 70 80 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы біле аласыз.

Сұрақ: Көктемдік егістік жұмыстарын жүргізуге ресурстар жетіспейді, қайда жүгінуді ұсынасыз?

Жауап: Көктемдік егістік және жинау жұмыстарына арналған несиелер мыналарда беріледі:

· «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ;

· «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ және «Продкорпорация» АҚ;

Сондай-ақ лизингке «Қазагроқаржы» АҚ құрастыруын талап етпейтін ауыл шаруашылық тезникасы мен арнайы техниканы алуға болады. Көрсетілген ұйымдардың байланыстарын «Қазагромаркетинг» АҚ аудандық консультанттарынан немесе 8 800 080 70 80 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы біле аласыз.

Сұрақ: Ангус пен герефорд түрінің асыл тұқымды төлін қалай сатып алуға болады?

Жауап: Ангус пен герефорд түрінің асыл тұқымды төлін сататын асыл тұқымды шаруашылықтар Ақмола, Алматы және Қостанай облыстарында бар. Асыл тұқымды шаруашылықтардың нақты байланыстарын мына сайттардан біле аласыз: kam.kz және minagri.gov. kz («Анықтамалық ақпарат» бөлімінде).

Сұрақ: Ауыл шаруашылығымен айналысуды бастағым келеді, ауыл шаруашылығын, атап айтқанда жылқы өсіруді дамытуға қандай мемлекеттік шаралар қарастырылған?

Жауап: Қазақстанда асыл тұқымды жылқыларды – отандық мал тұқымдарының төлдерін сатып алуға, сондай-ақ қымыз бен жылқы етін өндіруге субсидиялар көзделген. Субсидиялау тәртібі мен қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы №35 және №36 қаулыларымен реттеледі. Аталған қағидаларды kam.kz сайтынан көшіріп алуға болады.

Сұрақ: Мен жылыжай ашсам деймін. Оны ашу үшін несиелерді қайдан және қандай шарттарда ала аламын?

Жауап: Жылыжайларды салу үшін негізгі және айналым қаражаттарын «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ береді, шағын несиелерді «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ ұсынады. Инвестициялық жобалар бойынша лизингті/қарызды «Қазагроқаржы» АҚ алуға болады. Көрсетілген ұйымдардың байланыстарын «Қазагромаркетинг» АҚ аудандық консультанттарынан немесе 8 800 080 70 80 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы біле аласыз.

Сұрақ: МТЗ-82 комбайны мен тракторын сатып алғым келеді. Қайда жүгінуім керек?

Жауап: Егер Сіз ауыл шаруашылығы техникасын сатып алатын болып шешсеңіз, онда Сіз ауыл шаруашылығы техникасын (сондай-ақ а/ш жабдығын) лизингке ұсынатын «Қазагроқаржы» АҚ жүгіне аласыз. «ҚАҚ» АҚ байланыстарын «Қазагромаркетинг» Ақ аудандық консультанттарынан немесе 8 800 080 70 80 (қоңырау шалу тегін) нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу арқылы біле аласыз.

Сұрақ: Мал шаруашылығына қандай субсидиялар қарастырылған, және қандай шарттарда беріледі?

Жауап: Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға субсидиялаудың тәртібі мен қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қаңтардағы №35 және №36 қаулыларымен реттеледі. Аталған қағидаларды http://www.kam.kz сайтынан көшіріп алуға болады.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 330.22
  • EUR Евро 388.07
  • CNY Қытай юані 49.93
  • RUB Ресей рублі 5.6
  • GBP Ағыл. фунты 437.38
Хабарландыру тақтасы