Колл-центр:1408 (Тегін қоңырау шалу)

Әрбір моноқалада өз бетімен жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдардың кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Егер Сіз моноқалада тұрып жатсаңыз, бағдарламаға қатысу Сізге шағын несие алу, сондай-ақ мынадай мемлекеттік қолдау түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді:

- ақпараттық-консультациялық көмек;

- материалдық көмек көрсетуді ұсына отырып , кәсіпкерлік негіздеріне ақысыз оқыту;

- жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау.

Шағын несие берудің шарттары:

- Республикалық бюджеттен бюджеттік несие жергілікті атқарушы органға 0,01 жылдық сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымды, шұғыл және ақылы қағидатында 5 жылға ұсынылады;

- бюджеттік несиенің нысаналы бағыты – өз ісін ұйымдастыру және кеңейту, айналым қаражатын толықтыру;

- несие тұтыну мақсаттарына, өткен қарыздарды өтеуге және жылжымайтын тұрғын-үйді иеленуге ұсынылмайды;

- несие ұсыну мерзімі – 5 жылдан көп емес;

- несиенің ең жоғарғы сомасы 3 млн. теңгеден аспауы қажет;

- несие бойынша соңғы қарыз алушыға, шағын несие ұйымдарына және/немесе кредиттік серіктестіктерге негізгі қарызды өтеу бойынша несие беру мерзімінің ұзақтылығының үштен бірінен жоғары емес жеңілдік кезеңі ұсынылуы мүмкін.

Моноқалаларда тұратын тұлғаларға шағын несие беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қағидаттары мен механизмдері бойынша жүзеге асырылады.

Шағын несие беруде және мемлекеттік қолдау көрсетуде өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халық санынан Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың қатысу жағдайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шараларға қатысатын тұлғаларға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінде қарастырылған.


Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, несиелік ресурстарды іріктеу және микроқаржы ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге беру, сондай-ақ олардың бөлінген несиелік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде несие беру қағидаты шеңберінде көзделген.

Бағдарламаны қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен және Қазақстан Республикасы заңнамасында шектелмеген өзге де көздер шегінде жүзеге асырылатын болады.

Бағдарламаға қатысушылар:

· Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі;

· Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;

· облыс әкімдері;

· «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ;

· Әкімдіктер .

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Бағдарламаға келесілер қатыса алады:

ШОБ субъектілері және іскер болуды жоспарлайтын азаматтар. Шағын несие беруге өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халық санынан өз жұмысын ұйымдастыру немесе кеңейтуді қалайтын және мүмкіндіктері бар, моноқалаларда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар (бұдан әрі – тұлғалар) қатысады.

2.2. Бағдарламаға келесілер қатыса алмайды:

· тау-кен саласының кәсіпорындары;

· минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;

· құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар;

· акциздік тауарлар шығаруды көздейтін жобалар.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатудың шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Қандай елді мекендер төмен және орташа әлеуетті моноқалаларға жатады?»

Жауап: Моноқалалардың тізімін мына жерден көшіріп алуға болады.

Сұрақ: «Қандай компаниялар шағын бизнес субъектілеріне жатады?»

Жауап: Шағын бизнес субъектілеріне қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі жеке кәсіпкерлер және қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамға дейінгі және активтерінің жылдық орташа саны 60 000 еселенген АЕК аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Сұрақ: «Қандай компаниялар орта бизнес субъектілеріне жатады?»

Жауап: Орта бизнес субъектілеріне қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан көп жеке кәсіпкерлер және қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50-ден 250-ге дейінгі адамды құрайтын және активтерінің жылдық орташа саны 325 000 АЕК аспайтын заңды тұлғалар жатады.

Сұрақ: «Бағдарлама туралы консультацияны қайдан ала аламын?»

Жауап: Жобаның операторы – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).


Назад