Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы


1. Бағдарлама туралы (қысқаша анықтама)

Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы ның мақсаты - моноқалаларды орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту. Бағдарлама 4 негізгі бағытты қамтиды (қараңыз: 2 т. , 2.1 – 2.4 т.):

· Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру.

· Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту;

· Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру.

· Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту.

Бағдарламаның өкілетті органы:

· Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - өкілетті орган);


Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушілері:

· Бағдарламаны жергілікті деңгейде іске асыруға жауапты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар. Бағдарламаның жергілікті деңгейдегі үйлестірушілері облыс әкімдерімен айқындалады.

Бағдарламаның қаржы агенті:

· «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде атқарылатын қызметтерді осы Бағдарлама шеңберінде жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ);

2. Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Бағдарламасының негізгі бағыттары:

2.1. 1 -бағыт - «Моноқалаларды тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты оңтайландыру».

1-бағыт келесілерді қамтиды:

· Моноқалалардың экономикалық әлеуетін және перспективалы жаңа мамандандыруларын анықтау

· Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу.

· Моноқалалардың басты жоспарларын түзету.

2.2. 2 -бағыт - «Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру әрі шағын және орта бизнесті дамыту».

2.2.1. 2-бағыт келесі шараларды қамтиды:

· Моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру;

· Ұлттық холдингтердің моноқалаларда, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы;

· Қала құраушы кәсіпорындардың моноқалаларды, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы;

· Моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.

2.2.2. 2-бағытта көзделген шараларды іске асыру жолдары:

· Қаратау және Жаңатас қалаларында «Еврохим» АҚ тәжірибесінің мысалында қолданыстағы мамандандыруды жаңғырту үшін стратегиялық инвесторды тарту;

· моноқалаларға жақын орналасқан перспективалы пайдалы кен орындарын, «Казгеология» ҰК» АҚ-ның немесе кәсіпорындардың шикізат базасын ұлғайтуға мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен, оларды толығымен барлау шараларын айқындай отырып, анықтау.

· «тұйыққа тірелу» проблемаларын шешу және моноқалалардың транзиттік әлеуетін дамыту.

· моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту.

2.2.3. Моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламалары

2-бағыт моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамытуды белсендетуге бағытталған бірқатар бағыттарды қамтиды, атап айтқанда:

· «Несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау»;

· «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту»;

· «Жаңа өндірістер құруға гранттар беру»;

· «Әріптестік бағдарламаларын іске асыру»;

· «Микрокредиттік ұйымдары бар бизнес-инкубаторлар құру»;

· «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру»;

· «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген тұрғындарға кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу»;

Осы бағдарламалардың ықтимал қатысушылары әлеуеті төмен және орта моноқалаларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілері және кәсіпкерлік бастамашылығы бар адамдар болып табылады. Бағдарламалардың толық сипаттамасы және оларға қатысу талаптары 3 т. келтірілген.

2.3. 3-бағыт - «Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуді ынталандыру»

2.3.1. 3-бағыт келесілерді қамтиды:

· Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналасуларға жәрдемдесу

· Моноқалалар жастарын техникалық және кәсіби білім беру салаларындағы облыс оқу мекемелерінде оқытуға жағдай жасау;

· Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшіруге ынталандыру.

2.3.2. Ерікті көшіруге мемлекеттік қолдау көрсетілетін моноқалалар тұрғындары келесі критерийлерге сәйкес келуі қажет:

· өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санатына жатуы;

· соңғы үш жылда әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен моноқалаларда тұруы.

2.3.3 . Бағдарламаның қатысушыларын мемлекеттік қолдау мыналарды:

· көшіруге субсидиялар, соның көшіруге жұмсалған шығыстарды өтеуін ұсынуды;

· кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқуды, сонымен қатар жаңа тұрғын орнында жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;

· заңнамада бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтарына қызметтік үйлер беруді;

· психологиялық бейімделуді қамтиды.

Көшірумен байланысты субсидиялар.

2.4. 4-бағыт – «Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына сәйкес дамыту»

4-бағыт қаланы күту бойынша шығыстарды қаржыландыруды қамтиды, атап айтқанда:

- көшелерге жарық жүргізу және абаттандыру;

- тұрғын-үй қорларын сақтау және қоқыстарды шығару;

- рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтарды және мал көмінділерінің полигондарын жайластыру, жылыту су құбырларын, кәріз жүйелерін жөндеу.

- ойын алаңдарын орнату, қала ішілік автомобиль жолдары мен әлеуметтік объектілерді жөндеу, аулаларды, скверлерді, көшелерді жайластыру, арық желісін жөндеу.

Қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

2.4.1. Моноқалалардың экономикалық әлеуеті деңгейіне байланысты қаржыландыру ерекшеліктері:

· Оларға қатысты ВАК бұдан әрі дамыту туралы шешім қабылданған Әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар – инвестициялық жобалар бюджеттік заңнамамен бекітілген тәртіпте қаржыландырылады. Бірінші кезекте қаланың т ыныс-тіршілігінің анағұрлым өзекті мәселелері шешіледі:

- бекітілген нормативтерге дейін жеткізумен әлеуметтік объектілер инфрақұрылымын жаңғырту және (немесе) салу.

- тыныс-тіршілік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына қатысты реконструкциялау және (немесе) салу (сумен, жылумен, электрмен, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникация, жолдар, экология).

· Әлеуеті төмен моноқалалардағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жағдайы орташа республикалық деңгейде болады. Моноқалаларда жөндеу және қалпына келтіру, ал жекелеген қалаларда апатты тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі іс шаралар іске асырылады.

3. Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде іске асырылатын, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдаламаның қысқаша сипаттамасы:

3.1. «Несиелер бойынша сыйақы мөлгерлемелерін субсидиялау»

Сіз лизингтік қарыз шарттарын қайта қаржыландыру үшін алған несие бойынша мөлшерлемесінің 10% субсидиялауын ала аласыз. Мысалы, ол 13% құрайтын болса, Сіз тек 3% төлейсіз, ал қалғанын мемлекет субсидиялайды. Лизингтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемелері де осы шарттарда субсидияланады.

(қараңыз: ПОРТАЛДА БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

3.2. «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту»

Бағдарлама шеңберінде Сіз кәсіпорынды өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамытуға көмек ала аласыз.

Жетпейтін инфрақұрылымды жақындату өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін арналған. Бағдарлама жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдарды ұйымдастыру үшін де инфрақұрылымды жақындатуды, яғни бірнеше жобаны қамтамасыз етуді көздейді. (қараңыз: ПОРТАЛДА БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

3.3. «Жаңа өндірістерді құруға гранттар беру»

Бағдарламаның аясында Сіз жаңа өндірістерді құруға ақысыз және қайтарымсыз гранттық көмек ала аласыз.

Грант қаражаттарын Сіз келесі мақсаттарға жұмсай аласыз:

  1. негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
  2. материалдық емес активтерді сатып алу;
  3. технологияларды сатып алу;
  4. франшизаға құқықтарды сатып алу.

Бағдарлама шеңберіндегі гранттың ең жоғары сомасы бір кәсіпкер үшін 3,0 млн. теңгеден аспайды; ең жоғары сомасы – 1,5 млн. тенге.

Міндетті шарты - Сіздің жобаны іске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемінің кем дегенде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру.

(қараңыз: ПОРТАЛДА БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

3.4. «Әріптестік бағдарламаларды іске асыру»

Бағдарламаға қатысу Сізге мемлекеттің әріптестік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде қала құраушы кәсіпорындармен бизнес-қатынастарды нығайтуға мүмкіндік береді.

Сіз келесі мемлекеттік қолдау түрлерін ала аласыз:

1) несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау;

2) несиелерге кепілдік беру;

3) инфрақұрылымды жеткізу;

4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау;

5) бухгалтерлік есеп, салықтық есептілікті жасау, ІТ-қызметтер, заң мәселелері, кедендік рәсімдер, Сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселелері бойынша жобаларды сервистік қолдау;

6) «Іскер байланыстар» жобасы шеңберінде квоталар ұсыну.

Бағдарламаның шеңберінде ірі компаниялар кәсіпкерлерді ұзақ мерзімді тапсырыс берумен, «келесі шектерді» дамыту үшін шикізатқа квота беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметтің балама түрлерін дамыту бойынша қолдау көрсетеді.

(қараңыз: ПОРТАЛДА БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

3.5. «Микрокредит ұйымдары бар бизнес-инкубаторлар құру»

Бағдарламаға қатысу ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге Бизнес-инкубаторлардан орын-жайларды жалға беру түрінде көмек алуға ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, консультациялар беруді, бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетуді, шағын несиелер ұсынуды, сервистік қызметтер көрсетуді, кәсіби қызметкерлер, әлеуетті тұтынушылар желісімен байланыс жасауды қамтиды.

(қараңыз: ПОРТАЛДА БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

3.6. «Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру»

Бағдарламаға қатысу барысында Сізге моноқалаларда орналасқан КҚО ақпараттық-консультациялық көмек көрсетіледі:

Орталықтардың келесі қызметтер кешенін көрсетуді қарастырады:

1) бизнесті ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар беруді;

2) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы хабардар етуді;

3) қаржы институттарымен бірге шарттарды түсіндіруді және қолдау алу үшін құжаттар жинау бойынша консультациялар беруді;

4) құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беруді қамтиды.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жергілікті атқарушы органдар ұсынатын қызметтерге адамдардың қолайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының орын-жайларында орналастырылатын болады.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары консультанттарының қызметтерін операторлар ұсынады, ақысы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.

(қараңыз: ПОРТАЛДА БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

3.7. «Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және табысы төмен тұрғындар кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесу»

Бағдарламаға қатысу мемлекеттік қолдау алу мүмкіндігін береді:

- ақпараттық- консульта тивтік көмек;

- оқуға материалдық көмек ұсына отырып, кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту;

- шағын несиелер беру;

- жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.

Тұлғаларға шағын несие беру кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасы болып табылады.

(қараңыз: ПОРТАЛДА БАҒДАРЛАМА СИПАТТАМАСЫНА СІЛТЕМЕ ЖАСАУ)

4. Аталған бағдарлама жүзеге асырылатын моно қалалардың тізімі:

http://www.damu.kz/content/files/Spisok21MonogorodovSubsidirovanieKreditovFondDamu.pdf

5. Серіктес банктер, бағдарламаға қатысушылар : қатысушылар тізбесі мен статистикасы бар кесте

http://www.damu.kz/13504


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 312.44
  • EUR Евро 340.47
  • CNY Қытай юані 45.34
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 400.7
Хабарландыру тақтасы