Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Агробизнес-2020» бағдарламасы: «Вакуумдық қаптамада блокталған етті және ірі туралған кесектерді шығаратын ет өңдеу кешендерін ұйымдастыру»


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарламаның шеңберінде Сіз жаңа ет өңдеу кешендерін құруға, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған ет өңдеу кешендерін жаңғыртуға немесе қайта құруға және лизингке ет өңдейтін жаңа құрал-жабдықтар сатып алу үшін жеңілдікті несиелер ала аласыз.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына

· Қаржыландыру түрі - қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 8 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Вакуумдық қаптамада блокталған етті және ірі туралған кесектерді шығаратын ет өңдеу кешендерін ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікпен қамтамасыз ету қажет.

1.2. Құрал-жабдық пен техниканы сатып алуға:

· Қаржыландыру түрі – қарыз немесе лизинг;

· Несиелеу мерзімі – 8 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Вакуумдық қаптамада блокталған етті және ірі туралған кесектерді шығаратын ет өңдеу кешендерін ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікпен қамтамасыз ету қажет.

1.3. Айналым қаражаттарын толтыруға:

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 8 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Вакуумдық қаптамада блокталған етті және ірі туралған кесектерді шығаратын ет өңдеу кешендерін ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікпен қамтамасыз ету қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «ҚазАгроҚаржы» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу мерзімдері қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген мерзімнен кем болмауы тиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды:

2.1. Сіз келесі жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· вакуумдық қаптамада блокталған етті және/немесе ірі туралған ет кесектерін шығару бойынша ет өңдейтін цехты құруға, жаңғыртуға, қайта құруға жоспарлау;

· Сіз өндіріске халықаралық стандарттарға сәйкес келетін үздік технологияларды енгізетін болсаңыз;

· Сіз ет өңдеу бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның айналым қаражаттарын толтыруды жоспарласаңыз.

Бағдарламаға қатысу талаптары:

· Сіз өз жобаңыздың құнын ың 15%- н ан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе жағымсыз несие тарих ының болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· ж аңа өндірісті құруды, өндірілетін өнім көлемін арттыру үшін істеп тұрған өндірісті кеңейтуді немесе жаңғыртуды жоспарласаңыз;

· Сізде инвестициялық жоба ның бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз пайдалы і және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· Жобаның іске асырылуы үшін жаңа технологиялардың қолданылуы;

· Жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін қолдануды көздейді;

· Сіз келтірілген оң таза құнның (NPV) және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштері (WACC және с.с.) тиімділігінің есебін жүргізген болсаңыз;

· жобаны іске асыру кезінде Сіз пайдаланатын жер телімдерінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігі;

· Сізде ауылшаруашылық, технологиялық құрал-жабдықтың және басқа арнайы құрал-жабдықтың немесе техниканың сенімді жеткізушілері болуы тиіс. Сіз құрал-жабдықты жеткізудің және жөндеудің, оның техникалық өзіндік ерекшеліктерінің және басқа шарттарының мерзімдерін жеткізушілермен келісуіңіз тиіс;

· Сіздің жобаңыз экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

· жобаны іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткілікті болуы: мал азықтандыру алаңдарының болуы және икемділігі, құрал-жабдық паркінің жасы, ақшалай материалдық ресурстардың өндірістік бағдарламаларға сәйкес келуі;

· Сіз істеп тұрған өндірісті жаңғыртуды жоспарласаңыз, Сіздің үй-жайларыңыз жаңа технологиялық құрал-жабдықтар мен техниканы құрастыру үшін жарамды болуы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Пайдалы сілтемелер:

Санитарлық ережелерді бекіту туралы құжат «Тамақ өнімін қайта өңдеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»

Санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы құжат "Ет және ет өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдау объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде алдынала құжаттардың пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады;

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында соңғы сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды (қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік /лизингтік шарт жасасады.

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарызды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін .

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Блокталған ет және ірі туралған ет кесектері дегеніміз не?

Жауап: Блокталған ет – бұл өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін арналған ет. Ет кесектері сүйекпен бірге немесе түсірілген, яғни сүйектен ажыратылған болуы мүмкін. Бөлінген ет қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға сәйкес изометрлік қатты қағаздан жасалған контейнерлерге немесе қатты қағаздан жасалған қораптарға салынады. Блокталған ет тұтас немесе сұрыпталған түрінде шығарылады. Тұтас блоктар сойылған малдың тұтас етінің құрамына тепе-тең болады. Сұрыпталған блоктар сұрыпталған бөліктерге бөлінетін тұтас еттен, тұтас еттің жартысынан, жіліктен дайындалады.

Ірі туралған ет кесектері - әртүрлі дәрежеде қатырылған (қатты қатырылған немесе салқындатылған) вакуумдық қаптамадағы ажыратылған сұрыпталған ет болып табылады.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2 Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 343.83
  • EUR Евро 383.95
  • CNY Қытай юані 52.8
  • RUB Ресей рублі 5.06
  • GBP Ағыл. фунты 486.42
Хабарландыру тақтасы