Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Соғымдық цехтарды құру бойынша жобаларды қаржыландыру бағдарламасы


1. Жобаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарламаның шеңберінде Сіз жаңа соғымдық цехтарды құруға, сондай-ақ, жұмыс істеп тұрған соғымдық цехтарды немесе соғымдық цехтардың желісін жаңғыртуға немесе қайта құруға және лизингке соғымдық цехтар үшін жаңа құрал-жабдықтар сатып алуға, сондай-ақ істеп тұрған өндірістегі айналым қаражаттарын толтыруға жеңілдікті несиелер ала аласыз.

Несиелеу шарттары:

1.1. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 8 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Соғымдық орындардың желісін құру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Құрал-жабдық пен техниканы сатып алуға

· Қаржыландыру нысаны – қарыз / лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 8 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет

· «Соғымдық орындардың желісін құру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Айналым қаражаттарын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз

· Несиелеу мерзімі - 8 жылға дейін

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет

· «Соғымдық орындардың желісін құру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!!

Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «КазАгроФинанс» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «КазАгроФинанс» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезеңділігі қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген кезеңділіктен кем болмауытиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сіз келесі жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· соғымдық цехтарды немесе соғымдық цехтардың желісін құруды, жаңғыртуды, қайта құруды жоспарласаңыз;

· Сіз халықаралық стандарттарға сәйкес келетін мал сою бойынша үздік технологияларды пайдаланумен соғымдық орындарды құруды көздесеңіз;

· Мал сою бойынша істеп тұрған кәсіпорынның айналым қаражаттарын толтыруды жоспарласаңыз.

Бағдарламаға қатысуға рұқсат беру талаптары:

· Сіз өз жобаңыздың құнының 15%-дан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе теріс несиелік тарихтың болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· Жаңа өндірісті құруды, өндірілетін өнім көлемін арттыру үшін істеп тұрған өндірісті кеңейтуді немесе жаңғыртуды жоспарласаңыз;

· Сізде инвестициялық жоба ның бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз пайдалы және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· Жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін қолдануды көздейді;

· Сіз келтірілген оң таза құнның (NPV) және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштері (WACC және с.с.) тиімділігінің есебін жүргізген болсаңыз;

· Сізде келесі инженерлік коммуникациялары бар инвестиция объектілерінің құрылысы үшін жер телімдері бар болса: электрлік жабдықтау және сумен жабдықтау жүйелері. Осы жер телімінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігінің болуы;

· жобаны іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткілікті болуы.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1 Несиелік шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде алдынала құжаттардың пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады;

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады;

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында финалдық сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды (қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік /лизингтік шарт жасасады.

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарызды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін .

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес))

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2. Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Бүгінгі күні, мақұлданған жобалар жоқ.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 311.89
  • EUR Евро 339.02
  • CNY Қытай юані 45.3
  • RUB Ресей рублі 5.59
  • GBP Ағыл. фунты 399.97
Хабарландыру тақтасы