Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Астықты тереңдетілген өңдеумен айналысатын кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарламаның шеңберінде астықты тереңдетілген өңдеу бойынша өндірісті құруға немесе дамытуға (FAQ қараңыз), сондай-ақ астықты өңдеу бойынша жаңа құрал-жабдықтарды сатып алуға жеңілдікті несиелер ала аласыз.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына

• Қаржыландыру түрі – қарыз;

• Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

• Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

• М ө лшерлеме – 6%;

• Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

• Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

• Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

• Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

• «Қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны тереңдетіп өңдеу» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Құрал-жабдық пен техниканы сатып алуға

• Қаржыландыру түрі – қарыз немесе лизинг;

• Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

• Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

• Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

• Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

• Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

• Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

• «Қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымын дамыту және оны тереңдетіп өңдеу» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «КазАгроФинанс» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «КазАгроФинанс» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезеңділігі қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген кезеңділіктен кем болмауытиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сіз келесі жоспарларыңыз болған жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· Астықтан крахмалды және оның өнімдерін, дәнмаңызды; макарон өнімдерін өңдеп шығаратын (сағатына кемінде 4 мың кг. шығаратын) кәсіпорынды құру, жаңғырту немесе қайта құру;

· өндіріс үшін жаңа құрал-жабдықтар мен техниканы сатып алу;

· халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, астықты тереңдетіп өңдеудің жаңа технологияларын енгізу жоспарыңыз болса.

Бағдарламаға қатысуға рұқсат беру талаптары:

· Сіз өз жобаңыздың құнының 15%-дан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе теріс несиелік тарихтың болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· Жаңа өндірісті құруды, өндірілетін өнім көлемін арттыру үшін істеп тұрған өндірісті кеңейтуді немесе жаңғыртуды жоспарласаңыз;

· Сізде инвестициялық жоба бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз пайдалы және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· ж обаның іске асырылуы үшін жемшөп дақылдарының және жемшөптің өндірісі бойынша жаңа технологиялардың қолданылуы;

· Жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін қолдануды көздейді;

· Сіз келтірілген оң таза құнның (NPV) және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштері (WACC және с.с.) тиімділігінің есебін жүргізген болсаңыз;

· жобаны іске асыру кезінде Сіз пайдаланатын жер телімдерінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігі;

· Сізде ауылшаруашылық, технологиялық құрал-жабдықтың және басқа арнайы құрал-жабдықтың немесе техниканың сенімді жеткізушілері болуы тиіс. Сіз құрал-жабдықты жеткізудің және жөндеудің, оның техникалық өзіндік ерекшеліктерінің және басқа шарттарының мерзімдерін жеткізушілермен келісуіңіз тиіс;

· Сіз шикізаттың болуына кепілдеме бересіз ( өндіріс үшін шикізатты жеткізу канал дарының болуы, астықты жеткізу бойынша жасасқан келісімшарттардың болуы және т.б.);

· өсімдік шаруашылығы және/немесе өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында тәжіриебенің болуы;

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде алдынала құжаттардың пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/);

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады;

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады;

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында финалдық сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды ( қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік /лизингтік шарт жасасады.

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарызды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Астықты тереңдетіп қайта өңдеу деген не?

Жауап: Астықты тереңдетіп қайта өңдеуі астықтың құрамдауыштарын бөлуді және пайдалануды білдіреді.

Астықты тереңдетіп қайта өңдеу өнімдері:

· Крахмал, Глюкоза шәрбәті, Фруктоза шәрбәті.

Астықты тереңдетіп қайта өңдеу биоөнімдері:

· Өнеркәсіптік ферменттер: α ‐ амилаза; глюкоамилаза; протеаздар; липаздар; целлюлаза; пектиназа және басқалары.

· Дәрумендер: рибофлавин (B2) ; аскорбин қышқылы (C) ; никотинамид (PP); коболамин (B12);

· Тірі жасушалардың биомассасы: химиядағы биокатализ; жерді, суды және ауаны тазарту;

· Химикаттар: сүт қышқылы; лимон қышқылы ‐ 1,3; пропандиол ; фарминдустрия үшін арналған жіңішке өнімдер және басқалар.

· Полисахаридтер: техниклық мақсаттар үшін, тамақ өнеркәсібі үшін;

· Каротиноид тер : β ‐ каротин ; астаксантин ; ликопин;

· Амин қышқылдары : L ‐ лизин; L ‐ треонин; L ‐ триптофан;

· Био тыңайтқыштар , биопестицид тер : биоинсектицид тер ; биофунгицид тер ; азот бекітушілері; био демегіштер .

· Антибиотик тер

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2. Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Облыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобаның қуаты

Жалпы құны

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Алтын-Дән» ЖШС

Қысқа кеспелі макарон өнімдерін өндіру үшін желі құру

жылына 11 220 тонн макарон өнімдері

964,7 млн. те ң ге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы