Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Астық қоймаларын құратын кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарлама Сізге жаңа астық қоймасын салуға немесе істеп тұрған астық қоймасын жаңғыртуға, оның құрылысына, қайта құруына жеңілдікті несие алуға, сонымен қатар, құрал-жабдықты лизингке алуға мүмкіндік береді.

Несие б еру шарттары:

1.1. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Астық қоймаларының құрылысы және оларды жаңғырту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Құрал-жабдықты сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз / лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Астық қоймаларының құрылысы және оларды жаңғырту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «КазАгроФинанс» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «КазАгроФинанс» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезеңділігі қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген кезеңділіктен кем болмауытиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сіз келесі жоспарларыңыз болған жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· астық қоймасын, майлы дақылдар ( рапс, күнбағыс, сафлор, және т.б.) қоймасын және астық-бұршақ дән-дақылдары үшін ( нут, соя, бұршақ, үрмебұршақ, жасымық ) қоймасын құру, салу, жаңғырту және қайта құру;

· астық қоймасын жаңа әрі үздік технологиялармен және құрал-жабдықтармен жабдықтау;

· жобаны Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облысытарында іске асару жоспары болса;

Бағдарламаға қатысуға рұқсат беру талаптары:

· Сіз өз жобаңыздың құнының 15%-дан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе теріс несиелік тарихтың болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· Сізде инвестициялық жоба бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз пайдалы және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· жобаны іске асыру кезінде Сіз пайдаланатын жер телімдерінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігі;

· жобаны іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткілікті болуы;

· Дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін жаңа және энергияны үнемдейтін технологияларын пайдалану;

· Сізде технологиялық құрал-жабдықтардың және басқа мүліктің сенімді жеткізушілері болуы тиіс . Сіз құрал-жабдықты жеткізудің және жөндеудің, оның техникалық өзіндік ерекшеліктерінің және басқа шарттарының мерзімдерін жеткізушілермен келісуіңіз тиіс;

· Сіз істеп тұрған өндірісті жаңғыртуды /қайта құруды жоспарласаңыз, Сіздің үй-жайларыңызда жаңа технологиялық құрал-жабдықтар ды құрастыру үшін жарамды болуы.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. несиелік шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттардың алдынала пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады;

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады;

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында финалдық сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды ( қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды;

· несиелік /лизингтік шарт жасасады.

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарызды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2. Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Обл ыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобаның қуаты

Жалпы құны

А қмола облысы

ЖШС «ХПП «Тонкерис»

астық қоймасын жаңғырту

12 000 тонн аға арту

348,8 млн. теңге

ЖШС «Оксановка - 1»

астық қоймасының құрылысы

жылына 6 000 тонн астық

74,4 млн. теңге

ЖШС «АФ «Актык»

астық қоймасының құрылысы

жылына 20 000 тонн астық

508,9 млн. теңге

ЖШС «Шанырак Р»

астық қоймасының құрылысы

жылына 12 000 тонн астық

261,5 млн. теңге

Солтүстік Қазақстан облысы

ЖШС «ХПП «Алаз»

желілік нан қабылдау орнының құрылысы

жылына 20 000 тонн астық

528,8 млн. теңге

ЖШС «Ильичевка Астык»

астық қоймасын жаңғырту және оның құрылысы

жылына 14 000 тонн астық

618,6 млн. теңге

ЖШС «АР»

астық қоймасының құрылысы

жылына 9 000 тонн астық

299,7 млн. теңге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 332.58
  • EUR Евро 390.38
  • CNY Қытай юані 49.85
  • RUB Ресей рублі 5.63
  • GBP Ағыл. фунты 428.13
Хабарландыру тақтасы