Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Көкөніс қоймасын құратын кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарлама Сізге жеміс-жидек дақылдар қоймасын құруға, дамытуға, сонымен қатар, істеп тұрған көкөніс қоймасын жаңа құрал-жабдықпен жабдықтауға көмек көрсетеді.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 5 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 20 % -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Көкөніс қоймасының желісін құру және істеп тұрған көкөніс қоймасын дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Құрал-жабдықты және техниканы сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз / лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 8 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 20 % -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Көкөніс қоймасының желісін құру және істеп тұрған көкөніс қоймасын дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! !! Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «КазАгроФинанс» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «КазАгроФинанс» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезеңділігі қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген кезеңділіктен кем болмауытиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1 Сіз келесі жоспарларыңыз болған жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· көкөніс қоймасын қоймасын құру, салу, жаңғырту немесе қайта құру;

· көкөніс қоймасын жаңа әрі үздік технологиялармен және құрал-жабдықтармен жабдықтау;

Бағдарламаға қатысуға рұқсат беру талаптары:

· Сіз өз жобаңыздың құнынан 20%-дан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе теріс несиелік тарихтың болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· Сізде инвестициялық жоба бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз рентабелді және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· Сіз жобаны іске асыру үшін жеміс-жидек өнімдерін сақтаудың жаңа әрі үздік технологияларын қоланасыз ;

· Сіздің жобаңыз әртүрлі жеміс-жидек өнімдерін сақтау мүмкіндігін көздейді;

· Жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін қолдануды көздейді;

· Сіз келтірілген оң таза құнның (NPV) және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштері (WACC және с.с.) тиімділігінің есебін жүргізген болсаңыз;

· жобаны іске асыру кезінде Сіз пайдаланатын жер телімдерінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігі;

· Сізде технологиялық құрал-жабдықтардың және басқа да арнайы құрал-жабдықтың немесе техниканың сенімді жеткізушілері болуы тиіс . Сіз құрал-жабдықты жеткізудің және жөндеудің, оның техникалық өзіндік ерекшеліктерінің және басқа шарттарының мерзімдерін жеткізушілермен келісуіңіз тиіс;

· Сіздің жобаңыздың экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі;

· Электр энергиясы көзіне рұқсаттың болуы;

· Сіз істеп тұрған өндірісті жаңғыртуды /қайта құруды жоспарласаңыз, Сіздің үй-жайларыңызда жаңа технологиялық құрал-жабдықтар ды құрастыру үшін жарамды болуы.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттардың алдынала пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады;

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады;

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында финалдық сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды ( қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік /лизингтік шарт жасасады.

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарызды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2. Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Облыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобаның қуаты

Жалпы құны

Павлодар облысы

ЖШС фирма «Актогай Агро»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 7 050 тоннаға дейін көкөніс сақтау

607,4 млн. теңге

ШҚ «Андас»

Істеп тұрған көкөніс қоймасын қайта құру

жылына 10 500 тоннаға дейін көкөніс сақтау

416,7 млн. теңге

ЖШС фирма «Догма»

Істеп тұрған көкөніс қоймасын қайта құру

жылына 3 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау

62,9 млн. теңге

ШҚ «Маяк»

көкөніс қоймасын жаңғырту

жылына 12 200 тоннаға дейін көкөніс сақтау

1 158,0 млн. теңге

Шығыс Қазақстан облысы

ЖШС «Агрофирма Приречное»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 4 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау

126,6 млн. теңге

ЖШС «Иртыш - Танур Плюс»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 3 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау

218,6 млн. теңге

ШҚ "Екимбаев Т.К."

Көкөніс қоймасын құру

жылына 4 675 тоннаға дейін көкөніс сақтау

215,6 млн. теңге

Алмат ы облысы

ЖК «Касымхан А.Н.»

көкөніс қоймасын құру және желесін дамыту

жылына 1 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау

81,7 млн. теңге

ЖШС "Агрофирма "Жана Ак дала"

Көкөніс қоймасын құру

жылына 13 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау

970,0 млн. теңге

Атырау облысы

ЖШС «Орда»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 5 330 тоннаға дейін көкөніс сақтау

541,9 млн. теңге

ЖШС «Группа компаний Атаба»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 1 820 тоннаға дейін көкөніс сақтау

64,3 млн. теңге

Оңтүстік Қазақстан облысы

ЖШС «Керемет-Центр»

Ғимаратты көкөніс қоймасы үшін қайта құру

жылына 4 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау

1 698,9 млн. теңге

ЖШС «СЗЦ Асар KZ»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 6 200 тоннаға дейін көкөніс сақтау , қуаты 600 тонн тоғазытқыш камерасын орнату

837,1 млн. теңге

ЖШС «Астана-Приоритет»

12 секциялы көкөніс қоймасын құру

жылына 5 880 тоннаға дейін көкөніс сақтау

249,5 млн. теңге

Қ останай облысы

ЖШС «Ермек-К»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 3 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау

340,6 млн. теңге

Астана қ.

ЖШС "Астана-Агро-АА"

Көкөніс қоймасын құру

жылына 3 180 тоннаға дейін көкөніс сақтау

253,5 млн. теңге

Жамбыл облысы

ШҚ «Злиха»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 1 132 тоннаға дейін көкөніс сақтау

42,7 млн. теңге

Ма ңғыстау облысы

ЖШС «Каспий-Берекет»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 3 600 тоннаға дейін көкөніс сақтау

402,3 млн. теңге

Ақмола облысы

ЖШС «Енбек-1»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 6 000 тоннаға дейін көкөніс сақтау

405,5 млн. теңге

ЖШС «ArUl Communication»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 3 850 тоннаға дейін көкөніс сақтау

403,3 млн. теңге

Батыс Қазақстан облысы

ЖШС «Крестьянское хозяйство ОралАгроСервис»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 4 800 тоннаға дейін көкөніс сақтау

387,1 млн. теңге

Солтүстік Қазақстан облысы

ЖШС «Астык-STEM»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 1 500 тоннаға дейін көкөніс сақтау

143,7 млн. теңге

Қарағанды облысы

ЖШС «Сангуаж»

Көкөніс қоймасын құру

жылына 1 100тоннаға дейін көкөніс сақтау

70,4 млн. теңге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 311.89
  • EUR Евро 339.02
  • CNY Қытай юані 45.3
  • RUB Ресей рублі 5.59
  • GBP Ағыл. фунты 399.97
Хабарландыру тақтасы