Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

6-Биязы жүн өндірушілерін қолдау бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарлама Сізге биязы жүн өндірісі және/немесе қайта өңдеу шеңберінде жүн қырқу орындарын салуға, жаңғыртуға немесе қайта құруға, несиеге немесе лизинг бағдарламасы бойынша қойлар сатып алуға, жеңілдікті несие беру бағдарламасы бойынша немесе лизингке қырқу орындары мен биязы жүнді қайта өңдеу үшін құрал-жабдықты сатып алуға көмек көрсетеді.

Несие беру шарттары:

1.1. Қырқу орындарын салуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз / лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 7 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Биязы жүн өндірісін және қайта өңдеуін дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Қой сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз / лизинг;

· Несиелеу мерзімі – лизинг - 5 жылға дейін, қарыз – 7 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Биязы жүн өндірісін және қайта өңдеуін дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Құрал-жабдықты сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз/лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 7 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Биязы жүн өндірісін және қайта өңдеуін дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «КазАгроФинанс» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «КазАгроФинанс» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезеңділігі қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген кезеңділіктен кем болмауытиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сіз келесі жоспарларыңыз болған жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· қырқу орындарын және немесе биязы жүнді өңдеу бойынша өндірісті құру, салу, жаңғырту немесе қайта құру (FAQ қараңыз);

· өз өндірісіңізді жүнді өндіру/қайта өңдеу бойынша жаңа әрі үздік технологиялармен және құрал-жабдықпен жабдықтау;

· өз кәсіпорныңыз үшін биязы жүнді тұрпаттағы қойларды қосымша сатып алу жоспарыңыз болса.

Бағдарламаға қатысуға рұқсат беру талаптары:

· Сіз өз жобаңыздың құнынан 15%-дан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе теріс несиелік тарихтың болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· Сізде инвестициялық жоба бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз рентабелді және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· жобаны іске асыру кезінде Сіз пайдаланатын жер телімдерінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігі;

· материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткілікті болуы;

· жүннің көзі ретінде қойлардың бияза жүнді тұрпаттарын пайдалану;

· Сіздің үйіріңіздің жұқпалы және инвазиялық ауруларға шалдықпауы, ветеринар лық талаптарға сәйкес келуі, өндіріс орналасатынауданда қанағаттанарлық эпизоот тиялық жағдайдың болуы. « Ветеринари я туралы Заң»

· Сізде бияза жүнді тұрпаттарғы қой басының саны кемінде 600 болуы;

· Сізде жеткілікті азық базасының болуы (кемінде 500 гектар шөп шабу және мал бағу үшін жердің болуы).

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. несиелік шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттардың алдынала пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады;

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады;

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында финалдық сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды ( қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды;

· Кредиттік/лизингтік шарт жасасады.

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарызды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін .

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Қандай жүн биязы болып табылады?

Жауап: Биязы жүн 25 мкм аспайтын (60-сападан қатты емес) түбіт талшықтардан тұрады. Оны бияза жүн тұқымды қойлардан алады. Штапелдегі жүннің ұзындығы 7-9 см. Таза (жуылған) талшықтың шығымы 45-50% және одан жоғары. Бұл жоғары сапалы жүн немесе аралас өнімдерді өндіру үшін құнды шикізат болып табылады. Қатты жүнге қарағанда, салмағы 1 кг биязы жүннен 3 есе артық мата өндіріледі. Биязы жүн сапа көрсеткіштері бойынша меринос және меринос емес деп бөлінеді. Меринос жүні — ақ түсті, жұмсақ, иілгіш, жұқалығы мен ұзындығы бойынша жақсы теңестірілген, ақ түсті және ақшыл сары түсті май-тердің жеткілікті санын құрайды.

Сұрақ: Менің қойларым бияза жүнді тұқымға жататынын не жатпайтынын қалай білуге болады?

Жауап: Бияза жүнді қойларға келесі тұқымдар жатады: прекос, рамбулье, қазақ, советтік және австралиялық меринос, краснояр, байкалдық, сальск, асқан тұқымдары.

Бияза жүнді қойлардың жүні ақ түсті бірыңғай (көптеген май-терден тұратын түбіттен тұрады), жіңішке. Жоғары температурада жуғаннан кейін кейбір жануарларда және әртүрлі тұқымдарда таза жүннің шығуы қырқылған санның 20-50 % шамасын құрайды. Бияза жүн тұқымды қойлардың терісі, қатты жүнді және будан қойлардың терісіне қарағанда, мықты болады. Бияза жүнді қойлар көп тұқымдылығымен, қалыпты және орташа ылғалды климатқа жақсы бейімделуімен ерекшеленеді және әлемде кең тараған.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес))

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2. Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Бүгінгі күні, мақұлданған жобалар жоқ


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 335.33
  • EUR Евро 395.49
  • CNY Қытай юані 50.75
  • RUB Ресей рублі 5.7
  • GBP Ағыл. фунты 450.28
Хабарландыру тақтасы