Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Асыл тұқымды мал өсіретін кәсіпкерлерді қолдау


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарлама асыл тұқымды малдың жаңа тұқым-өндірушісін құруға, тұқым-өндірушісінің сапасын арттыруға, жаңа асыл тұқымдық шаруашылықты құруға, белгілі сипаттамасы бар малды өсіру бойынша шаруашылықты жаңа құрылғымен жабдықтауға, жоғары репродуктивтік мал басын сатып алуға қаржы алу бойынша көмек көрсетеді.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 3 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру» бағдарламасы бойынша қарыз а лу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Ірі қара малды сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз /лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін – қарыз , лизинг – 9 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 3 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Құрал-жабдық пен техниканы сатып алуға

· Қаржыландыру нысаны – қарыз /лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 3 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.4. Айналым қаражаттарын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 5 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 3 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Асыл тұқымды шаруашылықтардың (репродукторлардың) желісін құру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «КазАгроФинанс» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «КазАгроФинанс» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезеңділігі қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген кезеңділіктен кем болмауытиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1 Сіз келесі жоспарларыңыз болған жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· асыл тұқымды малды-репродукторды өсіру бойынша ферманы құру, салу, жаңғырту немесе қайта құру;

· фермадағы малдың басын арттыру;

· ферма үшін өнімділігі жоғары асыл тұқымды малды сатып алу;

· жаңа ферманы жабдықтау үшін және істеп тұрған ферманы жаңғырту және қайта құру үшін техник а сатып алу;

· істеп тұрған кәсіпорынның айналым қаражаттарын толтыру жоспарыңыз болса.

Бағдарламаға қатысуға рұқсат беру талаптары:

· Сіз өз жобаңыздың құнынан 15%-дан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе теріс несиелік тарихтың болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· Жаңа өндірісті құруды, өндірілетін өнім көлемін арттыру үшін істеп тұрған өндірісті кеңейтуді немесе жаңғыртуды жоспарласаңыз;

· Сізде инвестициялық жоба бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз рентабелді және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· Жобаның іске асырылуы үшін жаңа технологиялардың қолданылуы;

· Жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін қолдануды көздейді;

· Сіз келтірілген оң таза құнның (NPV) және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштері (WACC және с.с.) тиімділігінің есебін жүргізген болсаңыз;

· жобаны іске асыру кезінде Сіз пайдаланатын жер телімдерінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігі;

· Сізде ауыл шаруашылық, технологиялық құрал-жабдықтардың және басқа жылжымалы мүліктің (арнайы техника мен құрал-жабдық, мал басы және т.б.) сенімді жеткізушілері болуы тиіс . Сіз құрал-жабдықты жеткізудің және жөндеудің, оның техникалық өзіндік ерекшеліктерінің және басқа шарттарының мерзімдерін жеткізушілермен келісуіңіз тиіс;

· Сіздің жобаңыздың экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі;

· Сіздің жобаңыздың ветеринарлық талаптарға сәйкес келуі (малдың жұқпалы және инвазивтік аурулары), яғни: кәсіпорында келесі іс-шаралар жүргізілуде және келешекте жүргізілетін болады: ҚР заңнама талаптарына сәйкес ветеринарлық қадағалау, жануарлар ауруларын алдыналу және оларды жою, өндірілетін өнімдер қауіпсіздігін бақылау, кадрлармен жұмыс, өндірілетін мал шаруашылығы өнімдерінің сапасын аттыру. Ветеринарлық қадағалау талаптары «Ветеринария туралы Заң да» көзделген;

· жобаны іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткілікті болуы: азықтандыру алаңдарының болуы және икемділігі, құрал-жабдық паркінің жасы;

· Сізде қатты азықты өндіру үшін жайылымдық және шабындық жер телімдерінің болуы немесе азық өндірушілерімен жасасқан ұзақ мерзімді келісімшарттардың болуы;

· Егер де Сіз істеп тұрған өндірісті жаңғыртқан/қайта құрған жағдайларда, ол ІҚМ асыл тұқымды мал басының құрамына жарамды болуы тиіс.

3. Жобаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі.

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттардың алдынала пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ )

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді.

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады.

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады.

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында финалдық сараптамадан өтеді.

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды (қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды.

· Несиелік /лизингтік шарт жасасады

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарызды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру;

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін .

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2. Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Облыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобаның қуаты

Жалпы құны

Павлодар облысы

ЖШС «МТС ЖАЙМА»

а сыл тұқымдық шаруашылықты -репродукторды құру

ІҚМ аналық топтың 2 500 басы

1 939,3 млн. теңге

Қарағанды облысы

ШҚ «Мереке»

а сыл тұқымдық шаруашылықты -репродукторды құру

ІҚМ аналық топтың 200 басы

95,9 млн. теңге

Шығыс Қазақстан облысы

ЖШС «Елим-ай Кокпекты»

а сыл тұқымдық шаруашылықты -репродукторды құру

ІҚМ аналық топтың 1 800 басы

2 019,0 млн. теңге

ШҚ «Атамекен»

а сыл тұқымдық шаруашылықты -репродукторды құру

ІҚМ аналық топтың 61 басы

30,6 млн. теңге

Солтүстік Қазақстан облысы

ЖШС «Дюсеке-Жер»

а сыл тұқымдық шаруашылықты -репродукторды құру

ІҚМ аналық топтың 100 басы (200 басқа дейін арттыру )

68,5 млн. теңге

ФҚ «Жолдасбай-Агро» асыл тұқымдық шаруашылықты -репродукторды құру
ІҚМ аналық топтың 400 басы 475,4 млн. теңге

Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 322.01
  • EUR Евро 362.42
  • CNY Қытай юані 47.26
  • RUB Ресей рублі 5.46
  • GBP Ағыл. фунты 410.31
Хабарландыру тақтасы