Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Азық-жем өсіретін кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарламаның шеңберінде азық-жем өндірісін дамыту үшін жеңілдікті несие алу, және лизингке жаңа құрал-жабдық алу мүмкіндігі беріледі.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· Азық-жем өндірісін дамыту бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Құрал-жабдық пен техниканы сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз немесе лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· Азық-жем өндірісін дамыту бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Айналым қаражаттарын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 3 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Қарызды өтеу жеңілдікті кезеңі – 1 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· Азық-жем өндірісін дамыту бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «КазАгроФинанс» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «КазАгроФинанс» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезеңділігі қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген кезеңділіктен кем болмауы тиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сізге келесілер қажет болған жағдайларда, несие немесе лизинг алу үшін жүгіне аласыз:

· азық-жем дақылдарын өсіру бойынша суарылатын жерлер мен лимандарға су жіберу үшін инженерлік құрылғыларды, шахталы немесе құбырлы құдықтарды салу және/немесе қайта құру;

· суару жүйелерін енгізу және пайдалану (құрал-жабдықтарды сатып алу, құрылыс-жөндеу жұмыстары және т.б.);

· техника мен құрал-жабдықтарды сатып алу (азық-жем дайындайтын, азық-жем тарату, азық-жем әзірлейтін);

· құрама жем кәсіпорындарын салу, кеңейту және/немесе жаңғырту;

· а йналым қаражаттарын толтыру.

Бағдарламаға қатысуға рұқсат беру талаптары:

· Сіз өз жобаңыздың құнын ың 15%-дан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе теріс несиелік тарихтың болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· Жаңа өндірісті құруды, өндірілетін өнім көлемін арттыру үшін істеп тұрған өндірісті кеңейтуді немесе жаңғыртуды жоспарласаңыз;

· Сізде инвестициялық жоба бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз рентабелді және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· Азық-жем дақылдарын және азық өндірісі бойынша жобаның іске асырылуы үшін жаңа технологиялардың қолданылуы;

· Жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін қолдануды көздейді;

· Сіз келтірілген оң таза құнның (NPV) және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштері (WACC және с.с.) тиімділігінің есебін жүргізген болсаңыз;

· жобаны іске асыру кезінде Сіз пайдаланатын жер телімдерінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігі;

· Сізде ауылшаруашылық, технологиялық құрал-жабдықтың және басқа арнайы құрал-жабдықтың немесе техниканың сенімді жеткізушілері болуы тиіс. Сіз құрал-жабдықты жеткізудің және жөндеудің, оның техникалық өзіндік ерекшеліктерінің және басқа шарттарының мерзімдерін жеткізушілермен келісуіңіз тиіс;

· Сіздің жобаңыз экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттардың алдынала пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады;

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады;

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында финалдық сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды ( қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік /лизингтік шарт жасасады.

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарыздарды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін .

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес))

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2. Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Программа реализуется с 2012 года. За это время одобрены следующие проекты:

Облыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобаның қуаты

Жалпы құны

Акмола облысы

ЖШС «Армавирский»

Азық-жем өндірісін дамыту

жылына 1300 тоннаға дейін жемді дайындау және тарату

39,8 млн. теңге.

ЖШС «Шалкар»Азық-жем дайындау техник асын сатып алу Құрама жем - 329,3 тоннаға дейін және құнарлы азық -1258,7 тонна 37,2 млн. теңге.
ЖШС «Аршалы-агро өнімдері» Азық-жем өндірісін дамытужылына 6 330 тонн аға дейін азық-жем72,6 млн. теңге.
ЖШС «KazGrain Feeders» Азық-жем өндірісін дамытужылына 16 515 тонн аға дейін азық-жем516,6 млн. теңге.
ЖШС «AgroTrading-2007» Азық-жем өндірісін дамытужылына 36 840 тонн аға дейін азық-жем 1 076,2 млн. теңге.

Ақтөбе облысы

ЖШС «Айс»

Азық-жем өндірісін дамыту

жылына 18 900 тонн аға дейін азық-жем

61,7 млн. теңге.

Шығыс Қазақстан облысы

ЖШС «Елим-ай Кокпекты»

Азық-жем өндірісін дамыту

жылына 22 000 тонн аға дейін азық-жем

839,3 млн. теңге

Солтүстік Қазақстан облысы

КТ «Мамбетов и компания»

Азық-жем өндірісін дамыту

жылына 6 000 тоннаға дейін қатты азық-жем, сенаж, шоғырланған жем

51,1 млн. теңге

Павлодар облысы

ЖШС «КХ «Данекер»

Азық-жем өндірісін дамыту

жылына 2 500 тонн аға дейін азық-жем

29,3 млн. теңге

Қостанай облысы

ЖШС «Север-Агро Н»

Азық-жем өндірісін дамыту

жылына 10 000 тонн аға дейін азық-жем

129,1 млн. теңге

Батыс Қазақстан облысы

ЖШС «Уралэнергострой»

Азық-жем өндірісін дамыту

жылына 14 400 тонн аға дейін азық-жем

106,9 млн. теңге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.15
  • EUR Евро 340.05
  • CNY Қытай юані 45.74
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.73
Хабарландыру тақтасы