Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

« Агробизнес – 202«Ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша өндірісті ұйымдастыру» инвестициялық бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Осы бағдарламаның көмегімен ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша жаңа өндірісті құруға, жаңа технологияларды пайдалана отырып, істеп тұрған құрастырушы кәсіпорынды жаңғыртуға немесе қайта құруға , сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасын жинақтау бойынша істеп тұрған кәсіпорынның а йналым қаражаттарын толтыруға мүмкіндік беріледі .

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-жөндеу жұмыстарына, техниканы құрастыру үшін арналған түйіндерді, агрегаттарды және қосалқы бөлшектеді сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 5 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша өндірісті ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Құрал-жабдықты сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 5 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша өндірісті ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Айналым қаражаттарын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 3 жылға дейін;

· Қоса қаржыландыру – 15% -дан бастап;

· М ө лшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5%-ға дейін;

· Жеңілдікті кезең – 1 жылға дейін;

· Негізгі қарызды төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақыны төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша өндірісті ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдік қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Лизинг/қарыз бойынша сыйақы мен негізгі борыш бойынша төлемдерді өтеу кестесі, жүзеге асырылып отырған жобаның ерекшеліктеріне байланысты және «КазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ тарапынан «КазАгроФинанс» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда «КазАгроФинанс» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес жеке белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақыны төлеу кезеңділігі қаржыландырудың жалпы талаптарында көзделген кезеңділіктен кем болмауы тиіс.

Бағларламаның операторлары:

«ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы «ҚазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сіз келесі жоспарларыңыз болған жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша өндірісті құру, салу, жаңғырту немесе қайта құру;

· өз өндірісіңіздің оқшаулануын қамтамасыз етуде – а уыл шаруашылық техникасы ішінара немесе толығымен қазақстандық қосалқы бөлшектерден тұруы тиіс;

· Сіздің құрастыру өндірісіңіздің техникалық жабдықталуы жаңа және үздік технологиялардың енгізілуін көздеуі;

· істеп тұрған кәсіпорынның айналым қаражаттарын толтыру жоспарыңыз болса.

Бағдарламаға қатысу талаптары:

· Сіздің төлеуге қабілетті болсаңыз – өз жобаңыздың құнынан 15%-дан кем болмайтын бөлігін төлей алсаңыз;

· Сізде үш ай мерзімнен асатын салықтық борыштың болмауы;

· Сіздің кәсіпорныңыздың қайта құрылу, таратылу, банкроттық рәсімдеріне жатпауы;

· кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқықтарының болуы;

· мерзімі өткен несиелердің немесе теріс несиелік тарихтың болмауы;

· жоба бойынша алынған инвестицияларды қайтаруға кепілдеме беру үшін кепілдікті қамтамасыз етудің немесе басқа ресурстардың жеткілікті болуы;

· жобаны іске асыру үшін білікті қызметкерлердің болуы;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті бірлескен кредиторлардың тарапынан жобаны сүйемелдеу дайындығын растайтын құжаттың болуы;

· Сізде инвестициялық жоба бизнес-жоспарының болуы;

· Сіздің жобаңыз рентабелді және жоба өзін-өзі ақтаудың жоспарланған мерзіміне сәйкес келуі;

· жобаны іске асыру кезінде өндірілетін өнім көлемінің ұлғаюы;

· Жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстарын және қызметтерін қолдануды көздейді;

· Сіз келтірілген оң таза құнның (NPV) және инвестициялық жобаның басқа көрсеткіштері (WACC және с.с.) тиімділігінің есебін жүргізген болсаңыз;

· жобаны іске асыру кезінде Сіз пайдаланатын жер телімдерінің «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-на кедергісіз кепілдікке берілу мүмкіндігі;

· жобаны іске асыру үшін қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жеткілікті болуы: азықтандыру алаңдарының болуы және икемділігі, құрал-жабдық паркінің жасы, ақшалай материалдық ресурстардың өндірістік бағдарламаларға сәйкес келуі;

· Сізде машина құрылысы өнімін жасау және іске асыру бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы;

· Сіз істеп тұрған өндірісті жаңғыртуды жоспарласаңыз, Сіздің үй-жайларыңызда жаңа технологиялық құрал-жабдықтар мен техниканы құрастыру үшін жарамды болуы;

· Сіз өндірісте жергілікті еңбек ресурстарын пайдаланасыз;

· Сізде технологиялық құрал-жабдықтардың және басқа арнайы құрал-жабдықтың немесе техниканың сенімді жеткізушілері болуы тиіс . Сіз құрал-жабдықты жеткізудің және жөндеудің, оның техникалық өзіндік ерекшеліктерінің және басқа шарттарының мерзімдерін жеткізушілермен келісуіңіз тиіс;

· Сіздің жобаңыздың экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе лизингке құрал-жабдықты сатып алу шартын жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің кеңесшілерімен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінде құжаттардың алдынала пакетін жинайды (құжаттардың пакетін сілтеме бойынша қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалында немесе өкілдігінде алдынала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік Комитетінің алдынала шешімін алады;

· Жобаның алдынала сараптамасының нәтижелері бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне құжаттардың толық пакетін тапсырады;

· Кәсіпкердің жобасы мен құжаттардың толық пакеті «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында финалдық сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» Кредиттік Комитеті, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия кәсіпкердің Жобасы бойынша инвестицияларды (қарыз немесе лизинг) ұсыну туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік /лизингтік шарт жасасады.

3.2. Шарт жасасқаннан кейін қаржыны алу және/немесе құрал-жабдықты жеке меншікке беру бойынша қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарызды төлеу немесе сұрау салынған лизинг нысанын беру алдындағы несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік Комитетімен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісілуі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және беру немесе қарызды беру;

· Кәсіпкермен несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындау мониторингі;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімнен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер де Сіз шарттың талаптарын орындамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны қайтару талап етілуі мүмкін .

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес))

7.1. Іске асырылған барлық инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басындағы жағдай бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге шамасындағы сомаға әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаны мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңгеге қаржыландырылған. Бүгінгі күні, Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба пайдалануға енгізілген.

7.2. Өңірлік шеңберде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Обл ыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобаның қуаты

Жалпы құны

Шығыс Қазақстан облысы

ЖШС «СемАЗ»

«Беларус» тракторын құрастыру өндірісін құру

Жылына трактор құрамдауыштарының 1 000 бірлігі

1 215,0 млн. теңге

Алмат ы облысы

ЖШС «КазНИИМЭСХ»

Ауыл шаруашылық техникасын құрастыру бойынша өндірісті ұйымдастыру

Құрама құралы – жылына кемінде 25 дана, егiстiң топырағын жұмсартатын техникалық құралы - жылына кемінде 25 дана, рулондық пресс-сұрыптаушылары - жылына кемінде 30 дана, ПБС-4У соқасы - жылына кемінде 30 дана.

83,1 млн. теңге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 334.94
  • EUR Евро 393.96
  • CNY Қытай юані 50.52
  • RUB Ресей рублі 5.83
  • GBP Ағыл. фунты 441.38
Хабарландыру тақтасы