Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Суару жүйесін құру және дамыту бойынша жобаларды қолдау


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Осы Бағдарлама Сізге қазіргі заманғы талаптарға сәйкес жаңа суару жүйесін салуға, қолданыстағысын қайта тұрғызуға немесе жаңғыртуға мүмкіндік береді.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 1 0 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Тамшылатып суару технологиясын қолданумен жемшөп, техникалық және май дақылдарын өндіру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Жабдық пен техниканы сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 5 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет ;

· «Тамшылатып суару технологиясын қолданумен жемшөп, техникалық және май дақылдарын өндіру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Айналым қаражатын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі – 4 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15% -ға дейін;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Тамшылатып суару технологиясын қолданумен жемшөп, техникалық және май дақылдарын өндіру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Лизинг/қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді өтеу кестесі іске асырылғалы отырған жобаның ерекшелігіне қарай және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несие комитетінің шешіміне сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда, жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақшалай қаражат бөлу шарттары өзгертілген жағдайда жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақы төлеу дүркінділігі жалпы қаржыландыру шарттарында көрсетілгеннен кем болмауға тиісті.

Бағдарламаның операторлары:

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы – «КазАгро Қаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Егер Сіз:

· суару жүйесін құру, салуды, жаңғыртуды немесе жұмыс істеп тұрғанын қайта тұрғызуды;

· заманауи талаптарды ескере отырып, жұмыс істеп тұрған суару жүйесін жарақтандыру үшін сатып алуды;

· қолданыстағы кәсіпорындағы айналым қаражатын толтыруды жоспарлайтын болсаңыз, Сіз бағдарламаға қатыса аласыз.

Бағдарламаға қатысу талаптары:

· Сіз жобаға оның жалпы құнының кемінде 15 % сала аласыз;

· Сіздің үш ай мерзімінен асқан салықтық берешегіңіз жоқ;

· Сіздің кәсіпорныңыз қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау тәртіптерін қолдануға жатпайды;

· Кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығына иесіз;

· мерзімі өтіп кеткен несие берешектері ңіз немесе жағымсыз несие тарихыңыз жоқ;

· Сізде жоба шеңберінде алынған инвестициялардың қайтарыл уын кепілдендіру үшін жеткілікті кепілдікті қамтамасыз ету немесе басқа да ресурстар бар;

· Сізде жобаны іске асыру үшін білікті мамандар бар;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті ортақ несие берушілердің тарапынан жобаны қолдау қуаттамасы бар;

· Сізде инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бар;

· Сіздің жоба рентабельді және Сіз талап еткен сома жобаның өтімділігіне арналған жоспарлы мерзімге сәйкес келеді;

· Сіз жобаны іске асыру үшін ашық топырақты тамшылатып суландырудың заманауи және озық технологияларын пайдаланатын боласыз;

· Сіздің жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін пайдалануды ұйғарады;

· Сіз инвестициялық жобаның оң таза келтірінді құн есебін (NPV) және өзге көрсеткіштерінің тиімділігін (WACC және т.б.) таптыңыз;

· жобаны іске асыру барысында Сіз пайдаланатын жер учаскелері «ҚазАгро» ҰБХ АҚ кепілге еш кедергісіз берілуі мүмкін;

· Сізде іс жүзінде пысықталған технологиялық жабдықтарды және басқа да арнайы жабдықтар немесе техниканы жеткізушілер болуы тиіс. Сізде жеткізушілермен келісілген жабдықты жеткізу және оған монтаж жасау мерзімдері, оның техникалық ерекшелігі және басқа да шарттар бар болу керек;

· Сіздің жоба экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді;

· Сіз су ресурстарына еркін кіре аласыз;

· Сіздің жабдықтар мен технологиялар жеткізуішіңіз Сіздің жобаны кемінде бір жыл агрономикалық және технологиялық сүйемелдеуге кепілдік береді.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе жабдықты лизингке сатып алу туралы шартты жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» аймақтық филиалдарының немесе өкілдіктерінің коснсультанттарымен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала құжаттар пакетін жинайды (құжаттар тізбесін мына сілтемеден қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік комитетінің алдын ала қабылданған шешімін алады;

· Жобаны алдын ала сараптаудың нәтижесі бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және құжаттардың толық пакетін «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне тапсырады;

· Кәсіпкер құжаттарының толық пакеті мен жобасы «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» кредиттік компаниясы, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия Кәсіпкердің жобасы бойынша инвестицияларды (қарызды немесе лизингті) беру туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік/лизинг шарты жасалады.

3.2. Шарт жасалғаннан кейінгі қаржыландыруды алуға және/немесе жабдықты меншікке беруге байланысты қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарыз төлеуді немесе сұратылған лизинг нысанасын беруді көздейтін несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік комитетпен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісу;

· Лизинг нысаналарын сатып алу, жеткізу және кәсіпкерге беру немесе қарыз беру;

· Кәсіпкердің несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу;

· Кәсіпкерге лизинг нысанасына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер Сіз шарт талаптарын сақтамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте, Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны кері қайтару талап етілуі мүмкін.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Барлық іске асырылған инвестициялық бағдарламалар бойынша статистика

2013 жылдың басында «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге сомасына әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаларды мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңге сомасына қаржыландыруды алды. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба іске қосылды.

7.2. Аймақтар бөлінісіндегі мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Облыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобалық қуат

Жалпы құны

Атырау облысы

«Атырау Агро Өнімдерi» ШҚ

алаңы 39 га жерге тамшылатып суару технологиясын қолданып, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру

жылына 2 400 тоннаға дейін алма және 60 тонна жүзім

96,4 млн. теңге

Алматы облысы

«Кажыгул Агро» ЖШС

алаңы 96 га жерге тамшылатып суару құру

жылына 6 000 тоннаға дейін көкөніс

172,7 млн. теңге

Солтүстік Қазақстан облысы

«Астэк-STEM» ЖШС

алаңы 83 га жерге тамшылатып суару технологиясын қолданып, өндіріс құру

жылына 2 400 тоннаға дейін көкөніс өнімдері

56,1 млн. теңге

Ақтөбе облысы

«DZHAN» ЖШС

алаңы 70 га жерге тамшылатып суару технологиясын қолданып, көкөніс дақылдарын (картоп) өндіру

жылына 1750 тоннаға дейін картоп

63,4 млн. теңге

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Иіржар Агро» ЖШС

лаңы 339 га жерге тамшылатып суару технологиясын қолданып, мақта өндіру

жылына 1 695 тоннаға дейін шитті мақта

361,7 млн. теңге

Ақмола облысы

«Kazfarming» ЖШС

алаңы 340 га жерге тамшылатып суару технологиясын қолданып, картоп өсіру

жылына 2 800 тоннаға дейін өнім

60,2 млн. теңге

Батыс Қазақстан облысы

«Берік» ШҚ

алаңы 45 га жерге тамшылатып суару технологиясын қолданып, көкөніс дақылдарын (картоп) өндіру

жылына 1350 тоннаға дейін картоп

24,6 млн. теңге

Шығыс Қазақстан облысы

«Е. Зайтенов» ШҚ

суару техникасын сатып алу, 200 га жерді суландыру

жылына 5 000 тоннаға дейін жемшөп дақылдары

37,8 млн. теңге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы