Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы: « Инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау алаңдарының желісін құру» инвестициялық бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Осы бағдарлама Сізге жаңа бордақылау алаңдарын құруға, қолданыстағыларын жаңғыртуға және қайта тұрғызуға, лизингке ірі қара малды сатып алуға немесе малды бордақылау бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпорындағы айналым қаражатын толтыруға көмек береді.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына:

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі – 9,5 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· « Инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау алаңдарының желісін құру » бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Ірі қара малды лизингке сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз /лизинг;

· Несиелеу мерзімі – қарыз алғанда - 9,5 жылға дейін , лизинг алғанда – 9 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· « Инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау алаңдарының желісін құру » бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Жабдықты сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз/лизинг;

· Несиелеу мерзімі – 9,5 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5% -ға дейін;

· Жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· « Инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау алаңдарының желісін құру » бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.4. Айналым қаражатын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі – 9,5 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Жеңілдікті кезең – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Инфрақұрылымы дамыған мал бордақылау алаңдарының желісін құру» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Лизинг/қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді өтеу кестесі іске асырылғалы отырған жобаның ерекшелігіне қарай және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несие комитетінің шешіміне сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда, жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақшалай қаражат бөлу шарттары өзгертілген жағдайда жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақы төлеу дүркінділігі жалпы қаржыландыру шарттарында көрсетілгеннен кем болмауға тиісті.

Бағдарламаның операторлары:

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ

«КазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сіз мынадай жағдайларда Бағдарламаға қатыса аласыз:

· Сіз өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайту арқылы жұмыс істеп тұрған бордақылау алаңын құруды, салуды, жаңғыртуды немесе қайта тұрғызуды жоспарласаңыз;

· Сіздің бордақылау алаңынызды жарақтандыру малды жартылай қарқынды бордақылаудың заманауи және озық технологиясын енгізуді болжаса;

· Қолданыстағы кәсіпорында айналым қаражатын толтыруды қаласаңыз;

· Сіз бордақылау алаңын жарақтандыру үшін жаңа жабдық сатып алғыңыз келсе.

Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:

· Сіз төлемге қабілеттісіз - жобаға оның жалпы құнының кемінде 15% сала аласыз;

· Сіздің үш ай мерзімінен асқан салықтық берешегіңіз жоқ;

· Сіздің кәсіпорныңыз қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау тәртіптерін қолдануға жатпайды;

· Кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығына иесіз;

· мерзімі өтіп кеткен несие берешектеріңіз немесе жағымсыз несие тарихыңыз жоқ;

· Сізде жоба шеңберінде алынған инвестициялардың қайтарылуын кепілдендіру үшін жеткілікті кепілдікті қамтамасыз ету немесе басқа да ресурстар бар;

· Сізде жобаны іске асыру үшін білікті мамандар бар;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті ортақ несие берушілердің тарапынан жобаны қолдау қуаттамасы бар;

· Сізде инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бар;

· Сіздің жоба рентабельді және Сіз талап еткен сома жобаның өтімділігіне арналған жоспарлы мерзімге сәйкес келеді;

· Сіздің жобаны іске асыру барысында Сіз өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайтасыз;

· Сіздің жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін пайдалануды болжайды;

· Сіз инвестициялық жобаның оң таза келтірінді құн есебін (NPV) және өзге көрсеткіштерінің тиімділігін (WACC және т.б.) таптыңыз;

· жобаны іске асыру барысында Сіз пайдаланатын жер учаскелері «ҚазАгро» ҰБХ АҚ кепілге еш кедергісіз берілуі мүмкін;

· Сізде жобаны іске асыруға қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету жеткілікті: бордақылау алаңдарының бар болуы және бейімділігі, жабдық паркінің тұтынылуы уақыты, қолдағы бар материалдық ресурстардың өндірістік бағдарламаға сәйкестігі;

· Сіз жұқпалы және инвазщиялық аурулар бойынша мал басының ветеринарлық амандығын қамтамасыз етесіз: Ветеринариялық амандық талаптарымен Сіз мына жерден таныса аласыз:: «Ветеринария туралы заң» (ОПЕРАТОРҒА – ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ ҚАРАЙ ҚОСЫМША ҚҰЖАТТАРДЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ)

· егер Сіздің жоба қолданыстағы өндірістің жаңғыртылуын көздейтін болса, Сіздің орын-жайыңыз заманауи технологиялық жабдыққа және техникаға монтаж жасауға жарамды;

· Сіз өндірісте жергілікті еңбек ресурстарын пайдаланатын боласыз;

· Сізде ауыл шаруашылығы, технологиялық жабдықтарды және басқа да жылжымалы мүлікті (арнаулы техника және жабдық, асыл тұқымды мал және т.б.) жеткізушілердің іс жүзінде пысықталған болуы тиіс. Сізде жабдықты жеткізу және оған монтаж жасау мерзімдері, оның техникалық ерекшеліктері мен басқа да шарттары жеткізушілермен келісілген болу керек;

· Сіздің жоба экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе жабдықты лизингке сатып алу туралы шартты жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» аймақтық филиалдарының немесе өкілдіктерінің коснсультанттарымен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала құжаттар пакетін жинайды (құжаттар тізбесін мына сілтемеден қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік комитетінің алдын ала қабылданған шешімін алады;

· Жобаны алдын ала сараптаудың нәтижесі бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және құжаттардың толық пакетін «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне тапсырады;

· Кәсіпкер құжаттарының толық пакеті мен жобасы «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» кредиттік компаниясы, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия ( ОПЕРАТОРДАН ҚҰРАМЫНА КІМДЕРДІҢ КІРЕТІНІН, МЕКЕНЖАЙЫН ҚАЙДАН ТАБУҒА БОЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ НАҚТЫЛАУДЫ СҰРАЙМЫЗ ) Кәсіпкердің жобасы бойынша инвестицияларды (қарызды немесе лизингті) беру туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік/лизинг шарты жасалады.

3.2. Шарт жасалғаннан кейінгі қаржыландыруды алуға және/немесе жабдықты меншікке беруге байланысты қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарыз төлеуді немесе сұратылған лизинг нысанын беруді көздейтін несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік комитетпен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісу ( ОПЕРАТОРДАН ТРАНШТАР ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ҚАРЫЗДАРҒА ТЕК ТРАНШТЫҢ ЖАТАТЫН/ЖАТПАЙТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ НАҚТЫЛАУДЫ СҰРАЙМЫЗ);

· Лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және кәсіпкерге беру немесе қарыз беру;

· Кәсіпкердің несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер Сіз шарт талаптарын сақтамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте, Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны кері қайтару талап етілуі мүмкін.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Менің жобамама қойылатын экологиялық қауіпсіздік талаптарын қайдан таба аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: «ҚазАгро» және «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің тізімін қайдан таба аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: ҚазАгро консультанттары маған бизнес-жоспарды құруға көмек бере алады ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі дегеніміз не? Менің екі жыл бойы төлемдер жасамауыма болады ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Негізгі борышты төлеу жылына кемінде 1 рет деген нені білдіреді? Мен несие бойынша жылына бар болғаны 1 рет төлей аламын ба?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Сыйақыны төлеу тоқсанына 1 рет деген нені білдіреді? Мен несие бойынша сыйақыны жылына бар болғаны 1 рет төлей аламын ба?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Менің лизингке қандай жабдық ала алатыныма шектеу бар ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Мен өз жеткізушілерімнің ауқаттылығын қалай растай аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Қоғамдық комиссияның құрамына кімдер кіреді?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: «Қарызды төлеуді немесе сұратылған лизингті беруді көздейтін несиелік шарт талаптары» дегенді қалай түсінуге болады? Бұл қандай талаптар?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Малды бордақылаудың жартылай қарқынды жүйесі дегеніміз не?

Жауап: Жартылай қарқынды технология үлесі азық мөлшерінде 80%-дан аспайтын кесек және шырынды азықты пайдалануды болжайды. Төлді өсіру мен бордақылаудың жартылай қарқынды жүйесі жазғы жайылымда және қысқы-қорада ұстаумен үйлеседі.

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Барлық іске асырылған жобалар бойынша с татистика

2013 жылдың басында «ҚазАгроҚаржы» АҚ шамамен 70,0 млрд. теңге сомасына барлық бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаларды мақұлдады. Олардың ішінде 45,9 млрд. теңге сомасына 81 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба іске қосылды.

7.2. Аймақтар бөлінісінде мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Облыс

К әсіпорын

Жобаның мақсаты

Жалпы құны

Алматы облысы

«Жетісу ӘКК » ЖШС

1000 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу

596,9 млн. теңге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 335.24
  • EUR Евро 395.82
  • CNY Қытай юані 50.65
  • RUB Ресей рублі 5.82
  • GBP Ағыл. фунты 441.34
Хабарландыру тақтасы