Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы: « Жылыжай шаруашылықтарының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» инвестициялық бағдарламасы


Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына:

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 10 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Жылыжай шаруашылықтарының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

Жабдық пен техниканы сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз/лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 10 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Жылыжай шаруашылықтарының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту»

бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

Айналым қаражатын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 4 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Жылыжай шаруашылықтарының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ !!! Лизинг/қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді өтеу кестесі іске асырылғалы отырған жобаның ерекшелігіне қарай және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Несие комитетінің шешіміне сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда, жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақшалай қаражат бөлу шарттары өзгертілген жағдайда жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақы төлеу дүркінділігі жалпы қаржыландыру шарттарында көрсетілгеннен кем болмауға тиісті.

Бағдарламаның операторлары:

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ

және оның еншілес компания сы – «ҚазАгро Қаржы».

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1 Сіз мынадай жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· жобаға қойылатын аймақтық талаптарды есепке ала отырып, жаңа жылыжай кешенін құруды, салуды және жұмыс істеп тұрғанын жаңғыртуды немесе қайта тұрғызуды:

- Орталық, Солтүстік және Ш ығыс аймақтары үшін алаңы 3 га кем емес, өнеркәсіп үлгісіндегі, шыныдан немесе поликарбонаттан жабындысы бар және светокультура (қосымша жарықтандыру) технологиясын қолданумен немесе жеміс-көкөніс дақылдары болмайтын маусымдық кезеңдерде жоспарлы шығымдылық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін басқа да технологияларды қолданумен жылыжай кешенін құру;

- Батыс Қазақстан аймақтары үшін алаңы 1 га кем емес, өнеркәсіп үлгісіндегі, шыныдан немесе поликарбонаттан жабындысы бар және светокультура (қосымша жарықтандыру) технологиясын қолданумен немесе жеміс-көкөніс дақылдары болмайтын маусымдық кезеңдерде жоспарлы шығымдылық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін басқа да технологияларды қолданумен жылыжай кешенін құру;

- Оңтүстік аймақтар үшін алаңы 3 га кем емес, өнеркәсіп үлгісіндегі, светокультура (қосымша жарықтандыру) технологиясын қолданумен немесе онсыз, әр түрлі жабындымен жылыжай кешендерін құру.

· қазіргі заман талаптарын есепке ала отырып, жұмыс істеп тұрған жылыжай кешенін жарақтандыру үшін техниканы сатып алуды;

· жұмыс істеп тұрған кәсіпорындағы айналым қаражатын толтыруды жоспарласаңыз;

· егер Сіз аудан үшін қолайлы жеміс-көкөніс өнімдерін өсіргіңіз келсе, Сіздің жобаңызда аймақтық ерекшелік ескерілген болуы тиіс.

· егер Сіз құрамына төмендегі жүйелерді енгізетін жеміс-көкөніс өнімдерін жабық алаңда өсірудің қазіргі заман технологияларын енгізетін болсаңыз:
- ирригация (тамшылатып суару);

- перделеу;

- климат-бақылау, желдеткіш, жылыту;

- гидропоникалар (минералды мақта төсеніштер, субстраттар).

Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын талаптар:

· Сіз төлемге қабілеттісіз - жобаға оның жалпы құнының кемінде 15% сала аласыз;

· Сіздің үш ай мерзімінен асқан салықтық берешегіңіз жоқ;

· Сіздің кәсіпорныңыз қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау тәртіптерін қолдануға жатпайды;

· Кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығына иесіз;

· мерзімі өтіп кеткен несие берешектеріңіз немесе жағымсыз несие тарихыңыз жоқ;

· Сізде жоба шеңберінде алынған инвестициялардың қайтарылуын кепілдендіру үшін жеткілікті кепілдікті қамтамасыз ету немесе басқа да ресурстар бар;

· Сізде жобаны іске асыру үшін білікті мамандар бар;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті ортақ несие берушілердің тарапынан жобаны қолдау қуаттамасы бар;

· Сізде инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бар;

· Сіздің жоба рентабельді және Сіз талап еткен сома жобаның өтімділігіне арналған жоспарлы мерзімге сәйкес келеді;

· Сіз бағдарламаны іске асыру үшін қазіргі заман технологиясын пайдаланасыз;

· Сіздің жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін пайдалануды болжайды;

· Сіз инвестициялық жобаның оң таза келтірінді құн есебін (NPV) және өзге көрсеткіштерінің тиімділігін (WACC және т.б.) таптыңыз;

· жобаны іске асыру барысында Сіз пайдаланатын жер учаскелері «ҚазАгро» ҰБХ АҚ кепілге еш кедергісіз берілуі мүмкін;

· Сізде іс жүзінде пысықталған технологиялық жабдықты және басқа да арнайы жабдықты немесе техниканы жеткізушілер бар. Сізде жеткізушімен жабдықты жеткізу және оның монтажын жасау мерзімі, оның техникалық спецификациясы, сондай-ақ басқа да талаптар келісілген;

· Сіздің жоба экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді;

· Сіз алаңы 1 га жылыжай кешеніне арналған белгіленген қуаты 1МВт кем емес су-, жылу-және электр энергия сы көздеріне кіру мүмкінді гіне иесіз (қосымша жарықтандыру жүйесін қолданумен бірге – жылыжайларда жетіспейтін табиғи жарықтың орын толтыруға арналған «өсу лампасы» деп аталатын);

· Сіздің жабдықты жеткізушінің маманы жылыжайды пайдалануға берген сәттен бастап бір жыл ішінде Сіздің жобаңызды техникалық және агрономикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

· Сіз көкөніс-жеміс өнімдерін ашық жерде өсіру мүмкіндігі жоқ кезде, қарашадан мамыр айлары аралығында өндіретін боласыз;

· жылыжай кешенін құруді (салуды) немесе қолданыстағы жылыжай кешенін кеңейтуді/жаңғыртуды жүзеге асыратын жер учаскесі қажетті коммуникациялармен (су құбыры, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау) қамтамасыз етілген немесе қажетті коммуникациялармен жедел қамтамасыз ететін әлеуетті мүмкіндігіне ие болуыңыз тиіс.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе жабдықты лизингке сатып алу туралы шартты жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» аймақтық филиалдарының немесе өкілдіктерінің коснсультанттарымен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала құжаттар пакетін жинайды (құжаттар тізбесін мына сілтемеден қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік комитетінің алдын ала қабылданған шешімін алады;

· Жобаны алдын ала сараптаудың нәтижесі бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және құжаттардың толық пакетін «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне тапсырады;

· Кәсіпкер құжаттарының толық пакеті мен жобасы «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» кредиттік компаниясы, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия ( ОПЕРАТОРДАН ҚҰРАМЫНА КІМДЕРДІҢ КІРЕТІНІН, МЕКЕНЖАЙЫН ҚАЙДАН ТАБУҒА БОЛАТЫНЫ ТУРАЛЫ НАҚТЫЛАУДЫ СҰРАЙМЫЗ ) Кәсіпкердің жобасы бойынша инвестицияларды (қарызды немесе лизингті) беру туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік/лизинг шарты жасалады.

3.2. Шарт жасалғаннан кейінгі қаржыландыруды алуға және/немесе жабдықты меншікке беруге байланысты қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарыз төлеуді немесе сұратылған лизинг нысанын беруді көздейтін несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік комитетпен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісу (ОПЕРАТОРДАН ТРАНШТАР ТУРАЛЫ ЖӘНЕ ҚАРЫЗДАРҒА ТЕК ТРАНШТЫҢ ЖАТАТЫН/ЖАТПАЙТЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ НАҚТЫЛАУДЫ СҰРАЙМЫЗ);

· Лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және кәсіпкерге беру немесе қарыз беру;

· Кәсіпкердің несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер Сіз шарт талаптарын сақтамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте, Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны кері қайтару талап етілуі мүмкін ОПЕРАТОРДАН БАСҚА ДА ШАРТТАРДЫ ҰСЫНУДЫ СҰРАЙМЫЗ

5. Бағдарламадан сәтті өткен кәсіпкердің алдынан ашылатын алдағы мүмкіндіктер.

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Менің жобамама қойылатын экологиялық қауіпсіздік талаптарын қайдан таба аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: «ҚазАгро» және «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің тізімін қайдан таба аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: ҚазАгро консультанттары маған бизнес-жоспарды құруға көмек бере алады ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі дегеніміз не? Менің екі жыл бойы төлемдер жасамауыма болады ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Негізгі борышты төлеу жылына кемінде 1 рет деген нені білдіреді? Мен несие бойынша жылына бар болғаны 1 рет төлей аламын ба?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Сыйақыны төлеу тоқсанына 1 рет деген нені білдіреді? Мен несие бойынша сыйақыны жылына бар болғаны 1 рет төлей аламын ба?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Менің лизингке қандай жабдық ала алатыныма шектеу бар ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Мен өз жеткізушілерімнің ауқаттылығын қалай растай аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Қоғамдық комиссияның құрамына кімдер кіреді?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Жобаны іске асыруға басқару органдарының келісімі дегенді қалай түсінуге болады? Аталған органдардың қатарына кімдер кіреді?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Қаржыландыру/лизинг жобасына қатысу үшін басқару органдарының және әлеуетті ортақ несие берушілердің келісімі қандай нысанда болуы тиіс?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: «Қарызды төлеуді немесе сұратылған лизингті беруді көздейтін несиелік шарт талаптары» дегенді қалай түсінуге болады? Бұл қандай талаптар?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Барлық іске асырылған инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басында «ҚазАгроҚаржы» АҚ шамамен 70,0 млрд. теңге сомасына барлық бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаларды мақұлдады. Олардың ішінде 45,9 млрд. теңге сомасына 81 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба іске қосылды.

7.2. Аймақтар бөлінісіндегі мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Облыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобалық қуат

Жалпы құны

Ақмола облысы

«Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС

алаңы 3,56 га жылыжай кешенін құру.

жылына 1 400 тоннаға дейін көкөніс өнімдері

1 049,3 млн. теңге

Қарағанды облысы

«GreenTechnology» ЖШС

алаңы 3 га жылыжай кешенін тұрғызу.

жылына 1 747 тонна көкөніс өнімдері

1 319,3 млн. теңге

«Топарские теплицы» ЖШС алаңы 8 га жылыжай кешенін тұрғызу жылына 4 600 тонна көкөніс өнімдері 4 672,5 млн. теңге

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Аделя» ШҚ

алаңы 5 га жылыжай кешенін тұрғызу

жылына 2 400 тонна көкөніс өнімдері

652,2 млн. теңге

«Аделя» ШҚ алаңы 11 га жылыжай кешенін тұрғызу жылына 3 040 тонн а қияр, 3 040 тонн а қызанақ 2 573,8 млн. теңге
«СЗЦ Асар KZ» ЖШСалаңы 2,2 га жылыжай кешенін тұрғызу жылына 350 тонна көкөніс өнімдері, 5 млн. дана көшет. 461,9 млн. теңге
«Онти» ЖШСалаңы 2 га жылыжай кешенін тұрғызу жылына 680 тонн а көкөніс өнімі296,3 млн. теңге
ЖК «Ифтихари Ф.А.»алаңы 2 га жылыжай кешенін тұрғызужылына 790 тонн а көкөніс өнімі 413,4 млн. теңге
«КазАгроном» ЖШСалаңы 3 га жылыжай кешенін тұрғызу жылына 351 тонн а қияр , 756 тонн а қызанақ т 937,8 млн. теңге

Астана қ.

«Астана Эко Стандарт» ЖШС

алаңы 3 га жылыжай кешенін тұрғызу.

жылына 1 950 тонна көкөніс өнімдері

1 836,3 млн. теңге

Алматы облысы

«GreenHouse-зеленый дом» ЖШС

алаңы 3,65 га жылыжай кешенін тұрғызу

жылына 3 025 тонна көкөніс өнімдері

2 010,0 млн. теңге

«Green Land Alatay» ЖШС алаңы 5,1 га жылыжай кешенін құру.жылына 3 500 - 4 000 тонна көкөніс өнімдері2 442,0 млн. теңге





Жамбыл облысы

«Манат» ШҚ

алаңы 1 га жылыжай кешенін тұрғызу

жылына 350 тонн а көкөніс өнімі

118,9 млн. теңге

Ақтөбе облысы

«Ақтөбе-Жылыжай» ЖШС

алаңы 3 га жылыжай кешенін тұрғызу

жылына 1 515 тонн а көкөніс өнімі

1 498,1 млн. теңге

«Луговской конный завод» ЖШС алаңы 1,3 га жылыжай кешенін тұрғызу жылына 345,6 тонн а қияр, 172,8 тонн а қызанақ, 35,9 тонн а көк349,1 млн. теңге

Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.55
  • EUR Евро 338.93
  • CNY Қытай юані 45.73
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.09
Хабарландыру тақтасы