Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы: «Тауарлы-сүт фермалар желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» инвестициялық бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Бағдарламаның арқасында Сіз жаңа сүт фермасын ашу немесе жұмыс істеп тұрғанын заманауи жабдықпен қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары өнімді қара мал басын сатып алу мүмкіндігіне ие бола аласыз.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына:

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· « Тауарлы-сүт фермалар ының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту » бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Ірі қара малды сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 5 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· « Тауарлы-сүт фермалар ының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту » бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Жабдықты сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· « Тауарлы-сүт фермалар ының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту » бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.4. Айналым қаражатын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі – 3 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15% -ға дейін;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – жылдық 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 1 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· Жемшөп өндірісін дамыту бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Лизинг/қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді өтеу кестесі іске асырылғалы отырған жобаның ерекшелігіне қарай және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда, жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақшалай қаражат бөлу шарттары өзгертілген жағдайда жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақы төлеу дүркінділігі жалпы қаржыландыру шарттарында көрсетілгеннен кем болмауы тиіс.

Бағдарламаның операторлары:

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы – «КазАгро Қаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Егер Сіз:

· тауарлы-сүт фермасын немесе зауытын ашуды, салуды, жаңғыртуды немесе қайта тұрғызуды;

· жұмыс істеп тұрған тауарлы-сүт фермасында қара мал басын көбейтуді;

· жұмыс істеп тұрған тауарлы-сүт фермасы үшін өнімділігі жоғары мал тұқымын сатып алуды;

· жаңа тауарлы-сүт фермасы үшін өнімділігі жоғары мал тұқымын сатып алуды;

· тауарлы-сүт фермасында немесе зауытында өндірістік желіні жарақтандыру үшін техника сатып алуды;

· жұмыс істеп тұрған кәсіпорындағы айналым қаражатын толтыруды жоспарласаңыз, Сіз бағдарламаға қатыса аласыз.

Бағдарламаға қатысу үшін талаптар:

· Сіз төлемге қабілеттісіз - жобаға оның жалпы құнының кемінде 15 % сала аласыз;

· Сіздің үш ай мерзімінен асқан салықтық берешегіңіз жоқ;

· Сіздің кәсіпорныңыз қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау тәртіптерін қолдануға жатпайды;

· Кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығына иесіз;

· мерзімі өтіп кеткен несие берешектері ңіз немесе жағымсыз несие тарихыңыз жоқ;

· Сізде жоба шеңберінде алынған инвестициялардың қайтарыл уын кепілдендіру үшін жеткілікті кепілдікті қамтамасыз ету немесе басқа да ресурстар бар;

· Сізде жобаны іске асыру үшін білікті мамандар бар;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті ортақ несие берушілердің тарапынан жобаны қолдау қуаттамасы бар;

· Сіз жаңа өндірісті ашуды, өндірілетін өнімнің көлемін арттыру үшін қолданыстағысын кеңейтуді немесе жаңғыртуды жоспарлайсыз;

· Сізде инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бар;

· Сіздің жоба рентабельді және Сіз талап еткен сома жобаның өтімділігіне арналған жоспарлы мерзімге сәйкес келеді;

· Сіз жобаны іске асыру үшін заманауи технологияларды пайдаланатын боласыз;

· Сіздің жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін пайдалануды болжайды;

· Сіз инвестициялық жобаның оң таза келтірінді құн есебін (NPV) және өзге көрсеткіштерінің тиімділігін (WACC және т.б.) таптыңыз;

· жобаны іске асыру барысында Сіз пайдаланатын жер учаскелері «ҚазАгро» ҰБХ АҚ кепілге еш кедергісіз берілуі мүмкін;

· Сізде іс жүзінде пысықталған ауыл шаруашылығы, технологиялық жабдықтарды және басқа да жылжымалы мүлікті (арнаулы техника және жабдық, асыл тұқымды мал және т.б.) жеткізушілер болуы тиіс. Сізде жеткізушілермен келісілген жабдықты жеткізу және оған монтаж жасау мерзімдері, оның техникалық ерекшелігі және басқа да шарттар бар болу керек;

· Сіздің жоба экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді;

· Егер Сіздің жоба ветеринариялық амандық талаптарына сәйкес келеді, яғни: кәсіпорында мыналар жүзеге асырылады немесе жүзеге асырылатын болады: ҚР заңнамасына сәйкес ветеринариялық қадағалау, жануарлардың ауруларының алдын алу және жою, өндірілетін өнімдердің қауіпсіздігін бақылау, кадрламен жұмыс, өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасын арттыру. Кәсіпорындарда сүт өнімдерінің өндірісін ветеринариялық қадағалау бойынша талаптармен келесі құжаттардан таныса аласыз: «Ветенария туралы заң», «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, «Сүт және сүт өнiмдерiн өндiру, сақтау және тасымалдау объектiлерiн күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».

· қолданыстағы өндірісте қайта тұрғызылатын немесе жаңғыртылатын ғимараттар оларға заманауи жабдықтар мен техниканы орнатуға жарамды;

· Сіздің жоба мал басын ұстаудың озық (жайылымда бағып күтудің) технологиясын енгізуді қарастыруы тиіс – жануарларға орынжай ішінде де, бос жіберу алаңқайларында да еркін орын алмаса алатын жағдай жасау арқылы байлаусыз күтімге алу және арнайы сауатын жердің болуы;

· Сіз өнімділігі жоғары мал басын пайдалануға тиіссіз;

· Сіз ІҚМ басын жемшөппен қамтамасыз ете аласыз және Сізде жемшөптер қорын уақтылы толтыру үшін ресурстар бар.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе жабдықты лизингке сатып алу туралы шартты жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» аймақтық филиалдарының немесе өкілдіктерінің коснсультанттарымен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала құжаттар пакетін жинайды (құжаттар тізбесін мына сілтемеден қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік комитетінің алдын ала қабылданған шешімін алады;

· Жобаны алдын ала сараптаудың нәтижесі бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және құжаттардың толық пакетін «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне тапсырады;

· Кәсіпкер құжаттарының толық пакеті мен жобасы «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» кредиттік компаниясы, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия Кәсіпкердің жобасы бойынша инвестицияларды (қарызды немесе лизингті) беру туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік/лизинг шарты жасалады.

3.2. Шарт жасалғаннан кейінгі қаржыландыруды алуға және/немесе жабдықты меншікке беруге байланысты қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарыз төлеуді немесе сұратылған лизинг нысанын беруді көздейтін несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік комитетпен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісу;

· Лизинг нысанын сатып алу, жеткізу және кәсіпкерге беру немесе қарыз беру;

· Кәсіпкердің несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу;

· Кәсіпкерге лизинг нысанына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер Сіз шарт талаптарын сақтамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте, Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны кері қайтару талап етілуі мүмкін.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ : Менің жобамама қойылатын экологиялық қауіпсіздік талаптарын қайдан таба аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: «ҚазАгро» және «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің тізімін қайдан таба аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: ҚазАгро консультанттары маған бизнес-жоспарды құруға көмек бере алады ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Негізгі борышты төлеу жылына кемінде 1 рет деген нені білдіреді? Мен несие бойынша жылына бар болғаны 1 рет төлей аламын ба?

Жауап: ОПЕРАТОР ҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Сыйақыны төлеу тоқсанына 1 рет деген нені білдіреді? Мен несие бойынша сыйақыны жылына бар болғаны 1 рет төлей аламын ба?

Жауап: ОПЕРАТОР ҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Менің лизингке қандай жабдық ала алатыныма шектеу бар ма?

Жауап: ОПЕРАТОР ҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Мен өз жеткізушілерімнің ауқаттылығын қалай растай аламын?

Жауап: ОПЕРАТОР ҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Жобаны іске асыру үшін басқару органдарының келісімі дегенді қалай түсінуге болады? Аталған органдар қатарын кімдер кіреді?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Қаржыладыру/лизинг жобасына қатысу үшін басқару органдарының және әлеуетті ортақ несие берушілердің келісімі қандай нысанда болуы керек?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: «Қарызды төлеуді немесе сұратылған лизингті беруді көздейтін несиелік шарт талаптары» дегенді қалай түсінуге болады? Бұл қандай талаптар?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Өнімділігі жоғары асыл тұқымды мал басы дегеніміз не?

Жауап: ОПЕРАТОР ҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес))

7.1. Барлық іске асырылған инвестициялық жобалар бойынша статистика

2013 жылдың басында «ҚазАгроҚаржы» АҚ шамамен 70,0 млрд. теңге сомасына барлық бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаларды мақұлдады. Олардың ішінде 45,9 млрд. теңге сомасына 81 инвестициялық жоба қаржыландырылды. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба іске қосылды.

7.2. Аймақтар бөлінісіндегі мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Облыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобалық қуат

Жалпы құны

Қызылорда облысы

«РЗА» АҚ

660 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасын ашу

жылына 3 960 тоннаға дейін сүт

2 578,3 млн. теңге

Ақмола облысы

« Агрофирма «Родина» ЖШС

800 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасын жаңғырту (сүт зауытын тұрғызу)

жылына 18 000 тоннаға дейін сүт өнімдері

521,6 млн. теңге

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Алтын Дән» ЖШС

Сүтті қайта өңдеу зауытын құру және 500 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасы үшін сауу жабдығын сату

жылына 2100 тоннаға дейін сүт өнімдері

372,3 млн. теңге

« Қазына жер LTD» ЖШС 800 бас ІҚМ арналған ТСФ құру жылына 6 700 тоннаға дейін сүт өнімдері1 565,4 млн. теңге

Алматы облысы

«Медеу Коммерц» ЖШС

780 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасын құру

жылына 5 000 тоннаға дейін сүт өнімдері

2 358,5 млн. те ң ге

«Адал» Агроөнеркәсіптік компаниясы» ЖШС1200 бас ІҚМ арналған қолданыстағы ТСФ қайта тұрғызу жылына 5 000 тоннаға дейін сүт өнімдері 1 640,0 млн. теңге

Ақтөбе облысы

«Айс» ЖШС

1100 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасын тұрғызу

жылына 7 200 тоннаға дейін сүт

3 414,0 млн. теңге.

«Анди» ЖШС 500 бас ІҚМ арналған ТСФ құру жылына 2 500 тоннаға дейін сүт өнімдері 1 079,4 млн. теңге.

Шығыс Қазақстан облысы

«Средигорненский» ЖШС

600 бас ІҚМ арналған ТСФ құру

жылына 1 702 тоннаға дейін сүт өнімдері, көлемін жылына 2 163 тоннаға дейін жеткізу

112,2 млн. теңге

Солтүстік Қазақстан облысы

«Леонов Я.П.» ШҚ

300 бас ІҚМ арналған ТСФ құру

жылына 1 900 тоннаға дейін сүт өнімдері

174,0 млн. теңге.

«Зенченко және Компания» КС 2 000 бас ІҚМ арналған ТСФ сүтті қайта өңдеу зауытын құру жылына 18 000 тоннаға дейін сүт өнімдері 655,1 млн. теңге

Павлодар облысы

«Галицкое» ЖШС

500 бас ІҚМ арналған тауарлы-сүт фермасын жаңғырту

жылына 1 800 тоннаға дейін сүт

402,5 млн. теңге.

«Жаңа- Қала» ШҚ қолданыстағы тауарлы-сүт фермасын жаңғырту (340 бас ІҚМ)жылына 3 000 тоннаға дейін сүт өнімдері 331,8 млн. теңге.
"Ертіс ТШ" ЖШС қолданыстағы ТСФ модернизациялау: аналық малдың санын 1 000 бас ІҚМ дейін көбейтужылына 3 772 тоннаға дейін сұт өнімдері 335,3 млн. теңге

Қостанай облысы

«Бек+» ЖШС

1 200 бас ІҚМ арналған ТСФ құру

жылына 7 000 тоннаға дейін сүт өнімдері.

3 416,9 млн. теңге

Батыс Қазақстан облысы

«Уралэнергострой» ЖШС

Жемшөп өндірісін дамыту

жылына 13 400 тоннаға дейін жемшөптер

106,9 млн. теңге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 332.58
  • EUR Евро 390.38
  • CNY Қытай юані 49.85
  • RUB Ресей рублі 5.63
  • GBP Ағыл. фунты 428.13
Хабарландыру тақтасы