Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы: «Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» инвестициялық бағдарламасы


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Осы бағдарлама Сізге жаңа құс фабрикасын ашуға және қолданыстағысын заманауи жабдықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Несие беру шарттары:

1.1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· « Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту » бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.2. Негізгі құралды сатып алуға

· Қаржыландыру түрі – қарыз/лизинг;

· Несиелеу мерзімі - 12 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15%-дан бастап;

· Мөлшерлеме – 6%;

· Жылдық тиімді мөлшерлеме – 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

1.3. Айналым қаражатын толтыруға

· Қаржыландыру түрі – қарыз;

· Несиелеу мерзімі – 5 жылға дейін;

· Ортақ қаржыландыру – 15% -ға дейін;

· Жылдық тиімділік мөлшерлемесі – жылдық 6,5% -ға дейін;

· Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі – 2 жылға дейін;

· Негізгі борышты төлеу – жылына кемінде 1 рет;

· Сыйақы төлеу – тоқсанда кемінде 1 рет;

· «Құс фабрикаларының желісін құру және қолданыстағыларын дамыту» бағдарламасы бойынша қарыз алу үшін кепілдікті қамтамасыз ету талап етіледі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

Лизинг/қарыз бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдерді өтеу кестесі іске асырылғалы отырған жобаның ерекшелігіне қарай және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Кредиттік комитетінің шешіміне сәйкес «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тарапынан «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақша қаражаттарын бөлу шарттары өзгерген жағдайда, жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. «ҚазАгроҚаржы» АҚ ақшалай қаражат бөлу шарттары өзгертілген жағдайда жекелеген түрде белгіленуі мүмкін. Бұл ретте негізгі борыш пен сыйақы төлеу дүркінділігі жалпы қаржыландыру шарттарында көрсетілгеннен кем болмауы тиіс.

Бағдарламаның операторлары:

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ

және оның еншілес компаниясы – «КазАгроҚаржы» АҚ.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

1.2. Егер Сіз:

· құс фабрикасын ашуды, салуды, жаңғыртуды немесе қайта тұрғызуды;

· құс фабрикасындағы өндірістік желіні жарақтандыру үшін техника сатып алуды;

· жұмыс істеп тұрған кәсіпорындағы айналым қаражатын толтыруды жоспарласаңыз, Сіз бағдарламаға қатыса аласыз.

Бағдарламаға қатысу үшін талаптар:

· Сіз төлемге қабілеттісіз - жобаға оның жалпы құнының кемінде 15 % сала аласыз;

· Сіздің үш ай мерзімінен асқан салықтық берешегіңіз жоқ;

· Сіздің кәсіпорныңыз қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау тәртіптерін қолдануға жатпайды;

· Кәсіпкерлік қызметімен айналысу құқығына иесіз;

· мерзімі өтіп кеткен несие берешектері ңіз немесе жағымсыз несие тарихыңыз жоқ;

· Сізде жоба шеңберінде алынған инвестициялардың қайтарыл уын кепілдендіру үшін жеткілікті кепілдікті қамтамасыз ету немесе басқа да ресурстар бар;

· Сізде жобаны іске асыру үшін білікті мамандар бар;

· Сізде тиісті басқару органдарының және әлеуетті ортақ несие берушілердің тарапынан жобаны қолдау қуаттамасы бар;

· Сіз жаңа өндірісті ашуды, өндірілетін өнімнің көлемін арттыру үшін қолданыстағысын кеңейтуді немесе жаңғыртуды жоспарлайсыз;

· Сізде инвестициялық жобаның бизнес-жоспары бар;

· Сіздің жоба рентабельді және Сіз талап еткен сома жобаның өтімділігіне арналған жоспарлы мерзімге сәйкес келеді;

· Сіз жобаны іске асыру үшін заманауи технологияларды пайдаланатын боласыз;

· Сіздің жоба қазақстандық өндірушілердің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін пайдалануды ұйғарады;

· Сіз инвестициялық жобаның оң таза келтірінді құн есебін (NPV) және өзге көрсеткіштерінің тиімділігін (WACC және т.б.) таптыңыз;

· жобаны іске асыру барысында Сіз пайдаланатын жер учаскелері «ҚазАгро» ҰБХ АҚ кепілге еш кедергісіз берілуі мүмкін;

· Сізде іс жүзінде пысықталған технологиялық жабдықтарды және басқа да арнаулы техниканы жеткізушілер болуы тиіс. Сізде жеткізушілермен келісілген жабдықты жеткізу және оған монтаж жасау мерзімдері, оның техникалық ерекшелігі және басқа да шарттар бар болу керек;

· Сіздің жобаңыз экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді;

· Сіздің жобаңыз ветеринариялық амандық талаптарына сәйкес келеді, яғни: кәсіпорында мыналар жүзеге асырылады немесе жүзеге асырылатын болады: ҚР заңнамасына сәйкес ветеринариялық қадағалау, жануарлардың ауруларының алдын алу және жою, өндірілетін өнімдердің қауіпсіздігін бақылау, кадрламен жұмыс, өндірілетін мал шаруашылығы өнімінің сапасын арттыру. Кәсіпорындарда сүт өнімдерінің өндірісін ветеринариялық қадағалау бойынша талаптармен келесі құжаттардан таныса аласыз: «Ветенария туралы заң», «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті, «Сүт және сүт өнiмдерiн өндiру, сақтау және тасымалдау объектiлерiн күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар».

· қолданыстағы өндірісте қайта тұрғызылатын немесе жаңғыртылатын ғимараттар оларға заманауи технологиялық жабдықтар мен техниканы орнатуға жарамды;

· Сіз барлық құстардың басын жемшөппен қамтамасыз ете аласыз және Сізде жемшөптер қорын уақтылы толтыру үшін ресустар бар;

· Сіз су, жылу және электр энергетикасы көздеріне еркін кіре аласыз;

· Сіз құстарды еденде және торда ұстаудың озық технологиясын іске қосатын боласыз.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Несиелік шартты және/немесе жабдықты лизингке сатып алу туралы шартты жасасу үшін қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» аймақтық филиалдарының немесе өкілдіктерінің коснсультанттарымен кездеседі;

· «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала құжаттар пакетін жинайды (құжаттар тізбесін мына сілтемеден қараңыз: http://kaf.kz/products_company/invistitsionnye_projects/dairy_farms/list_of_documents/ );

· Жоба «ҚазАгроҚаржы» филиалдарында және өкілдіктерінде алдын ала сараптамадан өтеді;

· Кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» филиалының немесе өкілдігінің Кредиттік комитетінің алдын ала қабылданған шешімін алады;

· Жобаны алдын ала сараптаудың нәтижесі бойынша оң шешім болған жағдайда, кәсіпкер қалған құжаттарды жинайды және құжаттардың толық пакетін «ҚазАгроҚаржы» филиалына немесе өкілдігіне тапсырады;

· Кәсіпкер құжаттарының толық пакеті мен жобасы «ҚазАгроҚаржы» Орталық аппаратында сараптамадан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» кредиттік компаниясы, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасы және Қоғамдық комиссия Кәсіпкердің жобасы бойынша инвестицияларды (қарызды немесе лизингті) беру туралы шешім қабылдайды;

· Несиелік/лизинг шарты жасалады.

3.2. Шарт жасалғаннан кейінгі қаржыландыруды алуға және/немесе жабдықты меншікке беруге байланысты қажетті қадамдар:

· Кәсіпкер қарыз төлеуді немесе сұратылған лизинг нысанасын беруді көздейтін несиелік шарттың барлық талаптарын орындайды;

· Әрбір траншты беруді Кредиттік комитетпен, «ҚазАгро» ҰБХ АҚ Басқармасымен келісу;

· Лизинг нысаналарын сатып алу, жеткізу және кәсіпкерге беру немесе қарыз беру;

· Кәсіпкердің несиелік шарт бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу;

· Кәсіпкерге лизинг нысанасына меншік құқығын беру.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Егер Сіз шарт талаптарын сақтамасаңыз, ол бұзылуы мүмкін. Бұл ретте, Сізге қаражат беруден бас тартылуы немесе пайдаланылмаған ақшаны кері қайтару талап етілуі мүмкін.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Менің жобам үшін экологиялық қауіпсіздік талаптарын қайдан таба аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: «ҚазАгро» және «ҚазАгроҚаржы» филиалдары мен өкілдіктерінің тізімін қайдан таба аламын?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: ҚазАгро консультанттары маған бизнес-жоспарды құруға көмек бере алады ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі дегеніміз не? Мен екі жыл бойы төлем жасамасам болады ма?

Жауап: ОПЕРАТОР ҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Негізгі борышты төлеу жылына кемінде 1 рет деген нені білдіреді? Мен несие бойынша жылына бар болғаны 1 рет төлей аламын ба?

Жауап: ОПЕРАТОР ҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Сыйақыны төлеу тоқсанына 1 рет деген нені білдіреді? Мен несие бойынша сыйақыны жылына бар болғаны 1 рет төлей аламын ба?

Жауап: ОПЕРАТОР ҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: Менің лизингке қандай жабдық ала алатыныма шектеу бар ма?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

Сұрақ: «Қарызды төлеуді немесе сұратылған лизингті беруді көздейтін несиелік шарт талаптары» дегенді қалай түсінуге болады? Бұл қандай талаптар?

Жауап: ОПЕРАТОРҒА – АҚПАРАТТЫ ҰСЫНУДЫ ӨТІНЕМІЗ

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).

7.1. Барлық іске асырылған инвестициялық бағдарламалар бойынша статистика

2013 жылдың басында «ҚазАгроҚаржы» АҚ 70,0 млрд. теңге сомасына әртүрлі бағыттар бойынша 100 инвестициялық жобаларды мақұлдады. Олардың ішінде 81 инвестициялық жоба 45,9 млрд. теңге сомасына қаржыландыруды алды. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық аймақтарында 54 жоба іске қосылды.

7.2. Аймақтар бөлінісіндегі мақұлданған және іске асырылған жобалар бойынша статистика

Облыс

Кәсіпорын

Жобаның мақсаты

Жобалық қуат

Жалпы құны

Оңтүстік Қазақстан облысы

«Ордабасы Құс» ЖШС

күркетауық өсіру, сою және етін қайта өңдеу бойынша құс кешенін құру

жылына 4 828 тоннаға дейін

5 643,6 млн. теңге

Алматы облысы

«Алатау- құс» ЖШС

қолданыстағы құс фабрикасын дамыту

жылына 12 000 тоннаға дейін ет өнімі

2 713,4 млн. теңге

Батыс Қазақстан облысы

«Жайы қ - Құс» ЖШС

қолданыстағы құс фабрикасын дамыту

жылына 6 350 тоннаға дейін ет өнімі

3 544,1 млн. теңге

Қарағанды облысы

«Capital Projects LTD» ЖШС

құс фабрикасын құру

жылына 9 400 тоннаға дейін ет

2 865,7 млн. теңге

Шығыс Қазақстан облысы

«Өскемен құс фабрикасы» АҚ

құс фабрикасын ұлғайу

жылына 10 000 тонна ет өнімі (20 000 тоннаға дейін арттыру)

3 351,3 млн. теңге

Қостанай облысы

«Жас Қанат» бройлер құс фабрикасы» ЖШС

құс фабрикасының желісін құру және қолданыстағысын дамыту

жылына 1 800 тоннаға дейін бройлер еті

747,2 млн. теңге

«Комсомол құс фабрика сы » АҚ қолданыстағы құс фабрикасын дамыту жылына 12 000 тонна ет

3 412,1 млн. теңге


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 332.8
  • EUR Евро 390.57
  • CNY Қытай юані 49.88
  • RUB Ресей рублі 5.6
  • GBP Ағыл. фунты 428.78
Хабарландыру тақтасы