Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу, инвестициялық мақсаттар мен басқада жобаларға несие беру


1. Бағдарламаның мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді)

Бағдарлама аясында шаруагерлерге несие түрінде қаржыландыру ұсынылады. Несие айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға, инвестициялық мақсаттар мен басқа да жобаларға беріледі. Қаржыландырудың шарттарымен және құжаттар пакеті туралы төменде келтірілген мәліметтер арқылы толық таныса аласыз.

Қажыландырудың шарттары:

1.1. Айналым қаражатын толықтыруға арналған несие

· Қаржыландыру түрі:

Сіз мынаны ала аласыз: несиелік желіні (жаңғыртылмалы, жаңғыртылмайтын, аралас); мақсатты несие.

Егер Сіз «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыр май тын жоба щеңберінде айналым қаражатын толықтыр ғыңыз келсе, онда:

- сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,8 % құрайды;

- жылдық тиімді мөлшерлеме жылдық 13,4% бастап.

· Егер Сіз «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыратын жоба щеңберінде айналым қаражатын толықтыр ғыңыз келсе, онда:

- сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 8,5%;

- жылдық тиімді мөлшерлеме: жылдық 8,7%.

· Сіздің жоба бойынша несиелеу мерзімі 3 жылдан аспайды;

· Несиелік желісі щеңберіндегі транш, мақсаттық несие 24 айдан аспайды;

· Өтеудің жеңілдікті кезеңі - 2 жылға дейін;

· Несиені қамтамасыз ету тәсілдері:

- банктің және «ҚазАгроҚаржы» талаптарына жауап беретін заңды тұлғалардың кепілдігі;

- ақша кепілдігі;

- «ҚазАгроҚаржы» келісім бойынша Сіз кез келген өтімді жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікті кепілге ұсына аласыз. Осы мүліктің бағалау құны тоқсандық сыйақы сомасынан 120% кем емес көлемді құрауы тиіс;

- немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына қарама-қайшы келмейтін басқа да қамтамасыз ету тәсілі.

1.2 . Негізгі құралдарды, құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алуға, инвестициялық мақсаттарға және басқа да жобаларға арналған несие.

· Қаржыландыру түрі: Сіз

- несиелік желіні (жаңғыртылмалы, жаңғыртылмайтын, аралас);

- мақсатты несиені ала аласыз.

· Сыйақы мөлшерлемесі : жылдық 8,5%;

· жылдық тиімді мөлшерлеме: жылдық 8,4% бастап;

· несие беру мерзімі: 7 жылға дейін;

· Жеңілдікті кезең: 2 жылға дейін мүмкін;

· несиені қамтамасыз ету тәсілдері:

- банктің және «ҚазАгроҚаржы» талаптарына жауап беретін заңды тұлғалардың кепілдігі;

- ақша кепілдігі;

- «ҚазАгроҚаржы» келісім бойынша Сіз кез келген өтімді жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүлікті кепілге ұсына аласыз. Осы мүліктің бағалау құны тоқсандық сыйақы сомасынан 120% кем емес көлемді құрауы тиіс;

- немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талаптарына қарама-қайшы келмейтін басқа да қамтамасыз ету тәсілі.

Жобаның операторы:

«ҚазАгро Қаржы» АҚ (2013 ж. 19 шілдедегі № 15 отырыс хаттамасы)

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды

2.1. Сіз мынадай жағдайларда бағдарламаға қатыса аласыз:

· Төлеуге қабілетті болсаңыз және қаржы жағдайыңыз тұрақты болса: қажет болған жағдайда жобаны іске асыру үшін қаражатты ұсына аласыз;

· Сізде өндірісте жоғары білікті басшылар жұмыс істесе, компанияңыздың беделі жоғары болса;

· Сіздің несие тарихыңыз жақсы болса – сізде мерзімі өткен несие берешектері жоқ;

· Сіздің кәсіпорныңыз қайта құрылу, жойылу, банкротқа ұшырау шараларына жатпаса;

· Сіздің жоба бойынша алынған қаражаттарды қайтаруды кепілдендіру үшін жеткілікті кепілдікті базаңыз немесе басқа да ресурстарыңыз бар болса;

· Сізде жоба іске асырылатын аймақта өз шикізат базаңыз, немесе жергілікті өндірушілерден шикізатты сатып алуға кепілдендірілген шарттар бар болса;

· Сіз бәсекеге жарамды өнімді өндірсеңіз және/немесе талап етілетін қызметті көрсетсеңіз және бұл ретте, Сіздің жоба өтімді/табысты болып табылса.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

· кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» мамандарымен сұхбаттасудан өтеді;

· сұхбаттасудан кейін кәсіпкер «ҚазАгроҚаржы» АҚ үлгі бойынш таолтырылған өтінмді және құжаттардың толық пакетн ұсынады (құжаттар тізімін мына сілтемеден қарауға болады: http://kaf.kz/products_company/working_capital_invistitsionnye_goals_and_basic_tools/list_of_documents/ );

· кәсіпкердің құжаттары мен жобасы «ҚазАгроҚаржы» мамандарының сараптауы мен талдауынан өтеді;

· «ҚазАгроҚаржы» АҚ уәкілетті департаменті кәсіпкердің жобасы боййынша қарыз беру туралы шешім қабылдайды;

· кәсіпкерлермен қаржылық қарыз шарты жасалады;

· кәсіпкер сұратылған қарызды беруді көздейтін шарттарды орындайды;

· кәсіпкер қарызды алады;

· «ҚазАгро Қаржы» Сіздің шарт бойынша міндеттемелерді орындауыңызды тұрақты негізде тексереді және олар орындалған жағдайда Сізге барлық меншік құқығы беріледі.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату шарттары. Бағдарламаға қатысушылардың жауапкершілігі.

Бағдарламаға қатысу жауапкершілігі, оны мерзімінен бұрын тоқтату шарттары қарыз алушылар мен «ҚазАгроҚаржы»АҚ арасында жасалған қаржылық қарыз шарттарында көзделеді.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер.

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

7. Бағдарлама бойынша статистика (іске қосылған сәттен бастап қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақтар мен компаниялардың көлемі бойынша қатысушылардың статистикасы (шағын/орта/ірі бизнес)).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 315.15
  • EUR Евро 340.05
  • CNY Қытай юані 45.74
  • RUB Ресей рублі 5.53
  • GBP Ағыл. фунты 391.73
Хабарландыру тақтасы