Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:
Қашықтықтан оқыту системасы

Инвестициялық преференциялар


Инвестициялық преференция ҚР заңды тұлғаларына тағайындалады, сонымен қатар  тұлғалардың ҚР Кәсіпкерлік кодексінің талаптарына сай инвестициялық жобаларды іске асыруы үшін шетелдік заңды тұлғаларғада.

1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, бағдарламаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Сіздің инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау аясында (2.1 т. қараңыз) басым салалар тізбесіне сәйкес мемлекеттік гранттар, салық және өзге де жеңілдіктер алуға мүмкіндігіңіз бар:

· Сіз инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті құрал-жабдықтарды, жиынтықтарды, шикізаттарды және қосалқы бөлшектерді әкелу кезінде кеден баждарын төлеуден босатыласыз. Инвестициялық келісім-шартты тіркеу сәтінен бастап 5 жылдан артық емес мерзімге;

· Сіз көрсетілген заттай гранттарды аласыз: жер телімдері, ғимараттар, машиналар және құрал-жабдықтар, есептеуіш техникалар, өлшеуіш және реттеуіш құрылғылары мен аспаптары, жеңіл автокөлікті қоспағанда басқа көліктер, өндірістік және шаруашылық саймандары;

· Сіз салық жеңілдіктерін ала аласыз. Преференция нысандарының құны және (немесе) кейін жетілдіруге және қайта құруға кететін шығынтар үш жылға дейінгі мерзім ішінде кемітуге жатқызылуы мүмкін. Шығындарды көшіру мерзімі 10 жылды құрайды. Салық жеңілдіктерін алу келісім-шарт жасауды қажет етпейді.

· Инвестициялық стратегиялық жобалар үшін салық жеңілдіктері 7 жылға дейінгі мерзімге (жер салығы 0%, мүлік салығы 0%) қарастырылған;

· Әлеуметтік экономикалық даму деңгейі төмен елді-мекендерде инвестициялық стратегиялық жобалар үшін өнеркәсіптік жеңілдіктер (газ, электр қуаты, жер телімін алу, ғимараттарды, құрылыстарды алу немесе салу шығындарының бір бөлігін төлеу немесе өтеу). Тізімге сілтеме:

http://www.invest.gov.kz/upload/docs/c5bbe5388dc364829de4c51945e8a8d3.pdf

Инвестор преференция сомаларын қосқанда мемлекеттік қолдау арқылы шығындарының жартысын үнемдей алады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Мемлекеттік заттай гранттың нарықтық құны инвестордың тиянақталған активтеріндегі 30% инвестиция көлемінен аспауы тиіс. Тиянақталған активтер бұл өндірісте қолданылатын кез-келген мүлік (ғимарат, станок, құрал-жабдықтар, компьютерлер, жүк машиналары). Егер заттай гранттың құны бұл мөлшерден асып түссе, онда инвестор айырмасын төлеп алуға құқығы бар.

Бағдарлама операторы: Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестициялар бойынша комитетінің инвестициялық преференциялар басқармасы.

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Кім қатыса алады:

· Преференция қызметтің басым түрлерінің тізбесіне кіретін жобалар бойынша беріледі. Оған 245 позиция кіреді және ол өндірістің кең спектрын қамтиды: ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, азық-түлік, электр жабдықтары, көлік, туризм, тұрғын жайды жалдау және басқалары. Тізбе 2003 жылдың 8 мамырдың №436 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

· Жеңілдіктер мен преференци ялар Қазақстан үкіметі бекіткен стратегиялық жобалар тізбесі бойынша ұсынылады. Жобаны Инвестициялық стратегиялық жобалар тізбесіне енгізу үшін, ол қызметтің басым түрлеріне сәйкес болуы және келесі талаптардың біріне жауап беруі керек:

- 2012 ж. 18 маусымындағы №799 ҚР Үкіметі бекіткен жоғары технологи ялық өнімдер өндірісі бойынша қызмет түрлерінің тізбесіне кіретін тауарларды өндіруге бағытталған инвестициялық жоба;

- инвестиция көлемі тиісті жылға бекітілген айлы қ есептік көрсеткіштің бес миллионнан кем емес көрсеткішін құрауы керек.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Преференция алу үшін Сіз Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар бойынша комитетіне өтінім бересіз және онымен келісім – шарт жасайсыз. Бизнес-жоспарға қойылатын талаптар мен инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім нысаны (19. 09. 2012 ж . өзгерістермен)

3.2. Сіз келісім-шарт жасау үшін өтінімді және қаржылық, техникалық және ұйымдық мүмкіндіктерді растайтын құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

· заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариал ды куәландырылған көшірмесі;

· статистикалық картаның нотариал ды куәландырылған көшірмесі;

· жарғы көшірмесін нотариуста куәландыру;

· талаптарға сәйкес жасалған инвестициялық жобаның бизнес-жоспары;

· инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тиянақталған активтерді алу шығындарын және құрылыс-монтаж жұмыстарының сметалық құндарын негіздейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;

· жобаны қаржыландыру кепілдігін және қайнар көздерін анықтайтын нотариалды куәландырылған құжаттар;

· өтінім берілген тоқсанның бірінші күніне дайындалған бухгалтерлік баланс;

· салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ екендiгi туралы тiркеу орны бойынша салық орындарынан анықтама;

· ұлттық валютамен есептелген инвестициялық жоба бойынша жұмыс бағдарламасы.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Анықтамалар үшін байланыс телефон дары: 8 (7172) 24-24-56, 24-19-31 (ИЖТМ Инвестициялар жөніндегі комитетінің инвестициялық преференциялар басқармасы). Нақты ақпарат - Министрлік сайтында: www.mint.gov.kz.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Тараптардың жауапкершілігі келісім-шартта жазылады. Инвестициялық преференциялар күші аяқталған сәтте тоқтатылады. Келісім-шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылуының өзге де әдістері 2003 жылдың 8 қаңтарындағы № 373-II ҚР " Инвестициялар туралы " заңының 22 бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Заңға сілтеме.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер:

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: «Инвестициялық преференциялар алу үшін қызметтердің қандай негізгі түрлері басымдылыққа ие болып табылады?»

Жауап: Ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі , азық-түлік өндірісі, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, текстиль және химия өнеркәсібі, пластмасса және резеңке бұйымдарын өндіру, бейметалл минералды өнімдер өндірісі, дайын металл бұйымдарының өндірісі, машина және құрал-жабдықтар өндірісі, электр құрал-жабдықтар өндірісі, көлік, туризм, тұрғын жайлар жалдау.

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 322.01
  • EUR Евро 362.42
  • CNY Қытай юані 47.26
  • RUB Ресей рублі 5.46
  • GBP Ағыл. фунты 410.31
Хабарландыру тақтасы