Экспресс тіркеу
Логин:
Пароль:
 
Жынысы:
Спасибо за регистрацию! На указанный e-mail отправлено письмо для активации.
 
E-mail:
Парольді қайталаңыз:
Атауы:

Венчурлық қаржыландыру


1. Бағдарлама мәнін баяндау (атауы, іске асырушылар, жобаға қатысушылар қандай жетістікке қол жеткізеді).

Сізге венчурлық қаржыландыру бағдарламасына қатысу мемлекеттік инвестициялық компаниялармен бірлесіп – венчурлық қор құруға мүмкіндік береді. Мұндай қордың мақсаты - тез өсу мүмкіндігі бар инвестициялық жобаларды дамыту. Венчурлық қор жоғары дәрежелі тәуекелге ие және қысқа мерзімде пайда алу мүмкіндігі бар жобаларды қаржыландырумен ерекшеленеді.

Бағдарламаға қатысу талаптары:

Агенттіктің бір венчурлық қорға и нвестици ясы жобада қатысу мерзімі 7 жылға дейінгі жоба құнының 49% аспауы керек. Ең жоғары сома – 1 295 млн. тенге / 6,77 млн. евро.

Бағдарлама операторы:

«Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ

2. Бағдарламаға кім қатыса алады/кім қатыса алмайды?

2.1. Кім қатыса алады:

Инвестициялық қор құрудың бастамашысы ретінде агенттік, сонымен қатар ҚР резиденттері мен бейрезидент заңды тұлғалар бола алады. Жобалық ұсыныс бірлескен бастамашы тараптардан - инвестициялық қордың әлеуетті құрылтайшыларынан болуы мүмкін.

2.2. Кім қатыса алмайды:

Банкрот болып танылған, жойылу үдерісіндегі, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтатылған заңды тұлғалар инвестициялық қор б астамашы бола алмайды.

3. Бағдарламаға қатысу жолдары – толтыру үлгілері, байланыс ақпараты, қажетті құжаттардың тізілімі бар сатылы нұсқаулық.

3.1. Инвестициялық қор (ИҚ) құру тәртібі:

· Сіз ТДҰА өтінім бересіз (Инвестициялық жобалар және мониторинг орталығына жүгініңіз, тел: 8 (7172) 571012 (ішкі 214 ), Факс: 517-021 , E-mail: info@natd.gov.kz);

· Агенттік құжаттар топтамасына ішкі сараптама жүргізеді (60 күнтізбелік күн);

· Сіздің жоба бойынша инвестициялық комитет шешім қабылдайды (3 жұмыс күні);

· Сіз венчурлық қорды тіркейсіз;

· ТДҰА директорлар кеңесі шешім қабылдайды (10 жұмыс күні);

· ТДҰА басқармасы шешім қабылдайды (2 жұмыс күні).

3.2. Инвестициялық қор құру үшін қажетті құжаттар тізімі Қ):

· Сіз жобалық ұсынысты еркін нысанда рәсімдейсіз. Ол қорды құрудың және дамытудың стратегиялық тұжырымдамасын бейнелейтін келесі ақпараттардан тұрады:

- мақсаттары және міндеттері;

- қызмет бағыттары;

- ИҚ инвестициялау түрлері;

- ИҚ капиталының мөлшері, оны қалыптастырудың қайнар көздері (бастамашы үлесінің мөлшері , капиталды қалыптастыру тізбегі);

- ИҚ ұйымдық-құқықтық нысаны;

- компания басқарушысын таңдау бойынша ұсыныстар, онымен өзара әрекеті;

- қорды басқару нысаны, компания басқарушысын таңдау бойынша ұсыныстар;

- ИҚ қызметінің уақытша мүмкіншілігі;

- инвестициялық саясаттың қағидалары (жобаға қойылатын талаптар, салалық бағыттары);

- қаржыландыру жоспарланған жобаларды қарау туралы мәлеметтер;

- инвестициялық қордан инвесторлардың (акционерлер, қатысушылар) шығу талаптары.

· әрекет етуші инвестициялық қор үшін - ИҚ және қазақстандық серіктестің (ИҚ құрылтайшысы) жарғысы және жарғылық шарты;

· әрекет етуші ИҚ үшін - ИҚ және қазақстандық серіктестің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі және статистикалық картасы, СТН (нотариалды куәландырылған);

· әрекет етуші ИҚ үшін - ИҚ және қазақстандық серіктестің соңғы үш жылдық қаржылық құжаттары (есептің ресми нысандары);

· ИҚ тұсаукесері (басшылар, жұмыстың менеджмент тәжірибесі, компания тарихы, ағымдағы және жоспарланған жобалар туралы ақпарат туралы нақты ақпараттарды құрайтын компания туралы кеңейтілген ақпарат);

· әрекет етуші ИҚ үшін - болжалған басқарушы компанияның құрылтай, қаржылық құжаттары және тұсаукесері.

4. Бағдарламаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтату талаптары. Бағдарлама қатысушыларының жауапкершілігі.

Қор құрудан бас тарту туралы шешім келесі жағдайларда қабылданады:

· Ұсынылған құжаттардың сәйкес еместігі анықталса;

· Тәуелсіз сарапшылардың теріс қорытындысы;

· Өтінім беруші күмәнді ақпарат ұсынса.

Сіз қатысу талаптарымен, тетіктерімен және қажетті құжаттар тізімімен, толтыру үлгілерімен 2012 жылдың 29 тамызындағы «ТДҰА АҚ инвестициялық қорлар құру және оның қызметіне мониторинг жасау ережелерінде» таныса аласыз.

5. Бағдарламаға қатысушылардың алдында ашылатын жаңа мүмкіндіктер:

6. Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ-парақ)

Сұрақ: Уақытша мүмкіншілік дегеніміз не?

Жауап: Уақытша мүмкіншілік – бұл өндіріс, баға, еңбекақы, жұмыспен қамту және пайданы бөлу көлемін таңдау туралы шешімін қабылдайтын экономикалық субъектінің бағытталатын уақытша кезеңі.

7. Бағдарлама бойынша статистика (басталған сәттен қатысушылардың жалпы саны, аяқталған жобалардың саны, игерілген қаражаттардың ақшалай көлемі, жиынтық экономикалық тиімділік, аймақ бойынша қатысушылар статистикасы және компаниялардың шамасы (шағын/орта/ірі бизнес).

«ТДҰА» АҚ қызмет жасаған кезеңінде 7 қазақстандық венчурлық қорларды (18 инноваци ялық жоба қаржыландырылды ) құруға және 7 шетелдік венчурлық қорды капиталға айналдыруға қатысты.

2010 жылы Қор жалпы пайдасы 58,2 млн. тенге мен «Адвант» және «Almaty Venture Capital» атты екі отандық венчурлық қордан шықты.

Қазіргі кезде ТДҰА Қазақстанның 4 отандық венчурлық қорлардың серіктесі болып табылады. Олар мемлекеттік-жеке серіктестік қағидасы негізінде жергілікті инвесторлармен бірлесіп құрылған: «Сентрас» РҚАИҚ венчурлық қоры» АҚ, «Delta Technology Fund» РҚАИҚ венчурлық қоры» АҚ, «Әрекет» жоғары технологиялар қоры» АҚ және «Logycom perspective innovations» АҚ.


Назад

ҚР ҰБ валюта бағамы
  • USD АҚШ доллары 339.68
  • EUR Евро 401.13
  • CNY Қытай юані 51.26
  • RUB Ресей рублі 5.9
  • GBP Ағыл. фунты 457.14
Хабарландыру тақтасы